Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі


Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

Зерттеу объекті мен пәнін белгілеу 
Социологиялық зерттеудің объектісіне кең мағынада әлеуметтік үрдіс 
немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан 
тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады. 
Тар мағынада социологиялық зерттеу объектісіне қандай да бір 
әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың 
әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады. 
Зерттеу объектісін суреттеу барысында келесі сипаттамаларды ескеру 
қажет: кәсіптік ерекшелігі, кеңістік шектеулігі (ауыл, қала), функционалды 
бағыттылығы (өндірістік, тұрмыстық, саяси және т.б.), уақытша 
шекаралары (зерттеу жүргізу мерзімін белгілейді). 
Социологиялық зерттеудің кезеңдері өндірістік циклдарға байланысты 
белгіленеді(жұмыс күні, жұмыс сменасы). 
Зерттеу пәні зерттеу мәселелерін едәуір толық айқындайтын, объект 
қасиеттері мен жақтарынан тұрады. 
Түсініктердің интерпретациясы мен операционализациясы 
Бағдарламаның бұл бөлімінде түсініктердің операционализациясы мен
интерпретация процедуралардың көмегімен социологиялық зерттеудің 
теоретикалық концепциясы бастапқы ақпарат жинаудың инструментарийне 
айналады. 
Социологиялық талдау пәнінің мәнін ашуға зерттеу мәселесінің 
теоретикалық түсінуіне қызмет ететін, бірқатар шешуші түсініктер мен 
категориялар қолданады. 
Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау 
деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек 
сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген 
ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық
интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен 
салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы). 


58 
Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, 
«Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « 
еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек 
ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын 
атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының 
қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді. 
Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның
құрушылардың 
ажыратылуын 
белгілейді.
Негізгі 
түсініктерді 
интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация 
түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке 
түсініктердің ізденісін іске асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет