Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары



бет10/28
Дата29.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#30341
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28

56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

аудандық (қалалық) деңгейдегі жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жұмыс істеуі;

аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

аудандық (қалалық) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;

аудандық (қалалық) деңгейдегі коммуналдық меншікті басқару;

2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді



2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жинау) пункттерімен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету және күтіп-ұстау бойынша әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;

елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

3) білім беру:



мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

кешкі (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;

аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткізу;

мектепалды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;

балалар үшін қосымша білім беру;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

мектепке дейінгілерді қоспағанда, білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет ету;

оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

4) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:



тұрғын үй көмегі;

үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғау жөніндегі шаралар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорын түгендеу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен жер учаскелерін алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес авариялық тұрғын үйлерді бұзу;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар;

коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау объектілерін, тазарту, сорғыту жүйелерін, кәріз, жылу және электр желілерін құру және реконструкциялау;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



6) мәдениет және спорт:

жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамыту;

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу;

облыстық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы;

мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

жергілікті деңгейде мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар жүргізу;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



7) ауыл шаруашылығы, жер қатынастары:

мал шаруашылығында мал көмінділерін (биотермиялық орларды) жасау, күтіп-ұстау;

ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейде жер қатынастарын реттеу;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



8) көлік және коммуникациялар:

аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

темір жол қатынасын қоспағанда, әлеуметтік мәні бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)

8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:

аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9) экономикалық қызметті реттеу:

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) өзге де бағыттар:

облыстық бюджетке трансферттер;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.

2. Сол сияқты, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарға;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда



2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметке және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің шығыстары көзделеді:

1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру;

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



12) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен қаржыландырылатын елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды қоспағанда, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды



17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

 

 



10-тарау. Бюджеттік комиссиялар

 

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер



1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды



5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларының жұмысына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартады.

 

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті



Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.

 

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары



1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда



2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссияларының жұмыс органдары болып табылады.

3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.

 

 



Ерекше бөлім

 

3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

 

11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

 

245-бапқа сәйкес 60-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) бюджеттік бағдарламалар;

4) операциялық жоспарлар.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда



3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ бюджет саясатын қалыптастыруды жүзеге асырады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

 

245-бапқа сәйкес 61-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет