Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет20/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
МК-Лекция

Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объек- тілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума-каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог- файлдарға арналған контейнер, программ-малық топ –жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине, мүндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, кошіру және т. б.). "Тышқан" тәрізді графикалық сілтеме Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ "тышқан" тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді.
3 Файлдық жүйелер
Файлдық жүйелер. Файл (англ. file - папка) - бұл сыртқы сақтау құрылғыларында сақталған, жіберілетін және өңделетін біртұтас кез-келген деректердің есімделген аймағы. Файлда бағдарламалар,сандық деректер,мәтіндер кодталған кескіндер және т.б. болуы мүмкін.
Файлдық жүйе -бұл белгілі бір жинақтауышта файлдарды сақтауды ұйымдастыруға арналған құрал.
Файлдар сыртқы тасымалдауыштарда-магниттік дискілерде немесе CD-ROM-да физика-лық орналасады. Әр файл дискінің жадында бірнеше блоктарда орналасады.Әдетте блок ұзындығы 512 байт. Файлдармен ОЖ-дағы файлдық жүйенің драйвері деп аталатын арнайы модуль жұмыс істейді. Әр файлдың каталогта, файлдар мазмұнында тіркелген аты болады.
Каталог (кейде оны директорий немесе бума деп те атайды) пайдаланушыға ОЖ-нің командалық тілі арқылы қол жетерлік болады. Оны қарап шығуға, онда тіркелген файлдардың атын өзгертуге, олардың мазмұнын басқа жерге ауыстыруға және жоюға болады. Каталогтың өзінің меншікті аты болуы мүмкін және ол әдеттегі файлдармен бірге басқа каталогта сақталуы мүмкін, осылай иерархиялық файлдық құрылымдар ұйымдастырылады.
Файлдық жүйелер функцияларына ОЖ басқаруымен жасалатын әрекеттер жатады:
 файлдарды құру және оларға ат беру;
 каталогтарды (бумаларды) құру және оларға ат беру;
 компьютер дискілері арасында және бір дискінің каталогтары (бумалары) арасында файлдарды көшіру және аттарын өзгерту;
файлдарды және каталогтарды (бумаларды) жою;
берілген файлға, каталогқа (бумаға) жету үшін файлдық құрылымда қозғалу;
файл атрибуттарын басқару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет