Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министрлігі



бет24/56
Дата19.05.2022
өлшемі1.23 Mb.
#457411
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Т., Уакпаева М. М. Аржылы жоспарлау ж не болжау

Өндірістік өнім бойынша жабудың баспалдақты сомасы негізінде пайданы жоспарлау кезінде тұрақты шығындар кезеңге тұтастай есептелмейді, ал жеке бөлімшелерде белгілі бір бөлшектермен. Осындай жоспарлау әдісі кезіндегі шығындарды жоспарлау келесі схема түрінде көрсетілген:
Өткізуден түскен табыс (НЕТТО)

= аралық нәтиже
+/- дайын өнім және аяқталмаған өндірістің қорларының өзгеруі = промежуточный результат

  • өтімнің айнымалы шығындары

= маржиналды пайда (кіріс)
- бұйымдар тобы бойынша тұрақты шығындар
= жабу сомасы 1

  • бөлімшелердің тұрақты шығындары

= жабу сомасы 2
- жалпы түгелдей компания бойынша тұрақты шығыгдар
= өткізуден түскен пайда(сату).
Жоспарлаудың бұл әдісі бөлімшелердің шығындарын анықтауға мүмкіндік береді, жеке бөлімшелердің, жеке тауарлар топтары бойынша өткізуден түскен жоспарланған пайда көлеміне әсер ететін факторларды айқындайды.
Бастапқы қызметтен басқа, кәсіпорынның негізгі пайда көлемін алуын қамтамасыз етуіне, оның қаржылық нәтижелеріне және қызметтің басқа да (негізгі емес) түрлеріне ықпал көрсетеді. Олар бірігуде кәсіпорынның жалпы пайдасын сипаттайды (салық салуға дейінгі пайда).
Компанияның инвестициялық пайдасы инвестициялық қызметтен түскен пайда есебінен қалыптасады.
Инвестициялық пайданы жоспарлау кезінде белгілі бір уақыт аралығында алынатын кіріс, яғни инвестициялық қызметтен түскен кіріс пен шығындар арасындағы айрмашылық ретінде анықталатын, ең алдымен инвестицияның сол немесе басқа кешенінен алынатын пайданың минималды формасын алудың қажеттілігінен туындайды. Егер салымдар (әлеуметтік кешенге салынатын салымдар, табиғатты қорғау шараларына салынатын салымдарды қоспағанда) минималды қайтарымдылықты қамтамасыз етпесе, онда оларды жүзеге асыру экономикалық тұрғыда қамтылмайды. Бірақ бұл олардың жүзеге асырылмауын білдірмейді, өйткені инвестор тек қана пайда табуды көздемей, басқа да мақсаттар қоюлары мүмкін.
Инвестициялық пайланы қалыптастыру кезінде инвесттцияланатын капиталға ең төменгі пайда нормаларынан басқа да факторлар әсер етеді. Ең алдымен, сөз келесілер туралы болады:

  • инфляциялық жоғалтулар, инвестициялық қызметтен түсетін пайдалар өз кезегінде қорларды салған уақыттан кешігеді, сондықтан да инвестициялық қызметтен түсетін салымдар инвестициялық мақсатқа қол жеткізу үшін қорларды төлеулер қамтитын сатып алушылық қабілеттілігіне ие болмайды.

  • инвестициялық тәуекелдiктер үшін сый ақылар, олар инвестициялық қызметтің нәтижелерінің екіталалйлығы шартына сәйкес қаржылық жоғалтулар пайда болу мүмкіндігімен байланысты.

Инвестиция салудың жеке объекттерi бойынша инвестициялық пайданы болжамдау бойынша есептеулермен келесi формуламен анықтауға болады:


(18)

мұнда: - i объектісін инвестициялаудан түскен пайда;


- i объектісін инвестициялағаннан кейін, капиталдағы пайданың минималды нормасы;
- капитал көлемі, i объектісін инвестициялауда;
- салым салған үшін инфляциялық сый ақының сомасы;
- i объектісі үшін инвестициялық тәуекел үшін сыйақы сомасы;
φ - пайыздық ставка;
- инвестициялау процесінің жалғасуы, инвестициялық пайда күтілетін кезең саны.
Ұзақ мерзiмдi қаржы құралдарында қаржылық операцияларының жүзеге асыруынан болжалатын қызметтің осы түрлеріне жататын пайда (ұзақ мерзiмдi қаржы құралдары бойынша қабаттасқан құралдардың жарлық капиталдарында, ұзақ мерзімді қаржылық құралдар бойынша пайыз) шығындар.
Ең алдымен, стратегиялық қаржы салымдары көбiнесе дивидендтердiң үлкен өлмшемдерін алуды ғана емес, ал компанияға әсер ететін әр түрлі формаларды бекітуді көздейді.
Компанияның қаржылық қызметі, ең алдымен, сыртқы көздерден қажетті көлемде қаржылық қорларды тартуды көздейді, олар ол бойынша қызмет көрсетулер және қайтару бойынша міндеттерін орындайды, сонымен қатар қысқа мерзімді қаржылық құралдарға салынатын уақытша бос ақша қаражаттарын қысқа мерзімдегі қаржылық операциялардың мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін қолданады.
Сәйкесінше қаржылық қызметтен түскен пайда уақытша бос ақшалай қаражаттардың қысқа мерзімді қаржылық құралдар бойынша операцияларға салынуын қамтамасыз етеді. Осы операциялар үшін пайда осчы операцияларды орындауға жататын, оларды жүзеге асырудан түскен пайда (пайыз түрінде, бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша айырымдардан) мен шығын арасындағы айырмашылығынан шығады.
Қаржылық қызмет операциондық және инвестициялық қызметтерге қатысты тәеуелді болып келеді, және де осы қызмет түрлдерін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Пайданың барлық көрcетiлген түрлерi (басқа ұйымдардың капиталға араласуы, артық активтерді сатудан, қысқа мерзiмдi қаржы салулары, айыппұл санкциясының сатуы тағы сол сияқтылар) серiктестiктiң кәдiмгi шаруашылық жұмысының орындаулары салдарынан пайда болады. Салық салуға дейінгі пайдадан алынып тасталған салықтар мен басқа да міндетті төлемдер алынғаннан кейінгі қалған пайда таза пайда деп аталады.
Пайдан ұзақ мерзімді жоспарлау (кірістер, шығындар) компания басқармасына оның дамуының стратегиялық жоспарын бағалауға мүмкіндік береді. Егер (табыстар, шығын) пайданың болжалатын көрсеткiштерi стратегиялық жоспарларда сыймаса, онда соңғы түзетуге, түрлендiрулер жатқызылады.
Пайданы орта мерзімде жоспарлау өндірістік қызметтің жоспарлары мен сатудың оперативтік жоспарларын бағалау үшін қажет. Егерде пайда көрсеткіштерінің бағасы қанағаттандырылмайтын болса онда өндіру жоспары және өткізу бойынша жоспар түзетуге жатқызылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет