Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министрлігі


А1 – ең өтімді активтер алдында көрсетілген есепке ұқсас анықталады. А2



бет29/56
Дата19.05.2022
өлшемі1.23 Mb.
#457411
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Т., Уакпаева М. М. Аржылы жоспарлау ж не болжау

А1ең өтімді активтер алдында көрсетілген есепке ұқсас анықталады.
А2 – тез өткізілетін активтер 80% дебиторлық борышты және басқа да айналым активтерін (RA) өзіне қосады, жарғылық капиталға салымдары бойынша қатысушылардың қарызын(Зу) қоспағанда; 70% - қайта сатуға дайын өнім мен тауарларды (Zг); 50% - қорлардың көлемінен (Z) және и ҚҚС, қайта сатуға дайын өнім мен тауарларды (Zг) қоспағанда, сонымен бірге жүктелген (ZТ) және келешек кезеңдегі шығындарды (Zр).
А3 - баяу өткізілетін активтер өзіне қосады:
20% - бұрынғы есеп бойынша дебиторлық борышты (RA);
30% - қайта сату үшін дайын өнім мен тауарларды (Zг);
50% - бұрынғы есеп бойынша қорлардың көлемін;
100% - материалды құндылыққа ұзақ мерзімді салымдар (FМ) және ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды (FД).
Қиын өткізілетін активтер А4 алдында көрсетілген есепке ұқсас анықталады.
Пассив балансы өзіне қосады:


П1 = 0,8 RР, (29)

мұнда RР – кредиторлық борыш.




П2 = 0,2 RР, (30)


П3 – несиелер мен займдар бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер.
П4 алдында келтірілген есепке ұқсас анықталады.

Жоспарлаудың баланстық үлгi мәні мiндеттемелердiң әрбiр түрiне қажеттi мерзiмдерде, тиiстi мiндеттемелер түрін өтеуi үшiн қажеттi iске асырыла алатын активтердің ара қатынасын белгiлейді (Сурет 5). Баланс ең өтімді болып саналады, және сәйкесінше компания да ең өтімді болып саналады, егер келесідей қатынаста болса:


А1 ≥ П1
А2 ≥ П2
А3 ≥ П3
А4 ≤ П4
Жоғарыда көрcетiлген теңсiздiктер жүйелерiнің бiр немесе бiрнешесiнің таңбасы көрcетiлгенге қарама-қарсы болған жағдайда, онда баланс негiзiнен өтімді емес болып танылады. Сол уақытта, егер алғашқы екi шарт орындалса, онда бұл баланстың ағымдағы өтiмдiлiгін қамтамасыз етуi туралы айтуға мүмкiндiк бередi және, сәйкесiнше, компанияның ағымдағы өтiмдiлiгін де.
Ұзақ мерзiмдi пассивтерді баяу жүзеге асырылатын активтермен салыстыру ұзақ мерзiмдi (перспективалы) өтiмдiліктi анықтауға мүмкiндiк бередi
Таза үстiрт көзқарастан төртiншi теңсiздiк «теңестіруші» сипатта болады, өйткенi егер бiрiншi үш шарттар орындалса, онда төртiншi шарт, баланста активтердің құндық бағасы пассивтердің құндық бағасына тең екенін есепке алына отырып, автоматты түрде орындалады. Сол уақытта, бұл теңдеулер жүйесiндегі төртiншi шарт өтiмдiліктi қамтамасыз етудің негізгі мағынасын білдіреді, өйткенi оның орындалу жағдайында серiктестiкте меншiктi айналымдағы ақшалардың болуын білдіреді..



Сурет 5. Кәсіпорынның өтімділігін болжау үшін активтер мен пассивтер баптарын топтастыру.


Кәсіпорын өтімділігінің абсолютті көрсеткіштерімен қатар әдебиеттер мен тәжірибеде көбінесе көңіл салыстырмалы көрсеткіштерге (қаржылық коэффициенттерiне) де бөлінеді, олар аағымдағы, абсолюттік өтімділікті, айналым қаражаттарының өтімділігі мен мобилизациялық өтімділікті сипаттайды. Олардың ішінен мұндай көрсеткiштердi ерекшелейдi:
Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициенті;
Абсолюттi өтiмдiліктiң коэффициентi;
Жедел өтiмдiліктiң коэффициентi;
Айналым қаражаттары өтiмдiлігiнiң коэффициенттерi (тез өтiмдiгi);
Құралдар мобилизациясындағы өтiмдiліктiң коэффициентi.
өтiмдiліктiң Барлық көрcетiлген коэффициенттерi айналым қаражаттарының (активтер) белшілі бір бөлігінің қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы ретінде анықталады. Әдебиетте бұл коэффициенттердiң мәндерiне (шамалар) әртүрлi атаулар берілген, жеке алғанда «нормативтiк», «кризистiк», «ұсынылатын».
Осы көрсеткіштер мәніне кейбір ұсынылған немесе нормативтік деңгейлер беруге талпыныстар жалпы жағдайда компанияның барлық түрлеріне, олардың қызмет түріне, өмірлік цикліне , сыртқы ортаның жағдайына және т.б. тәуелсіз, тым дұрыстау болып көрінбейді.
Iс жүзiнде сол немесе басқа көрсеткіштің мәні емес, ал оның динамикасы маңызды. Сондықтан кәсiпорынның қаржылық жағдайынының қолайлы немесе қолайсыз тенденцияларының айтылуы дұрыс, немесе бұл көрсеткiштердің көмегімен алынған кейбiр кризистiк нүктелер туралы.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (КАЛ) ең өтімді активтер көлемінің (Д) ең жедел міндеттемелерге (RN) қатынасы арқылы есептеледі:


КАЛ = Д / RN немесе КАЛ = А1 / П1 (31)

Егер әрiптестер туралы сөз қозғалатын болса, онда осы коэффициенттiң мәні жабдықтаушыларды қызықтырады.


Кризистiк өтiмдiліктiң коэффициентi (ККЛ) - аралық жабу коэффициенті - өте өтiмдi және тез өткiзiлетiн активтер сомасыныңның қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы арқылы анықталады және ұйымның болжалатын төлеу мүмкiндiктерiн көрсетеді:


ККЛ = (А1 + А2) / (П1 + П2) (32)

Осы коэффициенттiң мәні ұйымды несиелеуші банкті қызықтырады.


Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициенті (КТЛ) - жабу коэффициенті - өте өтiмдiтез өткізілетін және баяу өткізілетін активтер сомасының қысқа мерзімді міндеттемелер сомасыны қатынасы ретінде анықталады:


КТЛ=(А1+А2+А3) / (П1+П2+П3), (33)

Сонымен, жабу коэффициенті ұйымның төлем қабілетін көрсетеді, олар дебиторлармен есеп айырысу мен дайын өнiмді қолайлы өткізу шарттарында ғана бағаланатын емес, сонымен қоса керекті жағдайларда материалды айналым қаражаттар элементтерiн сатуды білдіреді. Коэффициенттiң деңгейi өндiрiстiң саласына, өндiрiстiк циклдің ұзақтығына, олардың құрылымының қорына және басқа да факторлардың қатарына тәуелдi болады.


Серiктестіктің жалпы сипаттамасын ағымдағы өтімділік коэффициенті көрсетеді, ол талданатын күнге айналым қаражаттар көлемінің сол күнге қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен есептеледі. Осы көрсеткiш мәнінiң төменгi шекарасы бiрлiктен төмен болмауы керек. Бұл басқа жағдайда қысқа мерзiмдi мiндеттемелердi өтеу үшiн айналымдағы ақшалардың жеткiлiксiздiгi туралы куәландырады. Бұдан басқа, бұл серiктестiктiң қатерлi қаржы саясаты туралы куәландырады, өйткенi осы жағдайда оның айналымнан тыс активтерi қысқа мерзiмдi мiндеттемелер арқасында қаржыландырылады.
Серiктестiктiң өтiмдiлігiн жоспарлауға мұндай жол баланстық үлгі негізіндегі жолмен салыстырғанда сыртқы көзбен жеткілікті түрде жеңіл және объективті болып көрінеді. Бірақ бұл сыртқы оңайлық дегенмен жоспарлалатын түсулер және төлеулердi негізделген болжаулар мүмкiндiктерiмен қиындай түседі. Ең алдымен, бұл негiзгi қызметтен түсулердi болжауға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет