Пәнді оқу нәтижесінде студент:
Білуі керек:
компьютерлік графиканы кеңінен пайдаланатын программалармен жұмыс істей білуі;
растрлық графика және векторлық графика құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына ие болуы;
CorelDraw графикалық редакторы және Adobe Photoshop графикалық редакторын игеруі;
Графикалық бағдарламалармен жұмыс істей білуі;
Графикалық редакторлардың форматтары, олардың ерекшеліктері мен кемшіліктері түсінуі;
практикалық және қолданбалы бағдарламаларды еркін қолдану дағдыларының болуы;
болашақ мамандардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру;
студенттерді оқулық және ғылыми әдебиетпен өздік жұмыс жасауға үйрету.
5 Баға туралы ақпараттар
Практикалық, семинар және зертханалық сабақтардың бағасы 100 балдық шкаламен бағаланады (0 балл – тапсырманы орындамағаны және себепсіз жағдаймен сабаққа қатыспағаны үшін; 100 балл – тапсырманы уақытында дұрыс орындағаны үшін).
Аралық бақылау өткізер алдында ағамдық бағалары қорытындыланады; барлық ағымдық, соның ішінде дәріске қатысқаны үшін балдары есептеліп орташа арифметикалық қосындысы анықталады. Рейтинг қорытындысы ағымдық балдарын 0,7-ге, аралық бақылау балын 0,3-ке көбейту арқылы есептеледі.
Нәтижелері сабақ жорналына және аралық бақылау ведомостіне қойылады. Осыған сәйкес екінші рейтинг балы есептеледі. Екі рейтингтің орташа арифметикалық балы емтиханға өту балын құрайды. Емтиханға өту балы 50 балдан жоғары болу керек.
Қорытынды рейтинг бағасы аралық рейтинг балын 0,6-ға, емтихан бағасын 0,4-ке көбейту арқылы есептеледі.
8-ші және 15-ші аптада ағымдық үлгірім қорытындысы жүргізіледі. Егер семестр ішінде студент себепті түрде сабақ қалдыру салдарынан төмен балл жинаған болса, онда жіберілген сабақтарын ағамдық рейтинг балын көтеру үшін тапсыруына құқығы бар.
6 Курстың саясаты, академиялық тәрібі және этикасы
1. Студент дәрістік және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатынасу керек.
2. Сабаққа кешігуіне болмайды. Сабаққа қатынастарын оқытушы журналға түсіріп отырады.
3. Студент компьютерлік кабинетте барлық қауіпсіздік ережелерін толық сақтауы және оқытушының түсіндірген тапсырмаларын ұқыпты тыңдап, берген тапсырманы толық орындауы қажет.
4. Студентке рұқсатсыз бағдарламалық жабдықтарды орнатуға және өшіруге тыйым салынады.
5. Компьютер жұмысы қысқа уақытты тоқтаған кезде немесе басқалай программа жұмысында қателіктер болған кезде оқытушыға хабарлауы қажет.
6. Сабақ кезінде ұялы телефонды тоқтату қажет, бос әңгіме, газет-журнал болмауы керек.
7. Жоғары оқу орнының жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін сақтау керек.
Талап етілетін қажетті құралдар :
Дәріс жинақтары.
Өзіндік және тәжірибелік жұмысқа арналған дәптері.
Өзіндік және тәжірибелік жұмыстр орындалған магниттік жинақтауыштар (дискета, CD-RW).
Достарыңызбен бөлісу: |