Аммоний катионын анықтау реакциялары.
1-ші тәжірибе. Сынауыққа 8-10 тамшы аммоний тұздарын тамызып, үстіне сонша мөлшерде NaOH ерітіндісін тамшылатып құйып, баяу қыздырғанда, NH3 бөлінеді.
NH4Cl + NaOH = NH3 + NaCl + H2O
Бақылауды төмендегі әдістермен жүргізу.
1)ылғалданған қызыл лакмус қағазын ерітіндіге тигізбей сынауықтың аузында ұстасақ, аммиактың қағаздағы сумен әрекеттесәіп, аммоний гидроксидін түзуі нәтижесінде лакмус көк түске боялады.
2)лакмус қағазының орнына фенолфталеин ерітіндісі сіңірілген қағазды да алуға болады, бірақ ол қызыл күрең түске боялады.
3)сүзгі қағазға Hg(NO3)2 ертіндісін сорғызып, сынауықтың аузына ұстасақ, NH3 әсерінен қағаз қараяды.
2-ші тәжірибе. NaCI тұзының 4-5 тамшысына 0,5 мл дистильденген су, 3-4 тамшы Несслер реактивін тамызыңыздар да , түзілген тұнбаның қасиетін зерттеңдер.
3-ші тәжірибе. I-ші топ катиондар қоспасын анализ. 1 г құрғақ қоспаны 5 см суда ерітіп, анализ жасайды. Аммоний ионын 1,8-тәжірбиемен анықтайды. Егер қоспада аммоний және литий иондары болса, қоспаны 2-ге (2,5 см) бөліп, ерітіндідегі аммоний ионын жою үшін бір бөлігін тигельге құйып күйдіреді. Аммоний ионының толық жойылғандығына көз жеткізу үшін тигельдегі қалдықты 2 см суда ерітіп, NH4+ иондарына сапалық реакция жүргізеді Калий ионын 1.5 тәжірибемен анықтайды. Сүзіндідегі натрий ионынын 1.4тәжірибемен,ал калий ионын 1.6 тәжірибемен анықтайды.
Аналитикалық реакция өнімдері
Реагенттер
|
Li+
|
Na+
|
К+
|
NH4+
|
NaOH, KOH
|
|
|
|
Қыздырғавда NH3 бөлінеді
|
Na,CО3
|
Кристалды ақ тұнба Li2CО3
|
|
|
Қайнатқанда NH3 бөлінеді
|
Na,HPО4
|
Ак тұнба Li3PО4
|
|
|
Қыздырғаида NH3 бөлінеді
|
K[Sb(OH)6]
|
Кристалды ақ тұнба Li[Sb(OH)6] (кон. ерітіндіден)
|
Кристалды ақ
тұнба
Na[Sb(OH)6]
|
|
Кристалды аморфты ақ тұнба H[Sb(OH)6]
|
H2[PtCl6]
Na2[PtCl6]
|
|
|
Кристалды сары тұнба
К2[PtCl6]
|
Кристалды сары тұнба (NH4)2[PtCl6]
|
Na3[Cu(NO2)6]
|
Сары тұнба Li3[CО(NО2)6]
|
|
К!ристалды сары тұнба NaK2[Co(No2)6]
|
Кристалды сары тұнба Na(NH4)2[Co(NО2)6
|
Na2Pb[Cu(NO2)6]
|
|
|
Кристалды қара тұнба K2Pb[Cu(NO2)6]
|
Қара тұнба
|
Zn(UO2)AC8
|
Кристалды сарғыш жасыл тұнба LiZn(UО2)3Ac9
|
Кристалды сары немесе сарғыш кристалды
NaZn(UО2)3Ac9·
·9Н2О
|
|
|
NH4F; NaF
|
Аморфты ақ тұнба LiF
|
|
|
|
K2[HgI4]+KOH немесе NaHC4H8О6
|
|
|
|
Қызыл қоңыр тұнба [(HgI)2NH2
|
|
|
|
Кристалдьт ақ тұнба КНС4Н4О6
|
|
Жалын түсін бояуы
|
кармин қызыл
|
сары
|
күлгін
|
|
3-ші кестеде І-ші аналитикалық топ катиондар түзетін тұнбаларының қасиеттерінің сипаттамасы берілген.
Бақылау сұрақтары:
1.Литий катионын қандай реакциялардың көмегімен анықтауға болады ?
2. Калий катионын қандай реакциялардың көмегімен анықтауға болады ?
3. Натрий катионын қандай реакциялардың көмегімен анықтауға болады ?
4. Аммоний катионын қандай реакциялардың көмегімен анықтауға болады ?
5. I-ші аналитикалық топтың катиондарының қоспасын қалай анализдейді ?
№ 3-ші лабораториялық жұмыс
Тұз қышқылы тобы катиондары
Жұмыстың мақсаты: тұз қышқылы тобы катиондарына (екінші аналитикалық топ катиондары) сапалық реакцияларды және олардың қоспасына талдауды жүргізуді оқып үйрену.
Жұмыстың міндеттері: тұз қышқылы тобы катиондарына (екінші аналитикалық топ катиондары) сапалық реакцияларды жүргізу және олардың қоспасына талдауды жүргізу барысында алынған нәтижелерді қорытындылау.
Жұмыстың орындалу барысы:
Күміс катионын анықтау тәжірибелері
1-ші тәжірибе. Сынауықта AgNО3 ерітіндісінің 1 мл-не сонша мөлшерде 2 н HC1 ерітіндісін тамызады. Түзілген тұнбаны үшке бөліп, қышқылда, аммоний гидроксидінде, суда ерітіп байқайды:
AgNО3 + HC1 = AgCl↓ + HNО3
Тұнба азот қышқылында, аммоний гидроксидінде ерігіш.
2-ші тәжірибе. 1 мл AgNО3 ерітіндісіне сонша мөлшерде NaOH тамызу. Түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.
3-ші тәжірибе. 2–3 тамшы AgNО3 ерітіндісіне дистильденген сумен сұйылтып, үстіне 1-2 тамшы К2СrО4 калий хроматы ерітіндісін тамызып, түзілген тұнбаның түсін және ерігіштігін сынаңдар.
Қорғасын катионын анықтау тәжірибелері
1-ші тәжірибе. 1 мл Pb(NО3)2 қорғасын (II) тұзы ерітіндісіне сонша мөлшерде НC1 ерітіндісін тамызып, тұнбаның қасиетін сынаңдар.
2-ші тәжірибе. 1 мл Pb(NО3)2 ерітіндісіне сонша натрий гидроксидінің ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиетін сынаңдар.
3-ші тәжірибе. 2-3 тамшы калий йодиді ерітіндісіне Pb(NО3)2 ерітіндісінің 1-2 тамшысын тамызып, түзілген сары түсті тұнбаға 1 мл дистильденген су қосып, қасиетін сынандар.
Pb(NО3)2 + 2КІ = Pbl2↓ + 2KNО3
Түзілген тұнба ыстық суда және сірке қышқылының, калий йодидінің артық мөлшерінде ерігіш.
Сыпап (I) катионын анықтау тәжірибелері
1-ші тәжірибе. Мыс қаңылтырға сынап (I) тұзының ерітіндісінен 1-2 тамшы тамызып, біраз уақыт қоямыз. Біраз уақыт өткеннен кейін мыс қаңылтырының бетінде сұр түсті металл – сынап пайда болады. Пайда болған сұр дақты фильтрлі қағазбен сүртсе, жылтырайды:
Hg2(NО3)2 + Cu → Cu(NО3)2 + 2Hg↓
Бақылау сұрақтары:
1.ІІ-ші топтың катиондарының топтық реагенті қандай зат ?
2.ІІ-ші топтың катиондарына тән жалпы қандай қасиеттер бар ?
3.ІІ-ші топтың қоспасын талдау барысында күмістің катионын және қорғасынның катионын өзара қалай анықтайды ?
4.Күмістің катионы тұз қышқылының қандай ерітіндісінде ериді ? Себебі неде ?
№ 4-ші лабораториялық жұмыс
Күкірт қышқылы тобы катиондарын анализдеу әдістері және сапалық реакциялары (үшінші аналитикалық топ катиондары)
Жұмыстың мақсаты: күкірт қышқылы тобының катиондарын анализдеу әдістерін және сапалық реакцияларын (үшінші аналитикалық топ катиондары) орындауды оқып үйрену.
Жұмыстың міндеттері: күкірт қышқылы тобының катиондарын анализдеу және сапалық реакцияларын (үшінші аналитикалық топ катиондары) орындау барысында нәтижелерді қорытындылау.
Жұмыстың орындалу барысы:
Барий катионына тән сапалық реакция
1-ші реакция. К2СrO4 калий хроматы Ва2+ катионымен күшті минералды қышқылдар мен сірке қышқылында жақсы еритін ВаСrO4 барий хроматының сары тұнбасын түзеді:
ВаС12 + К2СrО4 → ВаСrО4↓ + 2KC1
Реакцияны жүргізу тәртібі: а) реакцияны бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада жүргізу; ә) тұнба түзілу үшін қыздыру; б) қорғасын және тағы басқа иондар хромат иондармен тұнба түзіп, реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
2-ші Реакция. К2Сr2О7 калий дихроматы Ва2+ катионымен де ВаСrО4 барий хроматының сары тұнбасын береді:
Сумен дихромат ион әрекеттесіп, хромат ионын береді, ол Ва2+ иондарымен қайта әрекеттесіп, барий хроматының сары тұнбасын түзеді.
Реакцияны жүргізу тәртібі: а) барий ионын толық тұнба түсіру үшін натрий ацетатының артық мөлшерін қосу; ә) ацетат буферін қосса, Sr2+, Ca2+ иондары Ва2+ ионын ашуға кедергі келтірмейді.
3-ші реакция. Ва2+ катионы жалын түсін сарғыш жасыл түске бояйды.
Кальций катионына тән сапалық реакция
1-ші реакция. Са2+ ионы қымыздық қышқылының ерімтал тұздары және аммоний оксалатымен (NH4)2C2О4 кристалды ақ тұнба береді:
СаС12 + (NH4)2C2О4 → СаС2О4↓ + 2NH4C1
Реакцияны жүргізу тәртібі: а) реакцияны алдымен рН 5–6, соңынан рН 7–8 ортада жүргізу; ә) реакцияны жүргізуге Ва2+ және Sr2+ иондары кедергі жасайды.
2-ші реакция. Са2+ ионы күкірт қышқылымен әрекеттесіп. CaSО4·2Н2О ақ тұнбасын түзеді. Түзілген тұнбаның заттық шыны жиегінде ине тәрізді кристалдарды оңай түзілетіндігін микроскоппен (микрокристаллоскопиялық реакция) көруге болады.
3-ші реакция. Сілтілік ортада Ва2+ және Sr2+ иондары родизонатпен әрекеттеспейді. Сондықтан Са2+, Ва2+ және Sr2+ катиондары бірге болған жағдайда сілтілік ортада натрий родизонатымен анықтауға болады. Са2+ ионы натрий родизонатымен күлгін түсті (фиолет) тұнба түзеді.
4-ші реакция. Кальций тұздарының қаныққан ерітінділері жалын түсін қызыл кірпіш түсті түске бояйды.
Стронций катионына тән сапалық реакция
1-ші реакция. Sr2+ катионына тән жекелеген сапалық реакциясы жоқ, бірақ гипстің қанық ерітіндісімен SrSО4 ақ тұнбасын түзеді.
2-ші реакция. (NH4)2C2О4 аммоний оксалатымен Sr(NО3)2 әрекеттесіп, SrC2О4 ақ тұнбасын түзеді:
Sr(NО3)2 + (NH4)2C2О4 → 2NH4NО3 + SrC2О4↓
3-ші реакция. Стронцийдің тұздарының қаныққан ерітінділері жалын түсін кармин қызыл түске бояйды.
Бақылау сұрақтары:
1.Қышқылдық-негіздік жіктеу жүйесі бойынша кальцийдің, стронцийдің, барийдің катиондары қай топқа жатқызылады ? Себебі ?
2.Сульфидтік жіктеу жүйесі бойынша кальцийдің, стронцийдің, барийдің катиондары қай топқа жатқызылады ? Себебі ?
3.ІІІ-ші аналитикалық топтың катиондарына тән сапалық реакциялар.
4.Барийдің катионын анықтау үшін калийдің хроматын қолданғанда реакцияның ортасы бейтарап немесе әлсіз сілтілік орта болуы керек. Неге ?
№ 5-ші лабораториялық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |