Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет5/31
Дата03.01.2022
өлшемі0.94 Mb.
#450657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Биологияны оқыту әдістемесі

Бақылау сұрақтары

  1. ХVIII ғасыр аяғында мектеп биологиясын оқыту?

  2. ХХ ғасырдың 20-30ж.ж. биология ғылымынің экалогиясы?

  3. Н.И.Вавиловтың биологияны оқытуға қосқан үлестері?

  4. А.Я.Герд нң 1-ші рет биологияны үйретудегі идеялары?

5 - лекция



ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануы.
Жоспар:

1. Н.П. Дубинин , Романовтың эволюциядағы ең басты факторы

2. XXІ ғасыр биология ғасыры және биология ғылымдарының жетістіктері

Лекция мақсаты: ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануының даму ерекшеліктерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. XX- ғасырдың 30 жылында Н.П.Дубинин , Романов , Райт эволюцияның ең басты факторы - гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты . Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор жеке мутация ғана емес , гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады , мысалы тасқын су , өрт , салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп , соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп , ол ұрпақтан – ұрпаққа берілуі мүмкін .

Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологияның саласы, молекулалық бтология, генетиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді .

Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп , тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық , популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді .

Жаңа генетикалық проблемаларды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар гендердің нәзік құрылысын зерттеп, олардың функцияларының сырларын ашып гендердің жасанды синтезделуі арқылы, бір организмнен екінші организмге отырғызу барысында ғылымның жаңа саласы гендік инженерия дамыды .

Қазіргі кезде ғылымда гендердің аксонралды табиғаты жайлы ережелері ашылып белок құрылысының ақпараты ДНҚ молеуласының тізбектерінде интрондар арқылы бөлініп, белоктың информация бермейтін қосымшалар арқылы бөлініп тұратындығы дәлелденді. Гендердің осындай құрылысы ғалымдардың айтуы бойынша гендердің алмасу қабілеттерін арттырып, мутация тазалықтарын сақтай отырып жаңа гендердің қалыптасуына мүмкіндік береді .

Ғалымдардың анықтауы бойынша генотиптегі құрылымдық гендердің бірнеше кемшіліктері болады немесе генотиптегі гендердің ұқсас топтары әрқайсысы ұқсас кейде бірдей белоктарды қолдайды .

Бұлардың осындай ерекшеліктері керекті жағдайда көптеген белоктарды, ферменттерді синтездеу үшін органмзмдерге үлкен мүмкіндік береді. Гендердің осындай бір дупликациялық қасиеті эволюция үшін өте маңызды болады, себебі ол популяция ішінде тез тралып, особьтардың фенотипін өзгертуге мүмкіндік береді.

Ғылымның течниаклық жетістіктері барлық саладағы мамандардың биологиялық дайындықтарына талап қояды. Әсіресе болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығы мен тәрбиесі шешуші роль атқарады .

Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, лицей , гимназияларда жас өспірімдер мен оқушыларға биология пәндерінен политехникалық білім қалыптастыруға аса көңіл аударуда .

Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімінің маңызын айта келіп , оның жастық ақыл ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталғанын осы негізде оларға кең мүмкіршілік ашатынын жазған еді .

Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемдік масштабта . Сондықтан биологиялық білім әрбір азамат , мемлекет , адамзат үшін ауадай қажет .

2. XXІ ғасыр биология ғасыры демекші биология ғылымдарының жетістіктері. Ауыл шаруашылығында өнеркәсіптер, өндірістер, медицинада, космостық биологияда. Ал жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тәрбиесінің, сан алуан жақтарын қамтуда биологиялық білімнің мәні зор. Мысылы: Политехникалық-санитарлық-гигиеналық дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру байқампаздық пен бақылау икемдеріне логикалық ойлау мен шығармашылыққа этикалық эстетикалық тәрбие, табиғатты сүю, аялау, қорғау, экологиялық-эволюциялық білім мен тәрбиені қалыптастыратып дамыту, отандық- патриоттық сезім мен тәрбие қалыптастыруда алатын орны ерекше.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет