42
әйелдердің тең хұқықты болуын талап етеді. Құранда бұл жайында былай
делінген: «
Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасында әсте әділдік
істей алмайсыңдар. Ендеше, мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай
етіп қоймаңдар. Егер түзеліп сақсынсаңдар Аллаһ тағала тым
жарылқаушы, Ерекше мейірімді» [3].
Адам тіпті әділетті болуға мүдделі болғанда да әділетті бола
алмайды. Пайғамбардың айтуы бойынша әйел - жүріс – тұрысында мін
жоқ, кіршіксіз таза, үлгілі әйел болуы керек. «Үйлеріңде отырыңдар -
бұл әйелдің ең құрметті орны». Өзінің үйі, міндеті, мұраты - ошағының
сақшысы болу, бар өмірін бала тәрбиесіне арнау керек дегенді білдіреді.
Қайсысы дұрыс: әйелдің жұмысбасты болып, балаларын бағушы,
немесе
балалар бақшасына бақтырғаны ма, немесе әйелдің үнемі баланың жанында
болып, бар күшін, бар ойын соның тәрбиесіне жұмсағаны ма? Жауабы
айдан анық: өз анасының бауырында, оның мейіріміне шомылып өскен
балалар, өзінің бар күшін, ақыл - ойын қоғамдық жұмысқа сарп еткен
әйелдің балаларына қарағанда анағұрлым денсаулығы мықты және
тәртіпті болады. Бұл ислам әйелдің мемлекет және қоғам ісіне араласуына
қарсы деген сөз емес, бала тәрбиесінің дұрыс жолын анықтағаны. Мұсылман
әйелдің ел басқарғаны қаншама, өлең – жыр жазып ақын болғаны, білім қуып
ғалым болғаны,
батыр болып соғысқа қатысқаны, небір білімді, асқан
дарынды, өкіметте еркек адамдармен қатар отырып, билікке қатысқаны
қаншама?
Ислам мәдениетіне сай қоғамға пайдалы болу үшін барлық дінге
сенушілер оқу, білімге құмарту керек, әйел де, еркек те. Бұл
мұсылмандардың қасиетті міндеттері. Сонымен қоса ислам әйелдерге
еңбекпен айналысуға да тыйым салмайды.
Керісінше, Құран әйелге өз
тұлғасына сай пайдалы іспен айналысуға рұқсат етеді. Тек, атқарылар іс
ауыр, қиын болмауы тиіс дейді. Бұл жерде әйелдің нәзіктігі назарға алына
отырып, әйелге деген жанашырлық байқалады.
4. ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа
заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты
дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі
некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі
жұбайлардың мүліктік құқықтары мен
Достарыңызбен бөлісу: