Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі


-тарау. БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ



бет8/18
Дата20.07.2016
өлшемі326.4 Kb.
#211566
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

13-тарау. БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ
ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
      74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту
               туралы жалпы ережелер
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:
      1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
      2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;
      2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
      3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;
      4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және республикалық бюджеттің жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
      2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.
      3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылғы
1 желтоқсанға дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджет туралы заңды бекіткенге дейін қолданылатын, кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
      Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
      Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
      Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
      5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту
               туралы жалпы ережелер
      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.
      Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
      2) алынып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
      3) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және жергiлiктi бюджет жобасына енгiзiлген шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны ұсынады.
      2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.
      Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.
      3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығарады, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
      Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
      Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.
      6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының
               негізгі принциптері
      1. Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:
      1) негізділік принципі;
      2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.
      2. Негізділік қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігінің жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.
      3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.
      Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      77-бап. Республикалық бюджеттің жобасын Қазақстан
               Республикасының Парламентінде қарау
      Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен коса баяндамалары кіреді.
      Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      78-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын мәслихаттың тұрақты
             комиссияларында қарау
      1. Жергілікті бюджеттің жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
      2. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
      3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті мәслихат айқындаған тұрақты бас комиссияға жібереді.
      4. Тұрақты бас комиссия тұрақты комиссиялардың ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асырады, ол мәслихаттың сессиясына шығарылады. Бұл ретте жинақтауға тиісті негіздемелері мен есеп-қисаптары бар ұсыныстар ғана енгізіледі.
      5. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың баяндамаларын, жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысын қоса, қамтиды.
      Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      79-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті
               атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы
               заңды және жергілікті бюджеттер туралы
               мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы
               қаулылары
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бір апта мерзімде қабылданады.
      Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде қабылданады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті атқарушы органдардың мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы қаулыларының жобаларын тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөнінде, жергілікті атқарушы органдарға жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде тапсырмаларды көздейді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына:
      1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында төмен тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;
      1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен резерв түрлері бойынша бөлу;
      2) объектілер бойынша бюджеттік инвестицияларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-1) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
      2-1) аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау сатыларынан өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бойынша жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі қоса беріледі.
      Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайларда бюджеттік инвестициялар республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде одан алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін;
      3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;
      4) Алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетілген мемлекеттік тапсырмалар тізбесі;
      5-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетіле отырып, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесі;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне айқындау жүктелген, республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
      Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысына:
      1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;
      1-1) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;
      2) объектілер бойынша инвестициялық жобаларды, сондай-ақ аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, жоспарлы кезеңге арналған басым жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
      3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін жоспарлы кезеңге арналған концессиялық жобалардың тізбесі;
      4) Алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5) жергілікті атқарушы органға айқындау жүктелген, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыруға қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер қоса беріледі.
      3. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.
      Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.
      Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
14-тарау. ТӨТЕНШЕ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ,
ЕНГІЗУ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ
      80-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу
              немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болған жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.
      3. Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.
      Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      81-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
      1. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізген кезде тиісті мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган төтенше жағдайдың немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      4. Республикалық бюджет комиссиясы осы баптың 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың тізбелері мен көлемдерін мақұлдағаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасын жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:
      1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша жасалатын төтенше мемлекеттік бюджет;
      2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына енгізілген және төтенше немесе соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға арналған қажеттілікті ескере отырып, түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің көрсеткіштері қоса беріледі.
      5. Төтенше мемлекеттік бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі, егер Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.
      Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-бөлім. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ
15-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      82-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
      1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.
      3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.
      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
      5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
      6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.
      Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді.
      7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.
      8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және
             Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
             актілерінің ерекшеліктерін ескере отырып,
             бюджеттің атқарылуы
      Осы Кодекстің бюджеттің атқарылуын реттейтін ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет