Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде 
зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері 
отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың 
өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады. 
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін 
тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті 
бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының 
бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын 
нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты. 
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне 
қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір 
ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты 
Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат 


36 
тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами 
алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің 
қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу 
адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы 
тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды. 
XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің 
бес 
түрі 
қалыптасты: 
интеракционистік, 
құрылымдық 
-
функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. 
Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, 
төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, 
экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік 
топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық 
қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ 
тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді". 
Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының 
басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет