Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары



бет8/26
Дата29.02.2016
өлшемі1.45 Mb.
#30340
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары

1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:

Қазақстан Республикасының Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;

Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын сайлауларды қоспағанда, референдумдар мен сайлаулар өткізу;

республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

мемлекеттік кіріс органдарының қызметі;

республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;

республикалық меншікті басқару;

оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;

мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

мемлекеттік қаржылық бақылау және қаржы мониторингі;

мемлекеттің сыртқы саяси қызметі;

іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;

мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметі;

мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлі қызмет салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;

саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:

мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;

мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы іс-қимыл;

мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

азаматтық қорғау және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;

жаһандық, өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;

кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;

азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру;

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргізу;

экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметі;

көші-қон іс-шараларын іске асыру;

жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау;

халықты құжаттандыратын және тіркейтін тіркеу пункттерінің жабдықтары мен ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін жүзеге асыру;

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:

әділет саласындағы қызмет;

азаматтардың және мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау;

заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;

сот сараптамасы қызметі;

сот жүйесінің жұмыс істеуі;

қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) білім беру:

республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;

республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді мамандар даярлау;

республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерінде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) денсаулық сақтау:

жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;



республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;

республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;

психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететін адамдарға медициналық көмек көрсету;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;

ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру;

айрықша қатерлі жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл;

республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру;

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері;

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;

әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;

саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасы ның заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер;

оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету;

көші-қон саясатын іске асыру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

қазақтың ұлттық мәдениетін және басқа да ұлттық мәдениеттерді қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

республикалық маңызы бар театр және музыка өнерін, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;

мәдениет және мемлекеттік жастар саясаты саласында республикалық және халықаралық маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;

халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерінің дамуын қолдау;

жоғары жетістіктер спортын дамыту;

спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары) мүшелерінің халықаралық спорттық жарыстарға дайындалуы және қатысуы;

мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;

халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпарат дайындау және тарату;

республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық кітапханалардың жұмыс істеуі;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

телерадио хабарларын тарату ұйымдарының телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы тарату;

республикалық деңгейде мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесін қамтамасыз ету;

судың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастрын жүргізу;

су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;

республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру;

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі және оны бағалау;

республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу, ормандар мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік мониторингі;

орман шаруашылығын жүргізу;

орман тұқым шаруашылығы және селекция;

мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу;

ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар;

балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;

балық аулауды мемлекеттік реттеу және балық қорларын қорғау;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды өтеу;

қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі;

республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;

І санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;

қоршаған ортаға эмииссияға І санат объектілері үшін рұқсат беру;

гидрометеорологиялық мониторинг;

республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;

мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу;

топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;

жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;

фитосанитариялық мониторинг;

карантиндегі өнімнің зертханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;

карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;

қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;

мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және ауыстыру;

аграрлық азық-түлiк нарығында сатып алу және тауар интервенцияларын жүргiзу;

сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;

ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және басқару;

ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;

агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;

агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;

екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

ауылшаруашылық өнімін шығаруды басқару жүйелерін дамыту;

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;

өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;

суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу;

2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:

мемлекеттік өнеркәсіп саясатын іске асыру;

отын-энергетика кешенін дамыту;

жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингі;

мемлекеттік геологиялық зерттеу;

геологиялық ақпаратты қалыптастыру;

кеніштер мен шахталарды жабу және жою, техногендік қалдықтарды көму;

мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзірлеу;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау;

9-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:

республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) көлік және коммуникациялар:

ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жүріп өткені үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

су көлігі қызметін ұйымдастыру және реттеу;

кеме қатынасы жолдарын, шлюздерді күтіп-ұстау және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;

әуе және су көлігін мемлекеттік реттеу;

әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

магистралды темір жолдарды дамыту;

аэроғарыш қызметі;

радиожиілік спектрі мен радиоэлектронды құралдар мониторингі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) экономикалық қызметті реттеу:

стандарттау, метрология және сертификаттау;

патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау;

мемлекеттік инновациялық саясат;

мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау;

саудалық және демпингке қарсы реттеу;

бәсекелестікті дамыту және қорғау;

бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу;

жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;



11-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

нормативтік-техникалық құжаттамаларды иелену, әзірлеу және жетілдіру;

елді мекендердің шегінде орналасқан жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін жаңғырту және дамыту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру;

коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласын реттеу;

қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;

кадрлық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендердегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының техникалық-экономикалық негіздемелерін, жаңғырту және дамыту инвестицияларының негіздемесін орталықтандырып әзірлеуі;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы объектілерді тексеруді және техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мониторингі және оны бақылау үшін ақпараттық жүйе құру;

энергия және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;

12) басқа да бағыттар:

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне трансферттер;

үкіметтік борышқа қызмет көрсету және өтеу;

мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау;

үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;

мемлекеттің кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындау;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.

2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:



1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін орындайтын орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерін орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;



3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттік органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

 

ҚР 2009.02.12. № 212-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 54-бап өзгертілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет