10
2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды,
қатынастарды анықтау заңы.
Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те
аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы
байланысын, қатынасын бейнелейді.
3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды
бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты — ол
қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы
байланыстардың болу
мүмкіндігін білдіретін ықтималдылық заңы.
5.Әлеуметгік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы
байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеу-меттану жалпы теориялық
ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық
өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл — көпжақты әлеуметтік
байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды
қамтыған тұтас қоғам
болуы мүмкін немесе қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика,
әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді-кішілі
әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар
таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық, топтар, бұларға қоса
жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа
да
ұжым-дар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар
болуы да мумкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны — жеке
тұлға, оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның
бас-тапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-пси-
хологиялық
байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған муд-
десіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар, т.б.
болуы әбден мумкін. Көріп отырғанымыздай,
әлеуметтанудың ғылым
ретіндегі обьектісінің шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжакқты. Бұл
жағдай оның білімдік құрылымын анықтауга мейлінше көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: