Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі


Бүгінгі таңдағы ҚР ғылымындағы білім беру жүйесінің даму күйі



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

Бүгінгі таңдағы ҚР ғылымындағы білім беру жүйесінің даму күйі. 
2011-2012 жыл барысында білім беру жүйесіне бөлінген қаражат 7,5 есеге 
өсті. ЮНЕСКО мәліметінше, Қазақстан 129 елдің Индекс бойынша білім 
берудегі дамуы денгейінің арасында төртінші позицияны иеленіп отыр. 
Халықтың сауаттылығы деңгейінен Қазақстан 177 елдің арасынан 14 орынға 
ие. Қазақстан ТМД ішінде бірінші болып толықтай әлем мойындаған үш 
деңгейлі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне өтті, 
Болон үдірісінің толықтай қатысушыларының біріне айналды.
Президенттің ұйғарымымен қиыншылық 90-жылдардың өзінде-ақ әлемде 
орын алмаған білім берудің керемет жобасы ұсынылды. Ең алдымен – 
әлемнің атақты университеттерінде жастарды дайындау мақсатында 
«Болашақ» Президент бағдарламасы, 1993 жылдан бастау алды. 
Бүгінгі танда 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытуға 
Мемлекеттік бағдарлама, «Ғылым туралы» Заң, Назарбаев Университеті, 
Интеллектуалдық Назарбаев мектептерінің мәртебесі туралы Заң 
қабылданды. «Білім беру туралы» Заңға – білім берудің сапасын
оқытушының мәртебесін арттыруға және т.б. ерекше назар аударылып, 
айтарлықтай өзгерістер еңгізілді. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға екі маңызды аспектіні атауға 
болады. 
1) «Балапан» бағдарламасы бойынша жаңа құрылыстар салынып және 
ескі бала-бақшалардың қайтарылуы. 
2) мемлекеттік-жеке серіктестіктердің шынайы жұмыс жасау механизмін 
іске қосу. Мектепке дейінгілерді тәрбиелеуге қаражат бөлу.
Орта білім беру сферасында 2015-2020-жылдары он екі жылдық оқу 
үдірісіне көшуді қарастыру.
Маңызды факторлардың қатарына: 
1) Назарбаевтың Интеллектуалдық мектептерінің ашылуы. Қазіргі 
уақытта 6 мектеп жұмыс жасауда, негізі жоспарда 20. 
2) білім 
берудің 
барлық 
деңгейін 
сапаландыру 
мақсатында 
орталықтандырылған мемлекеттік бақылау ұйымдастырылады. 
3) оқытушының мәртебесін арттыру. 
4) білім беруді ақпараттандыру. 
Қазіргі уақытта білім беруді ұйымдастырудың 50% интерактивтік 
кабинеттер мен құралдарға ие, 98% мектеп Ғалам торға шығу мүмкіндігі бар. 
5) 2011 жылдан бастап 44 білім беру ұйымдарына E-learning электронды 


30 
оқу еңгізілсе, 2012 жылы 537 ге, 2013 жылы 926 ға артпақ. 
2015 жылы электронды оқу жүйесін пайдаланушылардың қатары 50%, 2020 
жылы 90% құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беруге жұмыс 
берушілердің қатысуын қамтамасы ететін корпортивтік басқару жүйесі 
еңгізіледі. Жоғары білім беру жүйесі өзгеріске ұшырайды. 
2011 жылдан «Болашақ» бағдарламасы бірінші орында жоғары оқу орнынан 
кейінгі оқуды алу мен ғылыми машықтануға бағыталады.
Назарбаев Университеті жоғары оқу орнындары арасындағы ең беделдісі 
болып саналады.Ол әлемнің ең үздік университеттерімен өзара байланыста 
болып, олардың ғалымдары мен профессорларын тартуға тырысуда. 
20 жыл ішінде бірінші рет Ел басының ұйғарымымен «Студенттер үйі» 
мемлекеттік бағдарламасы орын алды. Ол студенттерді жатақһанамен 
қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қазақстан білім беруі шет ел студенттерін де 
қызықтыруда. Бүгінгі танда олар Қазақстанда 10 мыңнан асады. 
Жоғары білім беру жүйесіндегі бірнеше қағидалы өзгерістер жоғары оқу 
орындарына жаңа классификациялардың еңгізілуімен байланысты. 
Енді алты салада өрбиді: ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу 
орындары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар мен 
институттар. 2015 жылы 2-3 зерттеу университеттерін ұйымдастыру 
жоспарда тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет