Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет24/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
МК-Лекция

- Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
- WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
- Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет)
оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Word редакторына тән қосымша элементтер
Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар.
Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын
жұмыс режимі индикаторлары бар:
ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shif+F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату-Esc арқылы орындалады;
ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу
- INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі.
Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген
дұрыс.
Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет