2 Мәтіндік редакторлар
Мәтіндік ақпараттарды даярлау мен өңдеуге арналған прогаммалар мәтіндік редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады.. Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, қүжаттарды кағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайыңдау шапшандайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар. Кең тараған мәтін редакторларына Місгоsoft Word, PageMaker, WordPerfect т.б. жатады.
3 MS WORD мәтіндік редакторы
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол- мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтіндік редакторлардың бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет. Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |