Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Жаңа өлшем стилін анықтау



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата07.02.2024
өлшемі1.76 Mb.
#491126
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
AutoCAD--курс лекц

5.2 Жаңа өлшем стилін анықтау 
 
Continue
(Продолжить-Жалғастыру) пернесіне шерткен соң, 
New 
Dimension Style 
(Новый размерный стиль-Жаңа өлшем стилі) терезесі ашылады
(сурет 5.4). 
Сурет 5.4 – New Dimension Style сұхбаттық терезесі 


Бұл сұхбаттық терезеде бірнеше беттері бар: 
 
Lines 
(Линии-Сызықтар) – өлшем және шығару сызықтары 
параметрлерін күйге келтіру. Бұл бетте өлшем және шығару сызықтарының 
түсін, типін және салмағын орнатуға болады. Базалық өлшемдерге 10 бірлікке 
тең қадам орнатуға болады.
 
Symbols 
and 
Arrows
(Символы и стрелки-Символдар және 
бағыттамалар) – бағыттамалар және өлшем символдары параметрлерін күйге 
келтіру (сурет 5.5). Дәстүрлі бағыттамалардан басқа өлшем сызықтарының 
соңында сызықтар, бос бағыттамалар, боялған және боялмаған нүктелер және 
басқа да жалғаулар қолдануға болады. Өлшем сызығының аяқталу типтері екі 
жағында да біртипті немесе түрлі типті болуы мүмкін. Бағыттама өлшемі
Arrow size (Размер стрелки-Бағыттама өлшемі) жолында беріледі. А3 және А4 
форматтары үшін бағыттама өлшемі 3.5-деп қабылдау керек.
Center marks
(Маркеры центра-Центр маркерлері) нұсқасын таңдағанда 
маркер-крестің немесе осьтік сызықтың қажетті өлшемі орнатылады.
Сурет 5.5 – Бағыттамалар мен өлшемдік символдардың параметрлерін орнату 
Arc length symbol
(Символ длины дуги-Доға ұзындығы символы) тобы доға 
ұзындығын белгілейтін символдың орналасуын анықтайды. Үнсіздік бойынша 
символ располагается өлшем мәнінің алдында орналасады.


Radius dimension jog
(Разрыв радиального размера-Радиустық өлшем 
үзілуі) тобында центрі сызбадан тыс орналасқан үлкен доға немесе шеңбер 
радиусын беретін сынық сызық бұрышы беріледі.
Text (Текст-Мәтін) – өлшем мәтінін орналастыру және оның форматын 
күйге келтіру (сурет 5.6). Бұл бетте мәтіннің мәтіндік стилін және түсін 
орнатуға болады. Өлшем мәтінін оның артында басқа да объектілер орналасқан 
болса, онда оны айқын көрінуі үшін басқа түске бояуға болады. Ол үшін 
Fill 
color
(Цвет фона-Фон түсі) ашылатын тізімінен қажетті түсті таңдау керек.
В поле
Text height
(Высота текста-Мәтін биіктігі) жолында өлшем 
мәтінінің символдарының биіктігі орнатылады. А3 және А4 форматтары үшін 
өлшем мәтінін 3.5-ге тең деп алу керек. 
Кейбір өлшем стильдеріне өлшем мәтіні айналасына жиек жасалуы керек. 
Ол үшін 
Draw frame around text
(Текст в рамке-Жиектегі мәтін) қосқышын 
орнату талап етіледі. 
Сурет 5.6 – Өлшем мәтіні форматын және орналастырылуын реттеу 
Ары қарай, ашылатын тізімнен өлшем мәтінінің вертикаль бойынша 
өлшем сызығына қатысты орналасу нұсқасы - сызық үстінде, центрде және т.б. 
орнатылады.


Horizontal
(По горизонтали-Горизонталь бойынша) тізімінің мәндері 
мәтіннің горизонталь бойынша өлшем және шығару сызықтарына қатысты 
орналасу нұсқаларын анықтайды. 
Өлшем мәтіні және өлшем сызығы арасында қашықтық 
Offset from dim line
(Отступ от размерной линии-Өлшем сызығынан ары) жолында орнатылады.
Өлшем сызығына байланысты мәтіннің орналасуы қосылған мәтін 
бағытын өзгерткішке байланысты. Техникалық сызбалар үшін 
ISO Standard
(Стандарт ISO) қосқышы орнатылған.
Fit (Размещение-Орналасу) – бағыттамалар және өлшем мәтінінің 
сызбаның тығыз толтырылған жерлерінде орналасуын күйге келтіреді (сурет 
5.7). Бұл бетте бағдарламаға шығару сызықтарының арасына сыймаған 
жағдайда мәтінді, бағыттаманы немесе екеуін де бірге шығару сызығынан 
тысқары орналастыру жайлы бұйрық беретін бірнеше қосқыш орналасқан. 
Мысалы, 
Arrows
(Стрелки-Бағыттамалар) қосқышы бағыттамаларды шығару 
сызығының арасына сыймаған жағдайда одан тысқары орналастыруды жүзеге 
асырады. 
Сурет 5.7 – Бағыттамалар және өлшем мәтінінің сызбаның тығыз толтырылған 
жерлерінде орналасуын күйге келтіру 
Text placement
(Размещение текста-Мәтінді орналастыру) облысында 
өлшем мәтінін стандартты орында – шығару сызықтарының арасында 


орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, бағдарламаны ретке келтіруге 
мүмкіндік беретін қосқыштар орналақан.
Scale for dimension features
(Коэффициент масштабирования элементов 
размера-Өлшем элементтерін масштабтау коэффициенті) облысында мәтін 
биіктігін, бағыттама, аралықтар және т.б. анықтайтын масштабтау 
коэффициенті беріледі. Масштабтау коэффициентін орнатқанда бағдарлама 
автоматты түрде әрбір элемент өлшемдерін берілген коэффициентке көбейтеді.
Place text manually
(Размещение текста вручную-Мәтінді қолмен орнату) 
жалаушасы орнатылып тұрса, онда бағдарлама мәтінді горизонталь бойынша 
орналастырудың барлық параметрлерін ескерместен, пайдаланушы ұсынған 
нүктені қолданады. 
Егер өлшем сызығын үнемі, өлшем мәтінінің қалай орналасқанына 
қарамастан, шығару сызығының арасында орналастыру қажет болса, онда 
Draw dim line between ext lines
(Размерная линия между выносными-Өлшем 
сызығы шығару сызығы арасында) жолына жалаушаны орнату керек. 
 Primary Units (Основные единицы-Негізгі бірліктер) – сызықтық және 
бұрыштық негізгі бірліктер форматын күйге келтіру (сурет 5.8). 

Сурет 5.8 – Сызықтық және бұрыштық өлшемдерді шығару дәлдігі мен 
форматын реттеу 


Linear dimensions
(Линейные размеры) тобында бірліктер форматын 
таңдау, өлшенетін шамалардың дәлдігін беру, ондық бөлгіш ретінде нүкте, үтір 
немесе ашық жол көрсету. Өлшем санында сызықтық өлшемдерді дөңгелектеу 
мәнін үнсіздік бойынша 0-ге тең деп қабылдау қажет немесе қажеттісін 
орнатамыз.
Prefix 
және 
Suffix 
жолдары
өлшем мәтінінің алдында немесе одан кейінгі 
мәтінді беру үшін қолданылады.
Scale factor
(Масштаб) жолы сызықтық өлшемнің, сонымен қатар, 
радиустық және диаметрлік және басқа да өлшемдердің өлшем сандарының 
масштабтық коэффициентін беру қызметін атқарады. 
Apple to layout dimensions only 
(Только для размеров на листе-Тек беттегі 
өлшемдер үшін) жолына жалаушаны орнатып, берілген масштабты тек осы бет 
кеңістігінде ғана қолдануды беруге болады. 
Zero suppression
(Подавление нулей-Нөлдерді ығыстыру) тобында 
жалаушалар қою, бағдарламаға өлшем санындағы бастаушы және соңғы 
нөлдерді не істеу жайлы ақпарат береді. Мысалы, егер бастаушы нөлдер көп 
болып берілсе, онда
0,375
өлшемі сызбада 
.375 
болып көрсетіледі. Соңғы 
нөлдері көп болып берілсе, онда
3,7500
өлшемі сызбада 
3.75 
болып 
көрсетіледі. 
Angular dimensions (Угловые размеры-Бұрыштық өлшемдер) тобында 
өлшем саны форматы және бұрыштық өлшемдер үшін қажетті дәлдік беріледі.
Alternate Units (Альтернативные единицы-Альтернативтік бірліктер) – 
альтернативті бірліктер параметрлерін күйге келтіру (сурет 5.9). Сызбада 
өлшемдерді бір мезгілде әртүрлі өлшем бірліктерімен шығару үшін 
қолданылады, мысалы, миллиметрмен, дюйммен. 
 
Сурет 5.9 – Альтернативті бірліктер параметрлерін реттеу 


Display alternate units
(Разрешить альтернативные единицы-Альтернативті 
бірліктерге рұқсат беру) жолына жалауша орнатыңыз. Егер негізгі бірліктер 
ретінде миллиметр қолданылса, онда 
.03937 
мәнін беру қажет (0,03937
"
=1мм). 
Егер негізгі бірлік ретінде британ жүйесі қолданылса, онда 
25.4
00 мәнін 
беру қажет (25,4мм=1" ). 
Егер негізгі бірлік ретінде қандай да бір басқа бірлік, мысалы, метр немесе 
миль қолданылса, онда мәндері басқа болады. 
Tolerances (Допуски-Ауытқулар) – сызбада ауытқулар
көрсету 
форматын күйге келтіру (сурет 5.10). Ауытқулар техникалық сызбаларда 
бұйымды даярлауда дәл өлшемдерден ауытқудың мүмкін дәрежесін көрсету 
үшін қолданылады. 
Сурет 5.10 – Ауытқуларды көрсету форматын реттеу 
Tolerance format
(Формат допусков-ауытқулар форматы) тобында сызбада 
ауытқуларды бейнелеуді күйге келтіруге арналған басқару элементтері 
орналасқан:
 симметриялы – жоғарғы және төменгі ауытқулар- допуски мәндері тең; 
 ауытқулар - жоғарғы және төменгі ауытқулар мәндері әртүрлі болуы 
мүмкін; 
 шекті өлшемдер – негізгі өлшем екі шекті мән түрінде шығарылады
 номиналдық – өлшем мәтіні жиек ішінде шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет