35
Субъективті саяси қызығушылық былайша орын алады:
- шынайы, субъектінің саяси жағдайдағы әрекеті:
- жалған, мифологиялық тұрғыдан.
Жалпы қоғамның негізгі қызығушылығы –
халық билігі ретінде
демократияны қолдау.
№6 Дәріс: Отбасы әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.
2. Отбасы әлеуметтануының пәні мен оның функциялары.
3. Мұсылмандық түсініктегі әйел теңдігі
4. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.
1. Отбасы және неке әлеуметтануның адамның тіршілік әрекетінің
формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы
мен өзгеруінің ішкі және
сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және
қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды.
Отбасы және
неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретінде неке және осы
қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи
белгілі бір ұйымдасқан
ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір
айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектін
арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың
әлеуметтік формасы
ретінде пайымдалады. Ал отбасын тарихи белгілі бір ұйымдықты меңгерген
шағын әлеуметтік топ ретінде және бір мезетте ерекше әлеуметтік институт
ретінде қарастыру анықталған. Отбасына деген әлеуметтік қажеттілік ең
алдымен қоғамның халықты физикалық және рухани жағынан ұдайы өңдіру
мұқтаждығынан туындаған.
Отбасындағы көшбасшылық, оны анықтаудың
өлшем-бірліктері, отбасының қоғам
алдында атқаратын міндеттері, некеге
отыру мен ажырасудың уәждері үлкен зерттеуді
тудырып келе жатқан
мәселелердің қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: