Қазақстан республикасының білім


Комплекс түзуші гидроксидтердің катиондар тобын анализдеу әдісі және сапалық реакциялары (алтыншы аналитикалық топ катиондары)



бет12/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Комплекс түзуші гидроксидтердің катиондар тобын анализдеу әдісі және сапалық реакциялары (алтыншы аналитикалық топ катиондары)


Жұмыстың мақсаты: Комплекс түзуші гидроксидтердің катиондар тобын анализдеу әдісі және сапалық реакцияларын зерттеу.
Жұмыстың міндеттері: Комплекс түзуші гидроксидтердің катиондар тобын анализдеу және сапалық реакцияларын жүргізу барысында алынған нәтижелерді талдау, қорытындылау.
Жұмыстың орындалуы
Cu2+-катионына сапалық реакциялар
1-ші реакция. Cu2+–иондары бар көлемі 0,5 мл ерітіндіге натрийдің гидроксидінің ерітіндісінің 1 мл қосқанда ашық көк түсті тұнба түзіледі:

CuSO4 + 2NaOH → Cu(OH)2 + Na2SO4


Түзілген тұнба қышқылдарда ерігіш және тұнба қыздырғанда ыдырап, қара түсті мыс (ІІ) оксідінің қара тұнбасын түзеді:


Cu(OH)2 → CuO + H2O


Cu(OH)2 + 2HCl → CuCl2 + 2H2O




2-ші реакция. Cu2+–иондары бар көлемі 0,5 мл ерітіндіге K4[Fe(CN)6] калийдің ферроцианидінің 1 мл қосқанда қызыл-қоңыр тұнба түзіледі:

2CuSO4 + K4[Fe(CN)6] → Cu2[Fe(CN)6] + 2K2SO4


2Cu2+ + [Fe(CN)6]4- → Cu2[Fe(CN)6] ↓

Түзілген тұнба қышқылдарда ерімейді, 25 /-дық аммонийдің гидроксидінің ерітіндісінде еріп, аммиакаттар түзеді. Реакцияның айқын болуына Ғе3+, Со2+, Nі2+ катиондары бөгет жасайды.


Cu2[Fe(CN)6] + 12NН3 +4Н2О → (NН4)4[Fe(CN)6] + 2[Cu(NН3)4](ОН)2


Hg2+ -катионына тән сапалық реакциялар


Сынаптың барлық тұздары өте улы !
1-ші реакция. HgCl2-нің ерітіндісінің 1 мл-не аммиактың ерітіндісінң 1 мл-ін қосқанда HgNH2Cl-тің ақ тұнбасы түзіледі. Тұнба реагенттің артық мөлшерін қосқанда түссіз ерітіндіге айналады:

HgCl2 + 2NH3 → HgNH2Cl(т) + NH4Cl


HgNH2Cl + 2NH3 + NH4Cl → [Hg(NH3)4]Cl2


2-ші реакция. Hg2+-катионы бар ерітіндінің 1 мл-не КІ-нің ерітіндісінің 1 мл-ін қосқанда HgІ2-тің айқын қызыл тұнбасы түзіледі. Тұнба реагенттің артық мөлшерін қосқанда кешендік қосылыстың түзілуінен түссіз ерітіндіге айналады:

Hg2+ + 2I- → HgI2(т)


HgI2 + 2KI → K2[HgI4]


3-ші реакция. Hg2+-катионы бар ерітіндінің 1 мл-не SnCl2-нің ерітіндісінің 1 мл-ін қосқанда алдымен Hg2Cl2-тің, ал соңынан металл сынаптың қара тұнбасы түзіледі. Реакцияның орындалуына Ag+, Bi3+, Hg22+ Sb3+ катиондары бөгет жасайды.

Hg2+ + Sn2+ → Hg2Cl2(т) + Sn4+


Hg2Cl2 + Sn2+ → 2Hg(т) + Sn4+ + 2Cl-

Кадмийдің катионына тән сапалық реакциялар


1-ші реакция. Сd2+-катионы бар ерітіндінің 2 мл арқылы Н2S-нің көпіршіктерін өткізгенде СdS-нің сары тұнбасы түзіледі. Реакцияның орындалу шарты: сірке қышқылды орта болуы керек.

Сd2+ + H2S → СdS (т) + 2HCl




2-ші реакция. Сd2+-катионы бар ерітіндінің 1 мл-не аммонийдің тетрароданомеркуратының (ІІ) ерітіндісінің 1 мл қосқанда ақ кристалдық тұнбасы түзіледі.

Сd2+ + [Hg(SCN)4]2- → Сd[Hg(SCN)4]2+


Со2+ катионына тән сапалық реакция


1-ші реакция. Со2+-катионы бар ерітіндінің 1 мл-ні NH4SCN-нің (немесе КSCN) ерітіндісінің 1 мл қосқанда [Сo(SCN)4]2- кешендік ионының түзілуіне байланысты көгілдір түсті ерітінді пайда болады.

Со2+ + 4SCN- → [Со(SCN)4]2-




2-ші реакция. Со2+-катионы бар ерітіндінің 1 мл-ні сілтінің ерітіндісінің 1 мл қосқанда Сo(ОН)2 алдымен көк тұнба соңынан кобальттың гидроксидінің түзілуіне байланысты қызғылт түсті тұнба пайда болады.

Со2+ + ОН- → Со(ОН)СІ + СІ-


көк
Со(ОН)СІ + ОН- → Со(ОН)2 ↓ + СІ-
қызғылт


Бақылау сұрақтары:
1.ҮІ-шы аналитикалық топтың катиондары қандай реагенттермен тұнбаға түседі ?
2. ҮІ-шы аналитикалық топтың катиондарының түзетін тұнбаларының қышқылдарда еруі қандай ?
3. ҮІ-шы аналитикалық топтың катиондары жекеленген сапалық реакциялары.
4.Мыстың купроинмен сапалық реакциясының сезімталдығы қандай ? Бұл реакцияны қалай орындау керек ?
5.Жаңа ғана талдауға берілген түсі ақ ұнтақта сыртқы белгілері бойынша мыстың тұзы жоқ деген бірден қорытынды жасалған. Осы қорытынды дұрыс па ?

№ 9-шы лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет