Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер



бет8/19
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#204589
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді және бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

2. Республикалық бюджеттік комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.

 

58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті



Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережелерде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.

 

59-бап. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс органдары



1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына: төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді.

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган тиісінше бюджеттік комиссиялардың жұмыс органдары болып табылады.

3. Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.

4. Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

5. Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.

 

Ерекше бөлім



 

3-бөлім. Бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту

 

11-тарау. Бюджетті жоспарлау негіздері

 

245-бапқа сәйкес 60-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

60-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

4) операциялық жоспарлар.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

245-бапқа сәйкес 61-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 61-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы

1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлауда өзара байланыс орнату мақсатында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып, жыл сайын жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арнап әзірлейді және мыналарды:

1) мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде:

жылдар бойынша бөліп көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бес жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік параметрлер болжамын, әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;

мыналарды:

Қазақстан Республикасының салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің негізгі параметрлерінің болжамдарын;

республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуға тиіс бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын;

2) мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде:



жылдар бойынша бөліп көрсетіле отырып, өңірдің бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін;

мыналарды:

өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын;

тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерінің болжамдарын;

жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуға тиіс бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтиды.

Сандық және сапалық нәтижелерді айқындау үшін негізгі бағыттар (салалар) бойынша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер белгіленіп, оған қол жеткізу үшін бес жылдық кезең ішінде Қазақстан Республикасының немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi (жергiлiктi атқарушы орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.

3. Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына арналған бюджеттiк параметрлердiң болжамы индикативтiк сипатта болады және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының өзгерiстерi, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы факторлар ескерiле отырып, кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк параметрлердiң болжамын әзiрлеу кезiнде нақтылануы мүмкiн.

4. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

 

245-бапқа сәйкес 62-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары

1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.

2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды қоспағанда, мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтиды.

3. Бюджеттiк бағдарламалар әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi үшін көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемiнiң шегiнде әзiрленедi.

4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға бекiтедi.

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен бекiтiледi.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, мәслихаттардың аппараттары стратегиялық жоспарларды әзірлемейді.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиiстi салалық атқарушы органмен келiсiлгеннен кейiн бекiтiледi.



Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиiстi салалық орталық мемлекеттiк органмен келiсiлгеннен кейiн бекiтiледi.

6. Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджет бекітілгеннен кейін пысықталып, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.



Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері бекітілгеннен кейін пысықталып, ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітілгеннен кейін пысықталып, келесі қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:



1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не өзгерістер енгізілген;

2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не өзгерістер енгізілген;

3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;

4) көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал ететін республикалық немесе жергілікті бюджеттердің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталады.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар  жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

 

245-бапқа сәйкес 63-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



63-бап. Операциялық жоспар

Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.

Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.

Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітеді.

 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары меморандумдарының жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 287-ө Өкімін қара

 

 

12-тарау. Бюджетті әзірлеу



 

245-бапқа сәйкес 64-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

64-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

3. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 65-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



65-бап. Бюджет түсімдерін болжау

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Бюджет түсімдерін болжауды әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Өтеусіз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны түрінде бюджет түсімдерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.

3. Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

245-бапқа сәйкес 66-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар

1. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдер ұсынады.

2. Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, осы бапта көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.

3. Осы бапта көрсетілген құжаттар ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiн берiледi.

 

245-бапқа сәйкес 67-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



67-бап. Бюджеттік өтінім

1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2. Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.

3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа да міндеттемелерімен байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады.

5. Жаңа бастамалар шығыстарына:



кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.

6. Бюджеттік өтінімге:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспардың немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасының құрамына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар;

2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша міндетті түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өз билік етулерінде қалатын, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының болжамы;

5) түсіндірме жазба;

6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сұрататын басқа да қажетті ақпарат кіреді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.

8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.



Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.

9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.

10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



11. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделген бюджеттік қаражаттың көлемі шегінде енгізеді.

12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

13. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

245-бапқа сәйкес 68-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет