Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министрлігі


Тәуекелді талдау мен жоспарлау әдістемесі



бет17/56
Дата19.05.2022
өлшемі1.23 Mb.
#457411
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Т., Уакпаева М. М. Аржылы жоспарлау ж не болжау

3.2 Тәуекелді талдау мен жоспарлау әдістемесі

Кәсіпорынның таңдалған стратегиясын бағалау қағидаларының ішіндегі ең маңыздысы стратегияда қалыптасқан тәуекелдің қолайлығы болып табылады. Сондықтан стратегияны дайындау кезінде тәуекелді талдай білу өте маңызды.


Берілген стратегияның тәуекелін талдау тек қана тәуекел аумағын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оның сандық және сапалық өлшемдерін, оның басталу кезінен өткеннен кейінгі стратегия табыстылығының ықтималдылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Талдаудың мұндай алгоритмі өзіне келесі кезеңдерді кірістіреді:

  • стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың барлық кезеңдері мен өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық облыстарындағы мүмкін болатын тәуекелдердің анықталуы;

  • берілген тәуекелдің басталу ықтималдылығын анықтау (бірліктер үлесінде нольден бірге дейін диапазонында өлшенеді);

  • ұпай түрінде қолайсыз жағдайдың ауырлығын анықтау;

  • берілген тәуекелдің жоспарға деген қауіптілігін есептеу;

  • қауіптілік деңгейі бойынша тәуекелдерді бөлу;

  • қолайсыз жағдайдың басталуынан болған зиянның көлемін есептеу және тәуекелдің төмендеу мөлшерін анықтау.

Тәуекелді талдау үшін келесі әдістер қолданылады: сезімталдылықты талдау, тұрақтылықты тексеру, жоспардың параметрлерін дұрыстау, сценариді талдау, «Монте-Карло» әдісі, есептеулер ағашы. Тәуекелді талдауда жоғарыда көрсетілген әдістердің қолданылу ерекшелігі келесіде. Біріншіден, кәсіпорын жоспарының (мақсаттары мен шектеулері) негізгі параметрлері есепке алынып, сценари және модель түріндегі жоспарды жүзеге асырудың шарттары қалыптасады. Екіншіден, мүмкін болатын жағдайлардың сценариіне талдау жасау және оның тәуекел көрсеткіштеріне әсер етуі. Бұл жерде сценариді талдаудың үш тәсілін көрсетуге болады.
Бірінші тәсіл оқиғаның жағымсыз дамуына негізделген (песимизм сценариі). Берілген тәсілдің басымдылығы, бұл жерде қолайсыз жағдайлардың басталу ықтималдылығын білу қажет емес. Пессимизм критериясының жоспарлы шешімін қабылдау барлық жағдайдың әрбір шешімнің ең төмен бағасын тауып алып, солардың ішінен жақсыларын таңдап алуға негізделген.
Екінші тәсіл оптимизм критериясына сәйкес келеді. Оптимизм критерися бойынша ең тиімді шешімді барлық мүмкін болатын жағдайлардың әрбір шешімінің жоғары бағаларын тауып алып, солардың ішінен жоғары бағаларын таңдауға негізделген.
Үшінші тәсіл ықтималдылығы жоғары сценаримен мен ұтыстың орташа максимумына негізделген. Берілген жағдайда шешім барлық жағдай бойынша әрбір шешімінде шығатын орташа ұтысты көрсетеді. Таңдау жоспарлаған жағдайдың басталу ықтималдылығына негізделген, ал оны анықтау күрделі тапсырма болып табылады.
Сценарилерді жоспарлау тәуекелділік факторларының толық тізімін қалыптастыруға мүмкіндік береді, мүмкін болатын тәуекелдер мен кәсіпорынның даму жоспарын жүзеге асыру процесін құру, жағымсыз жағдайлардың салдарының ықтималдылығын бағалау, олардың әсер етуінің шараларын жоспарлау және жоспардың жүзеге асу барысында түзетілерді орындау.
Бұл әдістер жиынтығы тәуекелді жоспарлау процесі болып табылады.
Тәуекел мен сценариді жоспарлау кезінде, тәуекел әркез келеңсіз жағдайлармен байланысты екенін ұмытпау керек. Сондықтан минималды тәуекел мен дұрыс шешімді қабылдау, келеңсіз жағдайлардың пайда болу себебін анықтаудың маңызды шарты болып табылады. Себептерді білу келеңсіз жағдайларды оның басталу кезінде тауып алуға мүмкіндік береді және сонымен келеңсіз жағдайлардың орын алу тәуекелін төмендетеді.
Келеңсіз жағдайлардың пайда болу себептерін білмеу, тәуекелдің кенеттен пайда болуына әкеледі. Бұл жағдайда дұрыс шешімді қабылдауға уақыт аз болады, сәйкесінше тәуекел қаупі жоғары болады. Сондықтан тәуекелдің кенеттен немесе күтпеген жағдайда пайда болады деген тұжырым дұрыс емес және кәсіпорында келеңсіз жағдайлардың пайда болуын анықтау механизмінің жоқ екендігін дәлелдейді.
Келеңсіз жағдайлар мен мәселелердің пайда болу себебін үш әдіс арқылы болжамдауға болады.
Бірінші – формальді әдісті қолдану арқылы, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жағдайын дәлме-дәл сипатттауға негізделген. Бұл қызмет түрлеріне ұйымдастырушылық-технологиялық объектілерде болатын процестерді жатқызуға болады (механикалық өңдеудің автоматтандырылған линиясы және т.б.). Формальді әдістің болуы, оның қызмет ету параметрлерінің өзгерген кезінде процестің жоспарланған жағдайы қалай өзгеретінін білуге мүмкіндік береді. Ал бұл процесс өз кезегінде келеңсіз жағдайлардың қаупін минимумге апарады.
Екінші тәсіл объектінің формальді әдісі жоқ кезінде қолданылады, бірақ бұдан бұрынғы жоспарлы кезеңнің статистикалық мәліметтері шаруашылық қызмет пен сыртқы ортадағы процестердің болашақтағы дамуын экстрополяциялауға мүмкіндік береді. Бұл мәселелер мен келеңсіз салдарды анықталған ықтималдылық үлесімен алдын-ала көруге болады сонымен қатар іс-шаралардың орнын толтыру жоспарын көруге болады. Сонымен бұл жағдайда тәуекел көлемі ішікі және сыртқы ортадағы өзгерістердің пайда болу ықтималдылығымен анықталады.
Үшінші тәсіл стратегиялық жоспарды әзірлейтін мамандардың эксперттік бағаларын қолдануға негізделген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде мүмкін болатын тәуекелдердің пайда болуы келесі операциялардың орындалуын қарастырады:

  • келеңсіз жағдайлардың мүмкін болатын облыстарын анықтау. Бұл операцияның мақсаты стратегиялық жоспардың әлсіз жақтарын анықтау;

  • жаңа келеңсіз жағдайларды анықтау;

  • келеңсіз жағдайдың пайда болу себебін анықтау.Себебін білу келеңсіз жағдайдың басталу кезін уақытында анықтауға мүмкіндік береді;

  • қарастырылып отырған келеңсіз жағдайдың басқа жағдайлармен өзара қатынасын анықтау. Тәуекел деңгейін төмендететін, берілген келеңсіз жағдайдың себеп-салдар тәуелділігін анықтауға және комплекстік шешімді қабылдауға мүмкіндік береді;

  • келеңсіз жағдай туралы толық және шынайы ақпараттың деңгейін анықтау. Егер басшылар мен мамандар осы жағдай туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, жоспардың жүзеге асуының объективті сценариін құра алады. Толық және шынайы ақпаратты білген жағдайда, келеңсіз жағдайлардың пайда болуын анықтау қиын емес;

  • келеңсіз жағдайдың шешілу деңгейін анықтау. Келеңсіз жағдайлардың басталу тәуекелділігін төмендететін шешімдер мен шараларды дайындаудан пайда бар ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді;

Жоспардың жүзеге асыру барысында пайда болған келеңсіз жағдайлардың салдарын болдырмаудың екі жолы бар:

  • келеңсіз жағдайдың басталуы кезінде жоспардағы қолдануға болатын сәйкес шешімдерді қарастыру, яғни бұл жағдайларды жоспарлау;

  • келеңсіз құбылыстардың басталу жағдайында жоспарға өзгертулер енгізу, яғни пайда болған келеңсіз құбылыстың шешімін табу.

Бірінші тәсілдің қолайлы екені анық, өйткені екінші тәсілмен салыстырғанда ол қауіп-қатер тәуекелін төмендетеді. Бірақ бірінші және екінші тәсілдерде қауіп-қатерлерді жою, жоспарлы шешімдерді қолданудың сапасымен кепілдендіріледі.

Бақылау сұрақтары:


1. Екiұштылық және тәуекел қалай өзара байланыстырылған?
2. Тәуекелдердi қалай сыныпталады?
3. Жоспарлауда тәуекелді бағалау көрсеткіштерінің мазмұнын ашыңыз.
4. Қауiп-қатердi бағалаудың әдiстерiнiң мәнi ашыңыз.
5. Кәсіпорынды жоспарлауда тәуекел қандай орын алады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет