Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
AutoCAD--курс лекц

 
Команда: _scale (
Масштаб
) – таңдап алынған объектілерді базалық 
нүктеге қатысты масштабтайды. 
Команда сұрауы: 


 
Объектілерді таңдағаннан кейінгі бірінші сұрағыи – базалық нүктені 
көрсету. Базалық нүктені бағдарлама оған байланысты таңдап алынған 
объектілер өлшемдерін өзгертетін «қозғалмайтын тірек» ретінде қолданады. 
Ары қарай масштабтық коэффициентті енгізу сұралады. Сызбада объектің 
масштабтық коэффициенті үнсіздік бойынша 1-ге тең. Егер коэффициенттің 
мәнін 1-ден жоғары етіп енгізсек, онда объект өлшемдері үлкейеді. 
Таңдалынған объектілер өлшемдерін кішірейту үшін 1-ден кем сан енгізу қажет 
(сурет 8.6). 
Бастапқы жағдай масштабталғаннан кейін 
Сурет 8.6 – Scale командасының көмегімен объект өлшемін өзгерту 
Объектің масштабталған көшірмесін алу үшін
Copy
(Копия) параметрі 
қолданылады. Оны көрсеткеннен соң, тағы да масштабтық коэффициент енгізу 
сұралады.
Сұрау: 
 
Нәтижесінде экранда екі объект: бастапқы және масштабталған объект 
қалады (сурет 8.7).


масштабталған 
бастапқы 
Сурет 8.7 – Copy параметрінің көмегімен алынған кескін
Reference
(Опорный отрезок-Тірек кесінді) параметрінің көмегімен 
өлшемдерді өзгерту үшін, әдетте, қандай да бір сілтемелік (тіректік) сызықтық 
өлшем, қандай да бір объект ұзындығы, мысалы 1-2 ұзындығын енгізу қажет 
(сурет 8.8). 
Содан кейін жаңа ұзындық енгізу қажет (мысалы, 1.5), немесе нүктені 
көрсету керек. Жаңа ұзындықты анықтау үшін команда көрсетілген нүктеден 
базалық нүктеге дейінгі арақашықтықты өлшейді. 
Базалық нүкте Нәтиже 
Сурет 8.8 –Reference параметрінің көмегімен алынған кескін


8.1.6 Кесінді және шеңбер параметрлерін өзгерту 
_change (
Изменить-Өзгерту
) командасы – кесіндінің соңғы нүктесін 
жылжытуға немесе шеңбер радиусын өзгертуге мүмкіндік береді.Сол секілді 
Change
командасы мәтінді өзгерту үшін және блоктар орнын өзгерту үшін 
қолданылады. Объекті өзгерту үшін, командалық жолға change енгізіңіз де, 
объекті ерекшелеңіз. 
Сонымен қатар редакциялау үшін қол және қасиеттер палитрасын 
Properties
(Свойства-Қасиеттер) қолдануға болады. 
Кесінділерді өзгерту 
 
Егер бір кесіндіні ерекшелесек, онда 
Change
командасын қолдану 
кесіндіде көрсетілген нүктеге жақын соңғы нүктені өзгертуге мүмкіндік береді. 
Алдымен өзгерту нүктесін көрсету ұсынылады. Оны көрсеткен соң кесіндінің 
соңғы нүктесі көрсетілген нүктеге ауысады (сурет 8.9). 
Сурет 8.9 – Бір кесінді үшін Change командасын қолдану
Орто режимде бағдарлама соңғы нүктені көрсетілген мақсатты нүктеге 
неғұрлым жақынырақ көшіре отырып, орто бағытта (немесе координаталық 
осьтердің біріне параллель) кесінді салады (сурет 8.9). 
Бірден артық кесінді ерекшеленген жағдайда 
Change
командасы 
операцияларды басқаша орындайды: барлық кесінділердің жақын соңғы 
нүктелері өзгерту нүктесіне ауысады, сондықтан барлық кесінділер бір нүктеде 
қиылысады (сурет 8.10). 
Суретте бастапқы кесінділер тұтас сызықтармен, ал өзгертілген кесінділер 
штрих сызықтармен көрсетілген. 


Өзгерту нүктесі 
Сурет 8.10 – Бірнеше кесінді үшін Change командасын қолдану
Шеңберді өзгерту 
 
Change 
командасының көмегімен шеңбер радиусын өзгерту шеңберге 
Scale
командасын қолданудағы нәтижеге әкеліп соқтырады. 
Егер шеңбер ерекшеленсе, команда өзгерту нүктесін сұрайды. Оны 
көрсеткен соң, шеңбер радиусы шеңбер жаңа нүктеден өтетіндей болып 
өзгереді. Егер шақыруға жауап ретінде 
Enter
, пернесін шертсек, команда 
радиустың жаңа мәнін талап етеді. 
Егер бірнеше шеңбер ерекшелесек, онда команда көмегімен бір 
ерекшеленген шеңберден келесісіне өтуге болады, осылайша әрқайсысына 
жеке-жеке ретімен жаңа радиус анықтауға болады.. 
Егер бірнеше шеңбер ерекшелесек, онда өзгерту нүктесін көрсету 
шарасына мынадай хабарлама шығады 
Онымен бір уақытта шеңберлердің біреуі ағымдағы шеңберге айналады, енді 
өзгерту нүктесін (радиус) көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет