Character - cимволдар
Paragraph - абзацтар
Tabs - табуляция
Columns - колонкалар
Effects – маркерлердің түрі таңдалады. Сол маркердің көлемі, буквицаның түрі осы жерде таңдалады.
Мәтіндік блоктарды байланыстыру. Бұрынғы мәтіндік блокпен байланысқан жаңа блок құру үшін мәтіндік блоктың төменгі-ортанғы маркеріне шерту керек. Сонан соң мәтіндік блоктың рамкасын салу керек. Егер мәтін бірінші блокқа толық симасы маркер стрелка тәрізді болады. Екі блокты бір-бірімен байланыстыру үшін алдымен бірінші блоктың ортанғы – төменгі маркерлеріне шертіп, сонан соң екінші блокқа шерту керек. Байланыс көк түсті болады.
Негізгі әдебиеттер: [1],[ 2],[ 3],[ 5], [7]
Дәріс №25-26
Тақырыбы: CorelDraw графикалық редакторының қосалқы мүмкіндіктері. Rectangle, Polygon, Shape, Bezier құралдарының қолданысы
Дәріс мазмұны:
CorelDraw графикалық редакторының қосалқы мүмкіндіктері.
Rectangle, Polygon, Shape, Bezier құралдарының қолданысы
Corel DRAW ортасында бүкіл объектілер ортақ жүйелер мен олармен атқаратын жұмыстарға елеулеріне байланысты класстарға бөлінеді. Объектілердің негізгі класстары болып келесі класстар саналады: қисық (curve), өлшенген сызық (dimension line), қосу сызығы (interactive connector line) және суперсызық (artistic media group).
Сызықтарды өңдеуі екі элементтерге негізделеді – түйін мен сегмент.
Түйін деп қисықтың бір шеткі нүктесінің бекітілген орнын анықтайтын жазықтықта жататын нүктені атайды.
Сегмент екі сыбайлас бұрыштарды қосатын қисықтын кесіндісін атайды. Тү”ндер мен сегменттер бір бірімен тығыз байланыста болады: тұйық сызықта түйідер мен сегменттердің саны бірдей, ал тұйық емес сызықта бір артық түйін пайда болады.
Түйін алдындағы сегменттің толық сипаттамасын анықтайды, сондықтан тұйық емес сызық үшін екі шетінің қайсысы бастапты нүкте болатынын нақты анықтау қажет, ал тұйық сызықтар үшін – сызықтың бағытын (сағат тілі бойынша немесе оған қарсы). Алдынғы сегменттің сипаттамсы бойынша үш түрлі түйіндерді ажыратуға болады: тұйық емес сызықтың бастапты түйін, сонымен қатар тіксызықты (line) және қисықтүрлі сызық (curve).
Бір қисықтүрлі сегментпен сыбайлас болатын түйіндер үшін тағы бір классификация қолданылады: сыну нүктелері (cusp) және тегістеу нүктелері (smooth). Тегістеу түйіннің жеке жағдайы болып симметриялық түйін (symmetrical) болып саналады, бірақ ондай түйін тек қана екі қисықтүрлі сегменттердің арасында орналасатын бола алады.
Белгіленген түйінге қисықтүрлі сегменттің жалғасу жағынан бағыттаушы нүктесі көрсетіледі. Экранда бұл нүкте түйінмен штрихталған сызық қосылған сызылған квадрат түрінде көрсетіледі. Бұл штрихталған сызық түйінге кіру нүктесінен салынған қисықтүрлі сегментінің жанамасымен беттеседі. Бағыттаушы нүкте түйінен алыс жатқанына байланысты қисықтүрлі сегмент жанамадан жайдан ауып отырады.
Түйіннен шығатын екі қисықтүрлі сегменттерге салынған жанамалар бір түзуде жатпай, жайылма бұрыштан өзгеше бұрыш құрған кезде ондай түйінді сыну нүктесі деп атайды.
Түйіннен шығатын екі қисықтүрлі сегменттерге салынған жанамалар бір түзуде жатқан жағдайда түйінді тегістеу нүктесі деп атайды.
Тегістеу түйінді бағыттаушы нүктелер түйіннен бірдей ара қашықтықта орналасқан жағдайжа түйінді симметриялық нүкте деп атайды.
Бір сегментпен ғана сыбайлас болатын түйінді шеткі түйін деп, ал алдында сегмент болмайтын түйінді бастапты түйін деп атауға болады.
Бастапты түйіні бар сызық тұйық емес (open curve) болып саналады. Егер сызықта шеткі түйіндер болмаса, онда ондай сызық тұйық сызық болып табылады (closed curve).
Тұйық немесе тұйық емес түрлі сызықтардан (subpath)тұратын объектілерді біріктіретін сызықтар деп атайды. Combine (біріктіру) командасымен біріктірілген объектілерде немесе басқа объектілерді қисық түріне түрлендіру операциясында біріктіру объектілер пайда болады. Бірнеше түйіндер үлкейтілген квадраттармен белгіленгені біріктірілген объектінің ерекшілігі болып саналады. Сонымен қатар, форма сайманымен сызықты белгілеген кезде мәлімет жолында объектідегі сызықтар туралы мәлімет шығады. Біріккен объектілерді ажыратуға болады.
CorelDRAW ортасындағы кез келген объектіні қисық түріне түрлендіруге болады. Керісінше, күрделі объектілердің көбісі бір немесе бірнеше сызықтардан құрастырылады. Сондықтан сызықтарға көп назар аудару жөн.
Әртүрлі сызықтарды салу мүмкіндіктері CorelDRAW ортасында ашылатиын Curve (Қисық) сайман панелінде жиналған
Freehand (еркін қисық) тышқанның жылжу жолын қисыққа түрлендіреді. Еркін қисық сайманындағы параметрлеріне сәйкес келетін түйіндар мен сегменттер автоматты түрде құрылады. Бірақ нәтижесінде әдемі суреттер шықпайды, себебі тышқанмен сурет салу оңайға түспейді. Бұл сайманмен салынған суретті қайтседе өңдеу қажет.
Тұйық қисық салып көреміз. Бастапты нүктеге тышқан жақындаған кезеде сайманның көрсеткіші түрін өзгердеті. Осы кезде тышқанды жіберсе, нәтижесінде тұйық қисық шығады, ал одан ертерек жібергенде – тұйық емес қисық. Егер салу процесінде бағытты өзгертіп алсаңыз, онда тышқанды жібермей Shift пернесін басу керек, енді артық ауданды өшіруге мүмкіндік бар. Ол үшін артық салынған ауданға қарсы жүру керек. Түйіндердің ара қашықтары тышқанның жылжу жылдамдығына байланысты болады. Артық түйіндер тегстікті төмендетеді, сонымен қатар бейнені күрделетеді.
Еркін сызықтар сайманды пайдаланған кезде тышқанды екі рет басып қалсақ, түзу сызық пайда болады, ал Ctrl пернесін басып тұрсақ –ортогональді кесінділер салынады. Бұл пернені басып тұрған кезде келесі сегмент горизонтальға 15° еселі бұрышқа қисайып салынады.
Егер келесі салулар қос шертумен салынса, онда түйіндерде сынықтар пайда болады. Бастапты нүктеден соңғы рет бір ғана шерту болса сынық сызық тұйық болады, ал шерту бастапты нүктеден тыс орындалғанда тұйық емес сынық салынады.
Сынықтарды салу үшін Сынық сайманын пайдалану жөн. Салу ережелер еркін сызық сайманындағыдай болады.
Мәлімет жолына назар аударған кезде, объекті қисық классына жататынын және неше түйіндерден тұратыны көрсетіледі. Форма сайманымен объектіні белгілеп кез келген түйінге шертсек, мәлімет жолында сол түйіннің түрі көрсетіледі. Келесі түйінді белгілеу үшін Tab пернесін басу керек.
Тәжірибелі пайдаланушылар сызықтарды салу барысында көбінесе - Bezier (Безье қисығы) сайманың пайдаланады.
Безье сызықтары сайманымен жұмыс атқарған кезде, пайдаланушы салынатын сызықты тышқанның көмегімен салуға тырыспайды. Оның орнына қисық түйіндердің орындарын анықтап, құру процесінде әрбір түйіндегі бағыттаушы нүктелерге әсер ете алады. Бұл сайманды пайдаланушы үшін тәжірибие қажет. Осы әдіспен құрылған қисықтарды өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет болады, бірақ көп уақыт алмайды.
Қисықтың әрбір түйінінде циклдық тізімінен тұратын жұмыстар қисықты Безье қисығымен құру жұмысын құрастырады. Циклдың жұмысы сайман көрсеткішін болашақ түйіннің орнына орнатудан басталады. Енді тышқанның кнопкасын басып отырып пайдаланушы бағыттаушы нүктелердің орындарын анықтайды. Ол үшін тышқанмен біреуін алғашқыда түйінан кері, ал сонан соң түйін бойынша бұрады. Үндемес түрде симметриялық түйіндер пайда болады, бірақ егер пайдаланушы тышқанды жіберген кезде түйінге арналған модификатор пернесін басып тұрса, онда тегістелген немесе сынық түйін пайда болады. Тышқанның кнопкасын жіберген кезде түйіннің түрі мен бағыттаушы нүктелердің орындары анықталады да келесі түйінді анықтау циклы басталады. Циклдан шығу үшін бос орын пернесін басу қажет.
Сынық түйінді құру үшін C пернесін басу керек.
Келесі сегмент үшін жанама горизонталь бойынша орналасатын болса, Ctrl модификатор пернесін басу керек. Бұл түйін жалғыз болған соң, онымен жұмыстың соңында ол сынық түйінге айналады. Осы түйінде сызық тұйық болғанда түрі өзгереді. Келесі түйін тұра осылай салынады, бірақ тышқанды жіберген кезде түрі – симметриялық болады.
Реn (қадам) сайманы Безье қисықтары сайманына сәйкес келеді. Оның ерекшелігі: тышқанның көрсеткішін қисықтың келесі түйініне орнатқан кезде экранға келесі салынбаған сектордың түрі шығады.
Artistic Media (Суперқисық - Живопись) сайманымен күрделі объектілері салынады. Әрбір объект екі бөлімдерден тұрады – жалпы күрделі объектінің негізгі параметрлерін анықтайтын және басқару объектінін ролін атқаратын сызық, осы объектінің детальдарын анықтайтын және бағынышты объектінің ролін атқаратын объект. Бағынушы объект ролінде тұйық сызық немесе CorelDRAW кез келген еркін объек бола алады. Бағынушы объекті мен басқару сызық суперсызықты салу процесіне дейін немесе барысында салынуы мүмкін. Осы мүмкіндіктерді іске асыру үшін Суперсызық сайманы бірнеше тәртіптерінде жұмыс істеу мүмкін. Әртүрлі тәртіптерінде құрылған объектілерді бірдей әдістермен өңдеуге болады. Суперсызық тәртібін атрибут панелінде таңдап алуға болады.
Келесі кнопкалар Preset (дайындықтар), Brush (Кисть), Sprayer (шандатқыш), Calligraphic (Каллиграфия) и Pressure (басумен) сайманның тәртіптерін ауыстырады.
Freehand Smoothing (тегістеу) жолы түйіндердің жиілігін және біріккен объектіні қолдан салған процесіндегі басқару сызықтың тегістігін бақылайды.
Artistic Media Tool Width (сызықтың ені) суперсызықты салған кездегі бағынушы объектінің максималды енін анықтайды.
Ашылатын тізім Preset (дайындықтар) дайындық тәртібінде бағынушы объект үшін схеманы таңдауға мүмкіндік береді.
Каллиграфия тәртібі- Суперсызықтың қарапайым және түсінікті сайманы. Бұл сайман ерін сызық сайманына сәйкес қолданылады. Сайман көрсеткішін кез келген траектория бойынша ауыстырған кезде, траектория тегістеу басқару параметрінің мәніне байланысты басқару сызықтың ролін атқаратын траекториясы ретінде бекітіледі. Ауыстыру жұмысының соңында тағы бір объект құрылады – тұйық қисық. Оның формасы басқару сызықтың формасы мен каллиграфикалық қаламның сипаттамаларымен - ені, қисаюы анықталады
. 0, 15 және 45 градусов қисаю бұраштарымен берілген үш қисықтар.
Каллиграфия тәртібімен құрылған күрделі объектіні өңдеу мысалы көрсетілген. Форма сайманымен объектінің осі бойынша белгіленгені сол жағынан, оң жағынан Pick (таңдау) сайманымен белгіленгені көрсетілген. Басқару қисықты алды ала салуға болмайтынын ескерту жөн.
Дайындықтар сайманы суперсызықтың басқару қисығын екі әдістермен салуға мүмкіндік береді: күрделі суперсызық объектісін салу барысында немесе келешекте басқару объектісіне түрлендіруімен алдын ала қарапайым сызық түрінде салу.
Бірінші жағдайда пайдаланушы каллиграфия тәртібіндегідей жұмыс істейді, тек каллиграфикалық қаламның қисаюының орнына бағынушы объектінің дайын схемасы таңдап алынады – атрибуттар панелінде дайын схемалар тізімі шығады.
Бұл жағдайда сайманды басқару сызықты құрудағы траектория бойынша жылжытқан кезде сайман көрсеткіші қара түсті шеңбер түрін қабылдайды, диаметрі суперсызықтың еніне тең болады. Тышқанды жібергенде бағынушы объект құрылып экранда көрінеді
Достарыңызбен бөлісу: |