Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


 5 Абсолютті және салыстырмалы координаталар



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
AutoCAD--курс лекц

3. 5 Абсолютті және салыстырмалы координаталар 
 
Екіөлшемді кеңістікте нүктелер 
X Y
жазықтығында беріледі. 
Олар декарттық та, полярлық та нысанда енгізіле береді. Екі жағдайда да 
координаталар абсолютті де, салыстырмалы да түрде беруге болады. 


Абсолюттік 
координаталар 
координаталар 
басынан,салыстырмалы 
координаталар соңғы нүктеден салынады. 
3.5.1 Декарттық координаталарды беру 
 
Абсолюттік декарттық координаталарды беру
X
и
Y
–тің дәл мәндерін 
енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Нүкте координаталарын енгізу үшін, команда 
таңдалғаннан кейін, пернетақтадан X
осі бойынша координатаны теріп, үтір 
арқылы 
Y
осі бойынша координатаны тереміз. Мысалы, А нүктесінің абсолютті 
координатасын сурет 3.5 - те көрсетілгендей етіп беру үшін, пернетақтадан 
150,90 мәнін теріп, осы мәндерді бағдарламаға енгізу үшін 
Enter
пернесін 
басамыз.
Сурет 3.5 – Абсолютті декарттық координаталар 
 
Салыстырмалы декарттық координаталар – соңғы енгізілген нүкте 
координаталарына қатысты 
X
және 

осьтері бойынша координаталар өсімі. 
Салыстырмалы координаталар мәні абсолюттік координаларды енгізу 
тәртібімен орындалады, бірақ жазудың алдында 
@
 белгісі қойылады. Мысалы,
@90,90
дегеніміз, жаңа В нүктесі соңғы А нүктесіне байланысты, Х осі 
бойынша 90,
Y
– осі бойынша 90 бірлікке жылжығанын көрсетеді (сурет 3.5). 
3.5.2 Полярлық координаталарды беру 
 
Декарттық координаталар секілді полярлық координаталар да абсолюттік 
және салыстырмалық болуы мүмкін. 
Нүктенің абсолюттік полярлық координаталары ағымдағы декрттық 
координаталар жүйесінің басынан қарастырылатын нүктеге дейін өлшенетін 
радиус және Х осімен осы радиус арасындағы бұрышы арқылы анықталады.
Радиус және бұрыш мәндері арасына ашылатын бұрыштық жақша түріндегі (<
белгі қойылады. Мысалы, 5<30 жазуы жаңа нүкте ұқзындағы 5-ке тең Х осіне 
30

көлбеулеген (сурет 3.6) радиуста орналасқандғын білдіреді.


Сурет 3.6 – Абсолюттік Сурет 3.7 – Салыстырмалы 
полярлық координаталар полярлық координаталар 
Салыстырмалы полярлық координаталар, сонымен қатар, радиус және Х 
осіне көлбеу бұрышының өсімі ретінде де берілуі мүмкін

Олар декарттық 
координаталар секілді @белгісімен жазылады. Мысалы,
@6
<
-60 
жазуы жаңа 
нүкте соңғы нүктеден Хосіне
60°- 
бұрышпен көлбеген,
6-ға тең радиуста 
орналасқандығын білдіреді 
(
сурет 3.7)

Полярлық ілесу – полярлық координаталар жағдайында тінтуір 
көрсеткішінің қозғалысы шектелмейді, сондықтан ортогональ сызықтар 
салудың 
Orto 
(Орто) режимі өшіп тұруы керек, ал оның орнына команда 
жолында полярлық ілесу 
Polar 
(Поляр) режимі қосылып тұруы керек.
Бұрыштарды реттеу 
Tools 
(Инструменты-Инструменттер)

Drafting 
Settings 
(Режимы рисования-Сурет салу режимдері) менюінен шақырылатын, 
Drafting Settings 
(Режимы рисования-Сурет салу режимдері) сұхбаттық 
терезесінің 
Polar 
Tracking 
(Отслеживание-ілесу) бетінде (сурет 3.8) 
орындалады.
Сурет 3.8 – Полярлық ілесу бұрыштарын реттеу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет