Ретритизм - қоғамдағы мәдени нормалар мен құндылықтардан, шынайы өмірден бас
тартып,ішкі өзіндік әлемінде индивидтің өмір сүруі.
Ритуализм - өзіндік мақсатына жетуге жағдай жасайтын кез-келген ортаға бейімделу түрі.
Инновация - Р.Мертонның теориясы бойынша, қоғамның мақсатымен келісіп,оған
жетудің жолдарын қолдамайтын ауытқушылық әсері.
Конформизм - билеуші пікірді,дәстүрді,принциптерді пассивті түрде қабылдау.
Гуманизм - тұлға ретінде адами қатынастарды бағалау өлшемі.
Оқу - адамның білім саласындағы негізгі әрекеті.
Үйрену - бастапқы схемалардың жаңа объектілерге,оның құрлымын өзгету жолымен
бейімделуі.
Дайындау - белгілі бір әрекетке әзірлікті таңдау, қалыптастыру, бейімделу, талаптану,
коммуникация, қайсыбір әрекет формаларының құндылықтарының өнімділігін арттыру
механизмдерін дамыту жолдары.
Мектеп - өзіндік функциясы оқыту болып табылатын, қазіргі білімнің базалық институты.
Мемлекет - қоғамдық ресурстарды таратушы, басқаруды жүзеге асырушы әлеуметтік
ұйымдардың жиынтығы және әлеуметтік институт.
Саяси субьектілер - жеке адам немесе әлеуметтік топ.
Бюрократия - істің мәніне формалды қарау.
Плутократия - ақсүйектердің саяси билігі.
Легитимділік - халықтың үстемдік етуші саяси билікті мойындауы,оның заңдылықтары
мен шешімдерін растауы.
Егемендік - мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның дамуына жағдай жасайтын қоғамдық құрылыс.
Тоталитаризм - азаматтардың және қоғамдық салалардың барлық аумағының мемлекет
тарапынан бақылауға алынуы.
Харизматикалық билік - ерекше қасиеттерімен көзге түскен адамның халыққа билік
жүргізуі.
Харизма - ежелгі грек тілінде «құдай сыйы» деген ұғымды білдіреді.
Жеке меншік - ерекше кірісті иемдену.
Достарыңызбен бөлісу: |