Қазақстан республикасының білім



бет10/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

6-шы тәжірибе. Гидроксидтермен реакциясы. Сынауыққа 3-4 тамшы хром хлоридін, екінші сынауыққа 3-4 тамшы алюминий хлоридін тамызып, үстіне 10-12 тамшы 2н NaOH ерітіндісін тамшылатып құйып, реакция нетижесін бақылаңыздар.


7-ші тәжірибе. Zn2+ ионы қатысында NaOH немесс КОН пен Сr3+ ионын тұндыру. Түзілген хром циникаты артық мөлшердегі сілті ерітіндісінде ерімейді. Екі сынауыққа 3 тамшыдан СrС13 мен ZnCl2 ерітінділерін тамызып, үстіне 10-12 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатып қосыңыздар, реакция нәтижесін бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
8-ші тәжірибе. Екі сынауыққа 3 тамшы СrС13, үстіне 2-3 тамшы сутегі пероксиді ерітіндісін және 3-4 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін қосып, 3-4 минут қыздырыңыздар. Түзілген CrO42- ионынан тұнба бетіндегі ерітінді түсі сарыға боялады. Тұнбаны суытып, фильтрлеп қызыл сары түске боялғанша азот қышқылы ерітіндісін және изоамил спиртінің эфирінен 6-8 тамшысы мен сутек пероксидін араластырғанда, тұнба бетінде қанық көк түстің Н2СrО6(СrО5) надхром қышқылы түзіледі.
Реакцияны жүргізу тәртібі: а) сілтілік ортада Сr3+тен СrО42- ке дейін тотығады; ә) СrО2+4 -тен Н2СrO6 надхром қышқылының түзілу реакциясы қышқылдық ортада жүреді; б) қышқылдық ортадағы Сг3+ тотығуы:

10 Сг3+ + 6МnО-4 + 11Н2О → 5Сг2О72+ + 6Мn2+ + 22Н+


КМnО4 артық мөлшерінде қызыл күрең түс жойылып, қоңыр МnО2 хН2О тұнбасы түзіледі:


2KMnO4 + 3MnSO4 + 2Н2О → 5МпО2 (қ) + K2SO4 + 2H2SO4




9-шы тәжірибе. Сынауыққа 3-4 тамшыдан Cr2(SO4)3 ерітіндісінен және 10 тамшы 0,1н күкірт қышқылын қосып, су моншасында қыздырғанда ерітіндінің түсі қызыл күреңнен қызыл сары түске боялуын бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
10-шы тәжірибе. (NH4)2S2O8 аммоний персульфаты Сг3+ катионын қышқылдық ортада Сr2О2-7 ионына дейін тотықтырады:

2Сг3+ + 3S2O2-8 + 7Н2О → Cr2O2-7 6SO2-4 14Н+




Мырыш катионын анықтпау тәжірибелері
11-ші тәжірибе. K3[Fе(CN)6] калий гексоциано (ІІІ) ферраты Zn2+ иондарымен сары қоңыр тұнба түзеді:

3ZnCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Zn3 [Fe(CN)6]2 + 6KC1


Тұнба тұз қышқылы мен аммиак ерітіндісінде ерігіш, түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.
12-ші тәжірибе. Аммоний гидроксиді Zn2+ иондарымен ақ тұнба түзеді, түзілген тұнба реактивтің артық мөлшерінде ерігіш, түзілген тұнбаның қасиетін бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар:

ZnCl2+ 2NH4OH = Zn(OH)2 + 2NH4C1


Zn(OH)2 + 4NH4OH = [Zn(NH3)4](OH)2 + 4H2O .


13-ші тәжірибе. Сынауыққа 5-10 тамшы мырыш хлориді ZnCl2 ерітіндісін тамызып, үстіне 5-6. тамшы K4[Fe(CN)6] калий гексоциано (ІІ) ферраты ерітіндісін тамызып, қайнағанша қыздырғанда, мырыш пен калий гексоциано(ІІ) ферраты K2Zn3[Fe(CN)6]2 қоспасының ақ тұнбасын бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
14-ші тәжірибе. Сынауыққа немесе фарфор тостағаншаға шамамен ~5 тамшы Zn(NO3)2 және соншама Co(NO3)2 тамшысын араластыру. Қоспаны қайнағанша қыздыру және бір минут шамасында қайнату. Ыстық ерітіндіні фильтр-қағазының тілшігіне малып, кептіру. Кепкен тілшікті фарфор тостағаншада күйдіргенде, жасыл түсті «риван жасылының» күлі түзіледі.
Қалайы (II) және (IV) валентті катиондарын анықтау тәжірибелері
15-ші тәжірибе. Сілтілермен реакциясы.
Сынауыққа 3—5 тамшы SnCl2 ерітіндісін тамызып, үстіне NaOН ерітіндісін тамшылатын құйғанда, қорғасын гидроксидінің Zn(OH)2 ақ тұнбасы түзіледі. Сілтінің артық мөлшерін тамшылатуды жалтастырғанда, түзілген тұнбаның еруін бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
16-шы тәжірибе. Сульфидтермен реакциясы.
Сынауыққа 3-5 тамшы SnCl2 ерітіндісін тамызып, үстіне Na2S немесе (NH4)2S ерітіндісін тамшылатып құйғанда, SnS қорғасын сульфидінің қоңыр тұнбасының түзілуін бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
17-ші тәжірибе. Сілтілі ерітіндісіне висмут (III) нитратының 1-2 тамшысын тамызып араластыру барысында металдық висмуттың қара түнбасы шөгуін бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
18-ші тәжірибе. Сынауыққа 3-5 тамшы SnС12дың тұз қышқылды ерітіндісінің үстіне 2-3 тамшы HgCl2 сынап (II) хлориді ерітіндісін тамшылатып құйғанда түзілген металл сынаптан ерітінді біртіндеп қараятын Hg2Cl2 коломелдің ақ тұнбасы түзілуін бақылап, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
19-шы тәжірибе Сынауыққа 3-4 тамшы қорғасын (IV) валентті тұзына тамшылатып NaOH қосқанда, ақ тұнба түзіледі, тұнбаға сілті қосуды жалғастыратын болсақ, тұнба ериді, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
20-шы тәжірибе. 8-10 тамшы қорғасын (IV) валентті тұзына 2-3 тамшы HC1 және шамалы темір немесе магний жоңқаларын салып, қоспаны су моншасында қайнағанша қыздыру. 3-5 минут өткеннен соң, алынған ерітіндіні NaOH пeн бейтараптап, фильтрлейді. Фильтратқа, яғни натрий станитінің 2-3 тамшысына Bi(NO3)3 висмут нитратын қосамыз, егер Sn2+ ионы болса, висмут қара тұнба түрінде шөгеді.
Реакция жүргізу тәртібі: а) магний химиялық таза болуы; ә) Bi(NO)3 висмут нитратын қосар алдында ерітіндіге NaOH-ін Na2SnО2 түзілгенге дейін қосамыз.


Бақылау сұрақтары:
1.ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарының химиялық элементтердің периодтық жүйесінедегі орны.
2.ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарының амфотерлік қасиеттеріне негізделген сапалық химиялық реакциялары.
3.ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарының тотығу-тотықсыздану қасиеттеріне негізделген сапалық химиялық реакциялары.
4. ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарының кешендік қосылытар түзу қасиеттеріне негізделген сапалық химиялық реакциялары.
5. ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарының жалпы қасиеттеріне негізделген топтық сапалық химиялық реакциялары.

№ 7-ші лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет