Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын зерттеумен 
айналыса отырып, олардың адамдар әрекетінде пайда болуын, идея түрінде 
таралуын және сақталуын анықтайды. 
Кең мағынада мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы ғана 
емес, ол қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін қамтып, өзінің ерекше 
дүниетанымымен басқаша қырынан қарайды. Кез келген мақсатты 
әлеуметтік әрекеттерден мәдениеттің мәнің көруге болады: еңбектен, 
тұрмыстан, саясаттан, денсаулық сақтаудан, білім беруден және т.б. Тар 
мағынада мәдениет әлеуметтануы рухани салада ғана орын алатын пән 
болып табылады. Мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан зерттеуде оның 
аксиологиялық аспектілері ерекше мәнге ие болады, яғни мәдениеттің 
элементтерін біріктіріп жүйеге айналдыруға мүмкіндік тудырады. 
Мәдениет әлеуметтік зерттеулер барысында келесі міңдеттерді шешуі 
қажет: а) репрезентативтік идеяларды анықтауға, б) олардың өндірушілерін 
тағайындауға, в) каналдары мен оларды тарату құралдарын анықтауға, г) 
әлеуметтік топтар, институттар мен қозғалыстардың қалыптасуы мен 
құлдырауына тигізер ықпалдарын бағалау. 
2. Әлеуметтануда бөлудің біршама дәстүрлі формалары мен мәдени 
құбылыстарды эмпирикалық талдаулар орын алады. 
Тасмалдаушы – субъект бойынша мәдениет қоғамды тұтас бөліп 
қарастырады. Осы тұста мәдениет әрдайым өз үйлесімділігін табалмай 
жатады. Мысалыға бүгінгі тандағы ұлттық мәдениеттерді, қоғам мен жеке 
мәдениет араларындағы келіспеушіліктерді келтіруге болады.
Функционалдық ролі бойынша мәдениетті жалпы, яғни қоғамның 
барлық мүшелеріне қажет және ерекше, яғни тек кәсібіне ғана байланысты 
бөлуге болады. 
Бірақ та бұлардың арасында қатаң орын алған шекара жоқ, яғни олар 
қажеттіліктеріне байланысты бір біріне өтіп, қабылданып отырады. 
Пайда болуына байланысты (генезисіне) халықтық мәдениет, яғни 
нақты жеке авторының болмауы (мысалы, фольклор) және «ойшылдар 
мәдениеті», яғни кәсіпқойлардан, интелегенциядан туылған; олардың 
авторын кездестіруге болады. 
Мәдениеттің түріне байланысты материалдық мәдениет (мысалы, 
материалдық игіліктерге байланысты өндірілген мәдениеттер) және рухани 
мәдениет (өнер, шығармашылық, ғылым және т.б.) 
Мәдениеттің материалдық және рухани болып бөлінуі шартты түрде. 
Өзінің сипатына және «арнаулы мақсатына» байланысты мәдениет діни және 
зиялы болып бөлінеді.
Әлеуметтану мәдениет дамуының негізгі бірнеше занңдылықтарын 
бөліп көрсетеді.

Қоғам өмірінің табиғи және жасанды жағдайларына тәуелді мәдениет 
түрі өзгермелі болып келеді. 


46 

Мәдениет дамуының сабақтастығы. Ол уақытша (тік) және кеңістікте 
(көлденең), позитивті (мәдени дәстүрдің жалғасуы) және негативті (бұрынғы 
мәдениетті терістеуші) болуы мүмкін. 

Мәдениет дамуының біркелкі болмауы, яғни екі аспектіде орын 
алады: а) өркендеу мен құлдырау мәдениеті; б) мәдениет түрінің өзі біркелкі 
дамымайды. Бүгінгі экологиялық мәдениеттің мүлдем болмауы. 

Мәдениет үдірісіндегі жеке адамдардың, тұлғалардың ерекше ролі. 
Мәдениеттің қызмет етуі мен дамуы үшін жоғарғы маңызға ғылым мен 
технология ие болып, өндірістер мен мәдени құндылықтардың таралуы үшін 
жаңа мүмкіндіктерді ашуда. Сапалы үш секірісті атап көрсетуге болады: 

жазбаның пайда болуы, көптеген мәдени шығармалардың сақалуына 
алып келді. 

кітап баспаларының пайда болуы, мәдени өнімдердің көптеп 
таралуына алып келді. 

ғылым мен техниканың бүгінгі жетістіктері (теледидар, география, 
архитектурадағы жаңа материалдар және т.б.). Олардың және негатиаті 
жақтары. 
Ғылыми техникалық революция бұқаралық мәдениеттің кең таралуына 
мұрындық болды. Бұқаралық мәдениет идеясы 20 жылдары бұқаралық қоғам 
доктринасының шеңберінде пайда болды. ХХ ғасырдағы бұқаралық қоғам 
теориясының пайда болуы, класстық поляризация жоғалып және тарихи 
үдірістегі басқарушы ролді «бұқараның» алуынан. «Бұқара» ұғымы тек 
сандық тұрғыдан ғана сипатталмай, сонымен қатар сапа жағынанда көрінеді: 
тұлғаның жоғалуы, сезімнің орын алуы, интеллект және өз ісіне, шешіміне 
жеке жауапкершіліктің азаюы. Лебон мен Тардтың ойынша, қоғам бұқара 
(немесе тобыр), жан жағындағы орын алып жатырған әрекеттердің мәнің 
түсінбейтін және жоғарғы мәдени құндылықтарға қол жеткізген элита болып 
екіге бөлінеді. Осыдан келіп «тобыр» әлеуметтік машинаның элементін 
құрап, «бұрандасына» оның қажеттілік жатады. Тобырлық мәдениет шынайы 
мәдениетке қарсы шығады. 
Тобырлық мәдениеттің мәнінің астарында тек қажеттілік қана жатыр. 
Оның басты функциясы – көңіл көтеру, ләззат алу. Бұл әлеуметтік тапсырыс 
негізінде ішкі даму көзі мен функцияларынан айрылған мәдениет болып 
саналады. Тобырлық мәдениеттің орын алуы адамдардың тез, жеңіл оймен 
бейімделуінен. Нәтижесінде тобырлық мәдениет бизнестің ерекше бір түріне 
айналады, яғни адам оның қажеттілігін қанағаттандырушы. Тобырлық 
мәдениеттің мысалы ретінде теледидардағы шексіз сериалдарды келтіруге 
болады. 
Тобырлық мәдениеттің шоғырланып таралуы –китч (нем. сөзінен 
Kitsch-халтура, талғамсыз, штамп). Ол бұқаралық урбанизациялану кезіңде 
пайда болады, яғни ауылдан қалаға келіп, өзінің ортасын таба алмаудан. 
Китчаның міңдеті – сағым бақытты тудыру. Дәл осы китчаның кең тарлуы 
батыс әлеуметтанушыларын мынадай қорытындыға алып келді, яғни 
халықтардың материалдық және мәдениет деңгейлерінің арасында керісінше 


47 
байланыс бар: өмір сүру денгейінің тез арада өсуі, олардағы рухани 
сұраныстын азаюына алып келеді.
Батыста 60- жылдары тобырлық мәдениет өзінің мазмұны жағынан 
күйзеліске ұшырады. Батыс европалық елдердегі мақсатсыз жасалған жастар 
бүлігі, тобырлық мәдениеттің тиімсіз жақтарын көрсетіп берді. Мынадай 
қорытынды жасалды, яғни бір қоғамдық идеалды әртүрлі топтар (жасына, 
кәсібіне, 
аймағына 
және 
т.б.) 
әртүрлі 
әдістермен 
қабылдады.
Әлеуметтанушылардың алдында мынадай міңдеттер тұрды: 

мәдени белгілеріне байланысты топтарды анықтау. 

олардың бір-бірімен байланысындағы ортақ қызығушылығын 
анықтау. 

сол немесе басқада топтарға әрект ету құралдарын, жолдарын және 
әдістерін анықтау.
Тобырлық 
мәдениет 
әртүрлі 
әлеуметтік 
топтардың 
ерекше 
сипаттарымен толықтырылады. Шынайы және тобырлық мәдениет өздерінің 
мақсаты және құндылықтары бойынша бір-бірінен ерекшеленсе, онда суб 
және контрмәдениеттер - әртүрлі әлеуметтік топтын мәдениеті: ересектер, 
кәсіпқойлар, аймақтық және т.б. Одан басқа оларды ұсақ мәдениет деп те 
атайды. Кез-келген субмәдениеттің жалпыдан ерекшелеп тұратын, өзінің 
құндылықтары, мінез-құлқы, киім киюі, тіл табысу мәнері болады. Осымен 
қатар субмәдениет белсенді түрде осы өмір сүру бейнесін және 
қызығушылықтарын қорғауға әрект етеді (жабық немес ашық агрессиялар). 
Соңғы жылдары әлеуметтанушылар жастар субмәдениетін зерттеуге көп 
назар аударуда. Ұзақ уақытқа дейін кеңес қоғамында, яғни әлеуметтік 
біркелкілікте жастардың өздеріне тән құндылықтары бар екендігін 
мойындамай келді. Өзіндік ерекшелігі бар басқа формадағы мінез-құлықтар 
орын алуы аномалия, әлеуметтік ауытқулар немесе батысқа еліктеу ретінде 
қарастырылды. Кейбір позициялар бұл ауытқуларды, қоғамды өзіне назар 
аудартушылар - деп ұсынды. «Формалды емес жастар ұйымы» термині 
осылайша өмірге келіп, күнделікті қолданысқа айналды. Батыс 
әлеуметтануында бұл құбылысты түсіндіру үшін peer group категориясын 
пайдаланады. Peer латынның par(тен) сөзінен шыққан, яғни теңдік тек жас 
жағынан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік статус, көзқарас, құндылық, 
міңез-құлық нормаларының бірдей болуы.
Жастардың субмәдениеттік белсенділігі бірнеше факторларға тәуелді: 

білім алу денгейінен. Студенттер мен арнайы мамандандырылған оқу 
орындары студенттері. 

жас ерекшелігінен. Белсенділіктін арту шыны- 16-17 жас, 21-22 жас 
аралығында ол аздап төмендей бастайды; 

өмір сүретін жеріне байланысты. Қалада тұрушылардың саны көптеп 
кездеседі, оларда мүмкіндіктер көп бола тұрсада. 
Жастардың формалды емес бірлестіктері әлеуметтік бағыттарының 
сипатына, топтық құндылықтарының түріне, бос уақыттарын өткізу 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
ерекшеленеді. 
Олардың 
біршама 


48 
танымалдылары қазіргі әртүрлі спорт түрлеріне, музыкаға, биге әуесқойлар 
– шамамен 80%. Қалғандары әртүрлі салада. 
Субмәдениет, билік етіп отырған мәдениетке ашық түрде 
келіспеушілікке шықса, онда ол контрмәдениет деп аталады. Бұл термин 
американ әлеуметтанушысы Т.Раззактын еншісінде, яғни ол бұны Батыстын
60 жылдарындағы жастар қозғалысын сипаттау үшін қолданды. Басқаша 
айтқанда, контрмәдениет - бұл белгілі бір әлеуметтік топтың комплексінің
құндылық және нормаларының жиынтығы, яғни қоғамда билік етіп отырған 
жалпы мәдентке қарсы шығу. 
Мәдениеттің іштей біркелкі емес екендігін ескере отырып, 
әлеуметтанушылар көп қырлы моделін жасауға тырысып, яғни қоғамның 
жан-жақты өзгеруі мәдениеттің әртүрлі өлшемін қалыптастыруда. Осы 
жүйенің астарында мәдениет субординация принципі бойынша емес, 
бағынушы, қосымша принцип бойынша қатынас жасауда. Осы модель 
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік тапсырыстың белгілі бір мінез-құлық 
арасындағы өзара байланысты анық қадағалауына мүмкіндік тудырады. 
Тұтас адамзат мәдениеті көптеген әртүрлі мәдениеттен жинақталып, 
толысқан мәдениеттін бейнесін жасайды. Барлық мәдениеттер қажетті, 
толысқан және бір-бірінін орының баса алмайды. 
Ешбір мәдени үдірісті категориалды және бір жақты «жақсы немесе 
жаман» айтуға болмайды, әсіресе біздің елімізде орын алып отырған бүгінгі 
мәдени жағдайды. 
Бірақта біршама тенденциялар өз мәнің ашуда. 

Мәдениетті деидеологизациялау және мәдениетке деген мемлекеттік 
монополияның жойылуы. Бір жағынан қарағанда бұл мәдениет сферасында 
еркін тандауға және біршама шығармашылық еркіндікке алып келсе, екінші 
жағынан мәдени өнімдердің сапасының жоғалуына, денгейінің түсуіне алып 
келуде. 
Мәдениетті коммерцияға айналдыру және жекелендіру. Бүгінгі 
уақытта бұл үдіріс бір жақты бағыт алуда: қайтадан жинақталған отандық 
капитал – эротикалық және детективтік жеңіл индустрияға көп көңіл 
аударуда. 

Революцияға дейінгі мәдени мұраларға қызығушылықтын артуы, дін 
мен мешіттерге. 

Ұлттық мәдениеттің ерекшеленуі және оларды саясаттың құралы 
ретінде пайдалануды. 

Мәдени-коммуникативтік дүниелердің орын алуынан кітап оқу, 
театр, музей, кітапханларға барудың азаюы. 
Қоғам өміріндегі мәдениеттің ролі мен орнының, даму заңдылықтарын 
зерттеудің тәжірибелік мағынасы өте зор. Қазіргі жағдайда анық көруге 
болады: халықтың мәдени деңгейін көтермей экономикалық және саяси 
бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін еместігін. Басқаша айтқанда мәдени 
денгейді көтеру – әлеуметтік - экономиканың өсуінің алғы шарты. 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет