Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қазақ мма жанындағЫ Қазақстан республикасының жоғАРҒы оқу орындарының ОҚУ-Әдістемелік секциясы



бет1/10
Дата03.07.2016
өлшемі1.33 Mb.
#174853
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ММА ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Г.М. МУЛДАЕВА, А.К. АДАМБЕКОВА,

З.А. КЕНЖЕТАЕВА, М.В.ЛОМАН

КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Оқу әдістемелік құрал


Қарағанды – 2008

ӘОЖ 616-083.98

КБЖ 51.1(2) 2 я 7

М 75


РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Н.А. Малтабарова - Қазақ мемлекеттік медициналық университеттің анестезиология және реанимация кафедрасы және кідіріссіз медициналық жедел жәрдем курсы, м.ғ.к, доцент

Т.О. Абугалиева – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының медико-әлеуметтік сараптама және қалпына келтіру курсымен жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы, м.ғ.к., м.о. доцент

Н.О. Мусин – меңгеруші, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының анестезиология және реанимация курсы, м.ғ.к., доцент

М 75 Кідіріссіз медициналық жедел жәрдем: Оқу әдістемелік құрал/

Г.М. Мулдаева, А.К. Адамбекова, З.А. Кенжетаева, М.В.Ломан – Қарағанды:-2008 – 194 б.

КБЖ 51.1(2) 2 я7

Оқу әдістемелік құралда жедел медициналы жәрдем кызметi жұмысының құрылымы, әр-түрлі шұғыл жағдайларда ауруханаға дейiнгi кезеңде диагноз қою, медициналык көмек, қарқынды ем көрсету шаралары келтiрiлген және дәрiгерлік этикалық жауапкершiлiгi сұрактары қамтылған. Жиi кездесетiн шұғыл жағдайларда ажыратпалы диагнозды жүргізу және емдеу әрекетiнің алгоритм жүзінде кұрастырылып берiлген. Оқу жинағы.

ҚММА-ң Әдістемелік кеңесі отырысында талқыланып, ұсынылған,

Хаттама № 08 09.04.2008 ж.

ҚММА-ң Ғылыми кеңесінде бекітіліп, шығарылуға ұсынылған.

Хаттама № 10 28.04.2008 ж.

© Г.М. Мулдаева т.б. 2008 ж.

Кіріспе

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының негізгі жоғар-ғы медициналық білімінің, Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған, типтік оқу бағдарламасының жетекшілігімен, студенттер «Кідіріссіз медициналық жедел жәрдем» пәнінің жалпы және жеке сұрақтарын оқиды.

Жедел мелициналық жәрдем адам өмірі мен денсаулығына кауіп төн-генде сәтсіз оқиғалар мен кенеттен болған жедел ауруларда – көрсеті-летін медици-налық көмек жүйесі ретінде пайда болды. Жедел меди-циналық көмек көрсету үшін білікті мамандар дайындаудың маңызы зор.Бүгінгі күнде,заман талабына сай,жедел көмек қала мен аудан-дарда тұрғындарға жақын медициналық кызмет болып табылады. Елі-міз еғемендікке қол жеткізгеннен кейін,мелициналық білім беру шара лары қолға алынды. Соның бірі медициналық білім беру концепция сы мен жаңа білім стандарттарын құрастыру болды. Осы білім стан-дарттарының типтік жоспарлары бойынша жедел мединалық көмек пәні оқытылады. Жедел медициналық дәрігер жан-жақты маман бол-уы қажет. Оның шуғыл көмектен, хирургиядан, травматологиядан, ги-некологиядан, педиатриядан, токсикология негіздерінен білімі және үйде босанатын әйелді босандырып алу тәжірибелік дағдысы болуы керек. Қазіргі жағдайда оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін қазақ тілінде оқу құралдары қажет, әсіресе жедел медициналық жәрдем пәнінен. Сондықтан осы пәннің типтік бағдарламасына сәйкес оку кұралы құрастырылды. Кұралда жедел медициналық жәрдем беру кызметінің ұйымдастырылуы, желілік және арнайы бригадалардың, жедел жәр-дем көліктерінің жабдықталуы көрсетілген. Сонымен қатар ішкі ағза аурулары мен төтенше оқиғаларда болған зақымдануларды анықтау және медициналық жедел жәрдем көрсете білу шаралары қамтылған. Осы оқу - әдістемелік құрал студенттер, интерндер және тәжірибелік дәрігерлерге арналған.
Қысқартылған тізімдер

АҚ – артериялық қысым

АШ- анафилактикалық шок

АДГ – алкогольдегидрогенеза

АІТ – асқазан-ішек трактісі

БМЖ – бас-ми жарақаты

ЖБЖ – жедел бүйрек жеткіліксіздігі

ЖІӨ - жедел ішек өтімсіздігі

ЖЖЖ - жүрек жиырлануынық жиілігі

ЖЖТЖ – жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі

ЖИА - жүректің ишемиялық ауруы

ЖМК – жүректің минутты көлемі

ЖӨВ - жасанды өкпе вентилациясын

ЖӨР - жүрек өкпелі реанимациясы

ЖТАЖ- жедел тыныс алу жеткіліксіздігі

ЖТЖ – жүрек-тамыр жеткіліксіздігі

ИТШ - инфекциялық токсикалық шок

ҚАК - қан айналымының көлемі

ҚСЖ – қышқыл-сілтілі жағдайы

КТ- компьютерлік томография

МИ - микард инфарктісі

ОТҚ – орталық тамырлық қысым

ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі

ӨАТЭ - өкпе артериясының тромбоэмболиясы

ӨЖВ - өкпенің жасанды вентиляциясы

ӨМИ - өткен миокард инфарктісі

ПТК – перифериялық тамыр кернеуі

САҚ-систолалық артериялық қысымы

СҚ- сірке қышқылы

СК – соққылық көлем

СЭ – сірке эссенциясы

ТАК – тыныс алу көлемі

ТАМК – тыныс алуның минутты көлемі

ХАЖ - 10- халықаралық аурулардың жіктелуі

ШИ - шоктық индексі

ЭКГ – электрокардиограмма

ЭИС – эндогенді интоксикация синдромы

ЭЭГ – эхоэнцефалограмма

ЭС – этил спирті

ЭТЖ- эритроциттердің тұнығу жылдамдығы


Жедел және шұғыл медициналық көмек жұмысын ұйымдастыру.

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының

(бөлімшесі) жұмысы

Жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығы халық өмірлерінінің қауіпті жағдайларында төнгенде, жайсыз жағдайларда, ауыр өтетін жедел ауруларда, оқиға болған жерлерде, тексеру жерлерінде жедел және шұғыл медициналық көмекті ақысыз тәулік бойы көрсетеді.

Негізгі принциптері:


  • халыққа толық қол жеткізу;

  • халыққа дер кезінде көмек көрсетуі;

  • жоғары мамандандырылғын толық көлемді көмек көрсету;

  • қажетті медициналық мекемелерге науқастарды дер кезінде госпитализациялауды қамтамасыз ету.

«Жедел» деген ұғым медициналық көмек ішінде сыртқы және ішкі факторлармен шақырылатын патологиялық жағдайларға шұғыл медициналық көмек көрсету, яғни ауырлық дәрежесіне қарамай тез арада диагностикалық және емдік көмек көрсету.

«Шұғыл жағдай» деген ұғым адам организмдегі патологиялық жағдайдың салдарынан денсаулығының тез нашарлауы және өміріне қауіп төну деген мағынаны білдіреді.

Бригаданың жүру кезіндегі регламенттер:


  • жедел жәрдем көмегі бойынша 4 минутқа дейін;

  • шұғыл тасымалдау бойынша 30 минутқа дейін;

  • жоспарлы тасымалдау бойынша 90 минут ішінде.

Жедел көмек көрсеткіштері бар патологиялық жағдайлардың түрлері:

  • жедел медициналық жәрдемсіз өлімге әкелетін өмірге катер төну жағдайлары;

  • өмірге қауіп жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты, түрлі қатер төнуі мүмкін;

  • өмірге қауіп жоқ, бірақ науқастың жағдайын жеңілдету;

  • наукас өміріне қауіп жоқ, бірақ айнала қоршаған адамдарды және науқастың өзін сақтандыру үшін көмек қажет.

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы қалаларда, аудан орталықтарында 30 мыңнан жоғары адамға негізделген және өзіңдік емдік-профилактикалық ұйымдары бар. Әрбір қалада жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы біреу ғана болуы мүмкін. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдарын подстанция шешеді. Подстанциялар транспортпен жету уақыты 15 минутты қамтиды. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциялары (бөлімшелер) тізбекті бригадалармен жүреді. 70 мыңнан астам тұрғыны бар қалалармен аудан орталықтарында арнайы балаларға медициналық көмек көрсету бригадасы бөліну керек,ал 100 мыңнан астам халық тұрса-жедел психикалық бұзылыстары бар науқастарға шұғыл көмек көрсететін бригада бөліну керек. Босанушыларды тасымалдауға керегінше арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған машина бөлінеді.

Зардап шегуші немесе науқастанушы жедел және шұғыл көмегімен стационардың қабылдау бөлімшесіне қаралу керек, міндетті түрде ауруханада орын бар ма жоқпа қарамастан госпитализациялану қажет. Жедел және шұғыл көмек көрсету бригадасының емхананың қабылдау бөлімшесіне келген уақыты 10 минуттан аспау керек (науқасты немесе жәбірленушіні кезекші дәрігерге тапсырғанша).

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының транспорттары арнайы танушы белгімен жүру керек (арнайы дыбыстық сигналдар болу керек). Санитарлы көлік жұқпалы аурулар тасығаннан кейін міндетті түрде залалсыздандырылуы керек. Жедел және шұғыл көмек көрсету станциясына (бөлімшесіне) әрбір 10000 адамға бір санитарлы көлік бөлінеді.

Жедел және шұғыл көмек көрсету станциясының (бөлімшесінің) жұмысы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау нормативтері мен құқықтық актілерімен орындалады. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын,соттық-медициналық қорытындысын, алькогольды мастану экспертизасын, науқастарға және олардың туыстарына анықтама бермейді.



Жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру ережесі

Жедел және шұғыл көмек көрсету бригадалары «03» телефоны немесе «01», «02», «051» шақыртылуы мүмкін..

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының бригадалары шұғыл көмек көрсетуғе жолданады:


  • жайсыз жағдайларда;

  • өмірге қауіп төндіретің кенеттен болған ауруларда.

Көмекті арнайы медициналық көлікпен көрсетеді және тасымалдайды:

  • босану кезінде, жүктілік ағымының асқынуында;

  • бір жасқа дейінгі балалар;

  • денсаулығының кенет нашарлауымен жүретін жедел және созылмалы аурулардың өршуінде, егер жолда медициналық көмекті кажет ететін болса;

  • дәрігерлер емдеген науқастардың жағдайына байланысты санитарлық көлікпен тасымалдайтындарға.

Емдеуші дәрігер науқасты тасымалдауға машина шақырғанда өзіңін аты-жөнің, жұмыс орнын айтып және бригаданы күтуі қажет.

Жедел және шұғыл көмек көрсету келесі жағдайларда бармайды және шақыртуды қабылдамайды:



  • емхана және жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның жұмыс уақыты кезінде науқастардың үйіне шұғыл медициналық көмек керек жоқ болса бармайды;

  • өлімді куәландырылу жүргізілмейді;

  • мед ициналық мекемелерге консультациялық көмек беру үшін;

  • ауруханадан науқастарды үйіне тасымалдау үшін.

Жедел және шұғыл медициналық көмек керек па, керек жоқ па,оны кезекшілік кезінде қалған кезекті аға дәрігер шешеді, шақырудан бас тартқандар өзінің аты-жөнін айту керек және кеңес беріп,қайда жолығу керек екенін айту керек.

Жәбірленген немесе науқасты госпитализациялауға мәліметті станцияның тәуліктік анықтамасы жауап береді. Жедел жәрдем көмегін алдап шақырған адамдар ҚР-ның заңдарымен айыпқа тартылады.



Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының желілі бригада дәрігерінің міндеттері

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының жүргізу бригада дәрігері диагностикалық және емдік шұғыл жағдайдан шығару, өмірге қауіпті ауруларда дер кезінде реанимациялық әдістерді білу қажет.

«Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станция міндеттерімен» танысу, қазіргі жағдайымен, бұйрықтармен, денсаулық сақтау және заңдылықтардың құрамымен жұмыс атқару керек.


  • науқасқа және зардап шегушіге медициналық көмек көрсету және де кезінде тасымалдау;

  • науқастардың жағдайына қарай емдеу және ауруханаға жеткізу сұрактарын шешу;

  • ересектермен балаларды шұғыл жағдайдан шығаруын, емдеуін, диагностикалық әдісін аппараттар көмегімен жүргізе білу;

  • шақырту тусе саласымен, оны орындауға шығу;

  • жол апатқа немесе науқастардың шақыруына бара жатқан кезде санитарлы автокөліктін бұзылуы болса, диспетчерлік анықтама арқылы аға дәрігерге хабарлау;

  • науқас немесе зардап шеғушіге оқиға болған кезде медициналық көмек көрсету және милициямен қоғамдық жұмыскерлердің көмегімен шешу (көшеде, қоғамдық ортада немесе пәтерде);

  • шақырулар кезінде болған жайсыздықтарды станциялық әкімшілікке мәлімдеу;

  • науқастың госпитализациядан бас тартуы болса аға дәрігерге хабарлау;

  • әрбір госпитализацияланатын науқас болса, оған қоса жүретін парақтың кестесін толтыру қажет;

  • госпитализацияға көрсеткіш болмай қалдырылған науқастарды, жәбірленушілерді оқиға болған жерде немесе үйінде қалдырылса медицицналық көмек көрсетіп,нұсқау беру керек;

  • жедел жәрдем шақыру машинасының нөмерін,науқасқа,туыстарына немесе таныс адамдарына аты-жөнін айту керек (дәрігердің арнайы киімінде аты-жөні жазылған бейдж болуы қажет);

  • медициналық қораптың толықтығын уақытында тексеру керек;

  • медициналық отырыстар мен конференция жұмыстарына міндетті түрде қатысу керек;

  • уақытында профессионалды білімін және істік квалификациясын көрсету керек;

  • шақыруда түсініксіз жағдайлар болған кезде маманданған консультация ұйымдастыру немесе арнайы жедел жәрдем көмек бригадасын шақыру керек.


Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштері

Қазақстан Республикасының жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіші болып тіркеуде тұрған және есеппен сұраныстың негізгі сандар қорытындысынан шығады:



  • Барлық қаралғандар:

  • абсолютті саны

  • 1000 тұрғынға шаққанда – олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға

Медициналық көмек көрсету, сонымен қатар мыналармен байланысты:

  • жайсыз жағдайлармен;

  • кездейсоқ аурулармен;

  • шұғыл тасымалдаумен;

  • жүктілік патологиясы мен босанумен;

  • амбулаторлы талқыланған;

  • кешігумен орындалған шақыру саны;

  • олардың ішінде «шұғыл көмек бойынша»;

  • госпитализацияланған;

  • стационарлармен диагноздардың ұқсасуы;

  • медициналық персоналдардың қатесіне байланысты қайта шақырылу;

  • емханалық жұмыс уақытында шақырылуы.

2-3. Кенет өлім. Тұрақты жүрек қыспасы. Миокард инфарктісі. Диагностикасы. Шұғыл көмек. Жүргізу жолы. Жеткізу шарттары

Кенет коронарлы өлім (тыныстың біріншілік тоқтауы) – бұл белгілері болмайтын жиі қарыншалар фибрилляциясымен сипатталатын, 6 сағат аралығында немесе кенеттен болатын өлім. Кенет өлімге әкелетін жиі себеп болып миокард инфарктісі табылады. Кенет коронарлы өлімнің даму механизіміне жатады: қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалар дірілі, жүрек асистолиясы, жүректің электромеханикалық диссоциациясы.

Кенет өлімнің негізгі диагностикалық критерийлері:


    • есінің болмауы;

    • тыныстың болмауы немесе тыныстың агональды типінің пайда болуы;

    • ұйқы артериясында пульстің болмауы;

    • қарашықтың кеңеюі (егер нейролептональгезия жүргізілмесе, наркотик қолданылмаса, наркоз берілмесе, гипогликемия жоқ);

    • бетінің бозғылт –сұр түсті болуы.

Клиникалық өлім кезінде болатын ЭКГ-гі өзгерісі:

  • Қарыншалар фибрилляциясы кезінде формасы, кеңдігі, биіктігі әртүрлі, тұрақсыз, хаотипті, деформацияланған қарыншалық толқындар тіркеледі.

  • Қарыншалар жыбыры кезінде дұрыс пішіндіге ұқсас қарыншалық толқындар болады, Т тісшесін, STсегіментін, QRS комплексін бөліп алу мүмкін емес, изоэлектрлік сызық болмайды.

  • Жүрек асистолиясы кезінде ЭКГ-да изосызық анықталады, толқындар немесе тісше болмайды.

  • Ырғақтың электромеханикалық диссоциациясы кезінде кейін асистолияға ауысатын идивентрикулярлыға өтетін сирек синусты, түйінді ырғақ тіркелуі мүмкін.

Кенеттен коранарлы өлім кезінде жедел көмек көрсету алгоритм 1, 2 кестелерде корсетілді.

Жүрек-өкпе реанимациясы 2 кезеңде жүргізіледі:

1 кезең - тыныс жолы өткізгіштігін қалпына келтіру, жасанды өкпе вентиляциясы, тікелей емес жүрек массажы (АВС ережелері).

2 кезең - электрлік фибрилляция жүргізу, дәрілік терапия.

Кенеттен коронарлы өлім кезінде жедел көмек бірден дефибрилляциядан басталу керек. Егер ЭКГ көмегімен жүрек тоқтауының түрін анықтау мүмкін болмаса да дефибрилляция жасау керек, яғни «соқыр» түрде жасайды. Дефибриллятор болмаған кезде реанимациялық шаралар жүргізіледі.

1. Науқастың бетін жоғары қаратып, басын шалқайтып, аяғын көтеріп тегіс жерге жатқызу керек.

2. Бірден жұдырықпен төстің төменгі бөлігіне бір- екі рет ұрып жіберу керек.

3. Тыныс жолдарына ауаның түсуін қамтамасыз ету.

4. «Ауыздан ауызға» жасанды өкпе вентилациясын (ЖӨВ) жасау.

5. Бір мезгілде жасанды өкпе вентилациясымен бірге қан циркуляциясын қамтамасыз ететін тікелей емес жүрек массажын жасау және көктамырға түсуді қамтамасыз ету керек.

6. Электрлік дефибрилляция жасау.

7. Дәрілік терапия жүргізу және 100% оттегіні қолдану.

1кесте

Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі әрекет алгоритмі

(Американдық кардиологиялық ассоциация тізбегі)

Қарыншалар фибрилляциясы немесе пульссіз тұрақты қарыншалық

тахикардия. Егер пульс болмаса. Ұйқы артериясында пульсті тексеру.

Прекардиалды соққы.



Ұйқы артериясында пульсті тексеру. Егер пульс болмаса

Тікелей емес жүрек массажы және ЖӨВ( 2:30), дефибриллятор дайындайды



Монитор бойынша аритмия түрін анықтау (қарыншалар фибрилляциясы немесе қарыншалық тахикардия)

Дефибрилляция 200 ДЖ



Дефибрилляция 200-300 ДЖ дейін

Дефибрилляция 360ДЖ дейін



Пульс болмаса –тікелей емес массаж және ЖӨВ (2:30)

Көктамыр ішілік инфузия



Адреналин 0,5-1 мг

Дефибрилляция 360 ДЖ дейін



Лидокаин 1мг/ кг

Дефибрилляция 360ДЖ



Бретилий 5мг/кг

Дефибрилляция 360 ДЖ



Бретилий 10 мг/кг

Дефибрилляция 360 ДЖ



Қайтадан лидокаин немесе бретилий

Дефибрилляция 360 ДЖ



Ескерту


  1. пульссіз қарыншалық тахикардияны қарыншалар фибрилляциясы сияқты емдейді;

  2. әрбір разрядтан кейін пульс пен ырғақты тексереді. Егер қарыншалар фибрилляциясы қайталанса, эффект берген разрядты қайталайды;

  3. әрбір 5 минут сайын адреналин енгізу.

  4. кеңірдек интубациясын бір мезетте басқа реанимациялық шаралармен қатар жасау керек. Егер ЖӨВ интубациясыз жасалса, реанимацияның бастапқы кезеңінде дефибрилляция немесе адреналин енгізу маңызды;

  5. кейбір дәрігерлер лидокаинды қайталап енгізгенді құптайды (0,5 мг әрбір 8 минут сайын, жалпы мөлшері 8 мг/кг аспау керек).

2 кесте

Егер ырғақ бұзылысының сыпаты белгісіз және қарыншалар фибрилляциясына күдік болса, онда қарыншалар фибрилляциясындағыдай дефибрилляция жүргізуге көрсеткіштер.



Асистолия.

Егер ырғақ бұзылысының сыпаты белгісіз және қарыншалар фибрилляциясына күдік болса, онда қарыншалар фибрилляциясындағыдай дефибрилляция жүргізіледі

Егер асистолия анықталса



ЖӨВ және тікелей емес массажды жалғастыру (2:30)

Көктамыр ішілік инфузия қою



Көктамыр ішіне адреналин 0,5-1мг

Кеңірдекті интубациялау.



Қатал бақылауда көк тамыр ішіне атропин 1мг енгізу ( 5 мин кейін қайталау)

Натрий бикарбонатын енгізу



Электрокардиостимулацияны қолдануға болады.


Электромеханикалық диссоциация.

ЖӨВ және сыртқы жүрек массажын жалғастыру (2:30)



Көктамыр ішілік инфузияны қою

Адреналин 0,5-1 мг көктамыр ішіне



Кеңірдек интубациясы

Мүмкін болған жағдайда электрокардиостимуляция қолданылады



Жүрек өкпелі реанимациясы (ЖӨР) жүргізуден бас тарту мүмкін болатын жағдайлар:

1. терминалды сатысындағы жазылмайтын аурулар;

2. егер жүрек соғысы тоқтағаннан кейін 5 минут өтсе.

Мынадай жағыдайлар туындаса, ЖӨР-ды тоқтату керек :

1. жүргізу барысында ЖӨР науқасқа ешқандай нәтиже бермесе;

2. барлық қажетті әдістерді пайдаланғанда 30 минут арасында ЖӨР нәтижесі анықталмаса.



ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) – жедел немесе созылмалы жүректің зақымдалуы. Миокардқа қанның келуінің азаюы немесе тоқтауы.

Жүрек қыспасы-ЖИА клиникалық формасы. (миокардқа оттегінің жетіспеуінен болатын төс артындағы ұстамалы ауырсыну). Тұрақсыз жүрек қыспасы - ЖИА сатылары мен кезеңін анықтайды, онда миокард инфарктісі мен кенет өлім даму қаупі жоғарылайды.

Тұрақсыз жүрек қыспасының диагностикалық критерийлері:

1.Алғаш пайда болған стенокардия (алғашқы ұстама пайда болғаннан кейін бір айға дейін).

2. Үдемелі жүрек қыспасы (ауырсыну интенсивтігіне, ұстаманың ұзақтығына және жиілігіне байланысты жүрек қыспасының күшеюі).

3. Спонтанды стенокардия ( ангиоспастикалық, вариантты, Принцметалл).

4.Ерте инфарктан кейінгі жүрек қыспасы (миокард инфарктісі пайда болғаннан 14 күннен кейін).

Тұрақсыз стенокардияны емдеу жоспары:

1.Ауырсынуды басу.

2.Миокард ишемиясын антиангиналды заттармен жою (нитраттар, бета-адреноблокаторлар, кальций антагонистері).

3. Антиагреганттар және антикоагулянттар көмегімен өлім мен жедел МИ түзілу қауіптілігін азайту.

4.Баллонды коронарлы ангиопластика және аорта-коронарлы шунттау.



Жедел миокард инфарктісі

Анықтамасы: миокард инфарктісі -ол жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроздануы және жедел коронарлы қанайналымның жеткіліксіздігінен дамиды.

Жіктелуі:


  • жүрек бұлшықетінің зақымдалуы мен тереңдігіне;

  • ауру дамуының түріне;

  • МИ локализациясына қарай;

  • аурудың сатысына қарай;

  • МИ асқынуына байланысты.

Жүрек бұлшықетінің зақымдалу тереңдігіне және көлеміне қарай: трансмуралды және трансмуралды емес МИ.

Аурудың даму түріне қарай бөлінеді: біріншілік, екіншілік, қайталанған (рецидивті) МИ.

Біріншілік МИ –бұл науқас өмір тарихында және аспаптық тексерулер кезінде МИ –тың ешқандай белгілері бұдан бұрын анықталмаған жағдайда біріншілік МИ деп аталады.

Екіншілік МИ-бұл егер науқаста құжаттық мәліметтер бойынша басынан өткерген МИ анықталса және жаңа некрозды ошақтың нақты белгілері анықталса.

Қайталамалы (рецидивирленген) МИ –бұл клинико-лабораторлық және аспаптық белгілерімен жаңа некроз ошағы 72 сағаттан (3күн) 28 күнге дейінгі уақытта пайда болған немесе негізгі тыртықтану процессінің аяғында пайда болған МИ.

Орналасуына қарай МИ: алдыңғы септалді (алдыңғы перде); алдыңғы ұшы; алдыңғы бүйірлі; алдыңғы базалды (алдыңғы жоғарғы); жайылған артқы (септалды ұшы, бүйірі); артқы көкеттік (төменгі); артқы бүйірлі; артқы негізгі; жайылмалы алдынғы; оң жақ қарыншаның МИ.

Аурудың ағымы бойынша:


  • аса өткір кезеңі-МИ басталғаннан кейін 2 сағатқа дейін;

  • жедел кезеңі-МИ басталғаннан 10 күнге дейін;

  • жеделдеу кезеңі-МИ пайда болғаннан 10-шы күннен 4-8 аптаға дейін;

  • инфарктан кейінгі кезең- МИ пайда болғаннан 4-8аптадан кейін.

МИ –тың жиі жайылмалы асқынуларына жатады: жедел сол қарынша жеткіліксіздігі (өкпе ісінуі); кардиогенді шок; қарыншалық және қарынша үстілік ырғақ бұзылысы болады; өткізгіш бұзылысы (СА блокада, АВ блокада, Гис аяқшаларының блокадасы); жедел сол қарыншаның аневризмасы; сыртқы және ішкі миокард жыртылуы, жүрек тампонадасы; асептикалық перикардит; тромбоэмболия.

Диагностикалық критерийлер:

Шағымы және анамнезі - МИ негізгі клиникалық белгілеріне ангинозды ауыр-сыну жатады. МИ кезіндегі ангинозды ауырсыну жүрек қыспаға ұқсас. Бірақ ауырсыну күштірек және «тесіп», «ашытып», «пышақ сұққандай», «шаншып» сияқты сипатта болады. Ауырсынуды сезу толқын тәрізді дамиды, кезеңімен азаяды, бірақ ауырсыну толық басылмайды. Ангиналды ауырсынудың орна-ласуы көбінесе кеуде іші, сирек –сол жақ кеуде клеткасының жартысы немесе құрсақ үсті аймағында орналасады. Ангинозды ауырсыну сол жақ жауырынға, иыққа, сол жақ қолға тарайды, көбінесе таңертеңгілік уақытта, нитроглицерин әсеріне басылмайтын бірнеше сағатқа созылатын ауырсыну пайда болады.

МИ пайда болуының бастапқы кезінде пайда болатын басқада варианттар бар. Олар: демікпелік, абдоминалды, аритмиялық, цереброваскулярлы немесе симптомсыз.



  • Демікпелік түрі –көбінесе МИ көлемді, қайталанған науқастарда кездеседі. Клиникасында жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі дамиды.

  • Абдоминалды түрі-ауырсыну синдромының орналасуы диспепсиялық көрністерімен сипатталады. Көбінесе төменгі миокард инфаркты дамиды.

  • Аритмиялық түрі-клиникалық көрнісінде айқын ырғақ және өткізгіш бұзылысы байқалса, пароксизмдер, суправентрикулярлы немесе қарыншалық тахикардия, толық АВ блокада дамиды.

  • Цереброваскулярлы түрі-көбінесе егде жастағы науқастарда немесе бас қан айналысы бұзылған адамдарда боладыОл бас айналу,құсу кей-де–бас миының қанмен қамтамасыз етілу бұзылыстарының белгілері-мен сипатталадыКейде бұл шағымдар сирек немесе мүлдем болмайды.

Жедел МИ –тың симптомдарының сипаттамасы: ангинозды ауырсыну синдро-мы, инспираторлы ентігу, тері жамылғысы мен түсінің өзгеруі (бозарған, мра-морлы, цианоз), суық, жабысқақ тер; науқас қозғыштығы, қозғалыстың нашар-лауы, өлім үрейі, полиурия. Физикалды тексерулер: тері жамылғысының бо-заруы, суық тер, жүрек тондары көмескі; артериялық қан қысымы төмендеуі мүмкін, әсіресе систолалық, кейде артериялық қан қысымы аздап көтерілуі мүмкін немесе ИМ гипертониялық криз айясында пайда болуы мүмкін; тыныс алудың нашарлауы (ентігу, тыныс алу жетіспеушілігі).Лабораториялық тексе-рулер: экспресс тесттің көмегімен тропонин -Т анықтау. Аспаптық тексеру-лер: ЭКГ-жүрек бұлшықетінің некроз ошағын, оның тереңдігін және локализация-сын анықтайды. ЭКГ белгілерін келесі белгілермен көрсетеміз: патология-лық Q-тісшесі, R-тісшесінің амплитудасының төмендеуі, QRS-және Т –тісшелерінің дискордантты болуы, сол жақ Гис шоғыры блокадасы. Ал субэндокардиалды МИ-да ЭКГ да болатын өзгерістер: Q – тісшесі болмайды, 2 мм ST сегіментінің изо сызықтан төмен болуы.

Медициналық көмек көрсету тактикасы:



  1. Ем мақсаты: өмірге қажетті мүшелер қызметін жақсарту.

  2. Медикаментозды емес емдеу: физикалды және эмоционалды тыныштық.

  3. Медикаментозды емдеу:

    • нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль түрінде 0,4-0,5мг сублингвалды түрде беру, эффект болмаса қайталау. Изокет-аэрозоль түрінде 1-2 дозада , әсер бермесе қайталау,

    • ацетилсалицил қышқылы 325 мг шайнау;

    • оттеғі беру;

  • ауырсынуды басу: морфин, фентанил, прометазин, дроперидол, тромадол;

  • коронарлық қан айналымды жақсарту үшін изосорбит динитрат 10 мг инфузиясын көктамыр ішіне тамшылатып;

  • қарсы көрсеткіштер болмаса атенолол 50-100 мг көктамыр ішіне;

  • стрептокиназа 1500000 ЕД көктамыр ішіне тамшы түрінде.

  1. Ауруханаға зенбілмен тасымалданады.

4-5. Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің жедел бұзылыстары. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет