Қолданылған әдебиеттер
[1], [2], [10], [18], [27], [28], [34].
Бақылау сұрақтары:
1. Кез-келген басқа компьютерлік желілерден Internet айырмашылығы.
2. TCP/IP түсінігі және тағайындалуы.
3. Қосымшалар деңгейлерінің негізгі хаттамалары.
4. Internet-те адрестеу не үшін қажет?
5. Internet-те адрестеу түрлері.
6. Ақпарат «қауіптілігі» түсінігі нені тұспалдайды?
7. Ақпараттық қауіпсіздік деген не?
8. Ақпараттық қауіпсіздік аспектілерін атаңыз.
9. Топология түрлерін аттаңыз
10. Іздеу жүйелері.
11. Қауіпсіздік қатері.
12. ISO/OSI моделі дегеніміз не?
13. Компьютерлік желілер архитектурасының жеті деңгейін атаңыз.
Глоссарий
Броузер – веб - парағын қарауға арналған бағдарлама. (MS Internet Explorer,
Netscape Navigator, Opera және т.б.).
Желі–бір-бірімен және орталық сервермен байланысқан, ресурстарды (құрылғылар мен мәліметтерді) бірге пайдаланатын компьютерлер тобы.
Желі саясаты – компьютерлік желіде қатысушыларды ажырату әдістерінің жиынтығы және құқықтарының шектелінуі.
Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосатын құрылғы. Мұнда тұтынушы желіге қосылған басқа компьютерлер арасында ақпарат алмастыра алады.
Жергілікті желі–бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын орналасқан ғимараттарда орналасқан компьютерлер желісі.
Интернет – көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
ІР (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желі аралық хаттама.
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым–қатынас жасауға арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |