8 РЕДАКЦИЯЛАУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕРІ
Бірде-бір сызба, көптеген жөндеулерсіз, бірден жасалмайды. Объектілерді
жасау және редакциялау – бұл бір медальдың екі жағы тәрізді.
Сонымен
қатар AutoCAD-та жұмыс істей отырып, сіздер, сызуға емес оны редакциялауға
көбірек уақыт жұмсайсыз. Өзгерістер енгізу көптеген себептерге байланысты.
Редакциялаудың кейбір процедураларысызба салу үрдісінің бір бөлігі болып
табылады, мысалы, объекті қайта салудың орнына оның көшірмесін жасау.
Басқа операциялар көптеген объектілерді өзгертуге әкеледі, мысалы,
сызбаның
толық бір фрагментін қозғалтуға тура келеді. Қандай да бір фрагментті жою,
орнынан жылжыту, бұру және өлшемдерін өзгерту және т.б. өзгерістер жасау
қажеттілігі өте жиі туындайды.
Сызбаларды редакциялау
Объектілерді ерекшелеу
8. 1 Сызбаларды редакциялау
Редакциялау – сызба объектісін өзгерту. Сызбаны редакциялау үшін оны
ерекшелеу керек. AutoCAD бағдарламасы объектілерді ерекшелеудің сан алуан
тәсілін
ұсынады.
Редакциялаудың
барлық
командалары
Modify
(Редактирование-Редакциялау) менюінде (сурет 8.1) келтірілген, ал олардың
пернелері
Modify
инструменттер панелінде (сурет 8.2) келтірілген.
Сурет 8.1 –Modify менюі Сурет 8.2 –Modify инструменттер панелі
AutoCAD-та қай операция бірінші орындалатынына байланысты екі нұсқа
қолданылады:
1) команданы алдын-ала қосу, немесе алдымен
редакциялау командалары
қосылады да, артынан осы команда жұмыс істейтін объектілер ерекшеленеді;
2) объекті алдын-ала ерекшелеу, немесе алдымен объектілер ерекшеленеді,
кейіннен
ерекшеленген
объектілерді
біртипті
өзгертудіорындайтын
редакциялау командасы іске қосылады.
Алғашқы нұсқа немесе команданы алдын-ала қосу арқылы редакциялау –
тәжірибелі пайдаланушылардың кең қолданатын түрі, ол бүкіл AutoCAD
бағдарламасының іргетасы болып табылады.Бұл нұсқа үнсіздік бойынша
қолданылады. Сонымен қатар, бұл
нұсқа редакциялаудың барлық
командаларымен қолданылады, олардың кейбіреуі тек алдын-ала қосуды
қолдану арқылы ғана қолданылады.
Екінші нұсқаны қолдануда бірінші нұсқадағы барлық операциялар дәл сол
ретімен қолданылады,
алдымен объект таңдалады, содан кейін команда
таңдалады.Бұл тәсіл «
тікелей басқару» деп аталады. Тікелей басқару – алдын-
ала объекті таңдау арқылы редакциялау концепцияларының кеңейтілуі.
AutoCAD-та тікелей басқару функциялары өте қуатты инструмент –
қолдар
арқылы редакциялау көмегімен іске асады. Қолдар – кішкентай түсті
шаршылар, олар объекті ерекшелеген кезде пайда болады (сурет 8.3). Қолдар
көмегімен объекті алдын-ала
ерекшелеу арқылы редакциялау, команданы
алдын-ала қосу арқылы редакциялауға қарағанда еш қалыспайды.
Сурет 8.3 – Ерекшеленген кесінді үзік сызықпен белгіленген.
Оның шеттерінде қолдар пайда болды.
8.1.1 Объектілерді өшіру
_erase (
Стереть-Өшіру
) командасы – экраннан ерекшеленген
объектілерді өшіреді және оларды суреттен жояды.
Erase
командасы өте
қарапайым, оның параметрлері жоқ. Объекті жою үшін, оны ерекшелеп,
Modify
инструменттер панелінен
Erase
пернесіне шерту жеткілікті (сурет 7.2).
Керісінше де орындауға болады, алдымен
Erase,
пернесіне шертіп, содан кейін
объекті ерекшелеуге де болады.
Егер сіз ерекшеленген объектілерді өшіріп тастаған соң, олардың кейбіреуі
қажет екені есіңізге түссе, онда оларды
Oops
(Ой) командасы көмегімен қайта
қалпына келтіруге болады.
8.1.2
Объектілерді көшіру
_move (
Переместить-Орнын ауыстыру
) командасы – таңдалған
объектілерді базалық нүктеге қарағанда, белгілі бір шамаға көрсетілген бағытта
жылжытады.
Команда сұрауы:
Шақыруға екі жауап нұсқасы болуы мүмкін:
□
Метод смещении-Жылжыту тәсілі – шақыруға жауап ретінде:
- тікбұрышты
координаталар жүйесіндегі нүкте координаталары түрінде жылжыту (немесе
20<60
полярлық координаталар жүйесі). Мынадай шақыру шығады:
-
Enter
□
60>Достарыңызбен бөлісу: