Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі


Биліктің дәстүрлі тармақтары



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

Биліктің дәстүрлі тармақтары: 
- заң шығару (Президент, парламент). 
- орындаушы (Премьер, министерлер кабинеті). 
- соттық (сенат, әлеуетті министерліктер). 
Кейде бұқара әрекетінің салдарына байланысты «төртінші» билік – 
бұқаралық ақпарат құралдарын қосуға болады. 
2. Саяси әлеуметтену – бұл мәдени құндылықтарды, саяси бағыттарды 
игеріп, осы қоғамда орын алып отырған саяси мінез-құлық формаларын 
меңгеру. Нәтижесінде индивид пен топтардың саяси әлеуметтенуі белгілі бір 
саяси мәдениеттің негізінде, саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз 
ететін қабілетке ие болады. Саяси әлеуметтенудің мазмұны адамдардың, 
белгілі бір саяси жүйеде орын алып отырған құндылықтар мен нормаларда 
тіл табысып, саяси белсенділік дағдысын қалыптастыру, жүргізіліп отырған 
саясаттың әдісі мен мақсаты туралы ақпараттар алу. 
Саяси әлеуметтенудің екі типін: тікелей (бірінші) және жанама (екінші) атап 
көрсетуге болады.
Тікелей әлеуметтену – бұл саяси білімдер мен нұсқауларды тікелей игеру. 
Жанама әлеуметтену – саяси нұсқауларға тұлға тікелей қоршаған ортасы 
арқылы бару. Баланың әкесіне деген қатынасы, яғни оның осылайша 
өмірінің қалыптасуы саяси объектілерге де (президентке, парламентке, сотқа, 
партияға және т.б.) солай қатынас жасауға алып келеді. 
Тұлғаның саяси әлеуметтенуі бірнеше этаптардан тұрады. 
Саясаттану кезеңі. Саяси әлем туралы елестету баланың балалық 
шағынан басталады, яғни ата-ананың баласын бағалауы, олардың баласына 
деген қарым-қатынасы. 
Қызметтендірілу кезеңі. Бұл кезеңде билікті қабылдау қызметке 


32 
айналады. Билік бейнесінде, мысалға, президент, премьер-министр немесе 
полиция фигуралары орын алады. 
Идеалдандыру кезеңі. Маңызды саяси тұлғалардың сапалы жақтарын 
ойына тоқып, саяси жүйеге тұрақты, байсалды қатынас жасайды.
Институтталған кезеңі. Саясатты қабылдау абстрактылы ойлауда жүзеге 
асады. Бұл кезеңде билікті институт деңгейінде қарастырады. 
Американ политологы Р.М.Мерельман саяси әлеуметтенудің төрт моделін 
бөліп көрсетеді. 
Жүйелі модель. Дәстүрлі институттарға, құқық тәртіптеріне, билікке 
деген қатынастын позитивтік сипатты болуы. Бұл жерде әлеуметтенудің 
басты агенті мектеп пен жанұя, сонымен қатар тұлғаны қоршаған орта. 
Бұндай модель англо-американдық мәдениетке тән. 
Гегомонистік модель. Тек «өзінікінен» басқа, кез келген саяси және 
әлеуметтік жүйеге деген жастар қатынасының кері сипатта болуы. Бұл жерде 
әлеуметтенудің басты агенті бұқаралық ақпарат құралдары. Бұндай модель 
батыстық емес елдердің өркениетіне тән. 
Плюралистік модель. Жоғары азаматтық белсенділікпен әлеуметтену 
мақсатында өзінің саяси қызығушылықтарын жүзеге асыру. Нәтижесінде
азаматтар белгілі бір саяси топтарға жиналып, өз еркімен олардан саяси 
жетістіктеріне байланысты бас тарта алады. Олардың агенттеріне мектеп, 
ата-ана, бұқаралық ақпарат құралдары, партия және қызығушы топтар 
жатады. 
Жан –жал моделі. Бұл модель европалық мәдениетке тән. Әлеуметтену 
агентіне белгілі бір топтын қызығушылығына байланысты жүргізілетін 
үгіттеу мен насихаттарды жатқызуға болады. Бұл модель жабық 
(авторитарлық) саяси жүйеге тән қатынас. 
Әрбір саяси жүйеге тән әлеуметтенудің өз ерекшелігі орын алады. 
Қазіргі Қазахстандағы саяси жүйенің ауысуы, бұрынғы саяси әлеуметтену 
жүйесін толық жойып жіберді. Ескі жүйедегі құндылықтардың жоғалуы 
және оның орның басатын жаңа жүйедегі құндылықтардың болмауы қоғам 
алдында күрделі сұрақтарды тудырады: ескілердің қайсысын қайта 
жаңғыртуға болады, қандай мақсатта саяси әлеуметтену жүргізілу керек, 
қандай құндылықтар әртүрлі әлеуметтік топтардың ортақ дүниесіне 
айналады және т.б. 
Қазақстанның саяси әлеуметтенуіндегі келесі маңызды мәселе саяси 
әдістін жалғасуындағы сабақтастықтың болмауы. Аға буынмен игерілген 
ескі моделдер жаңа саяси шындықпен сәйкес келмегендіктен тұлғаларды 
қатты толғандыруда. Жаңа моделдер өте баяу қалыптасып және игерілуде. 
Сондықтанда соңғы кездері саяси білім беру мәселесі ең өзекті болуда: басқа 
елдердің саяси әдістерімен танысу және игеру, шет елдік әдістерді қазахстан 
дәстүріне сіңдіру үшін арнаулы топтардын қызығушылығын арттырып және 
оны қабілеттендіру. Бірақта жаңа саяси әлеуметтенудің қалыптасуы 
гуманитарлық және саяси білім беру жүйесінің арнасына симайды. 
Сондықтанда әлеуметтенудің жаңа институттраын құру керек, яғни ескіні 


33 
жоюдағы жинақталған кеңістікті толтыру мақсатында. 
3.  Саясат субъектісі - жаулап алу немесе саяси билікті жүзеге асырудағы 
қатынасқа кез-келген әлеуметтік субъектінің араласуы. 
Саясат субъектісіне мемлекет, ұлт, класс, саяси партия, сонымен қатар 
жеке индивидтерде жатады. Адамдар саясаттан тыс өмір сүре алмайды, 
сондықтанда өз еркіне тәуелсіз оның субъектісі болып есептеледі.
Саяси билік – белгілі бір әлеуметтік күш, басқа әлеуметтік күшке және 
одан қалды барлық қоғамға өзінің саяси еркін жүргізу қабілетіне ие болуы.
(жеке көсемдер, партиалық элитаның билігі) Ерік мемлекет аппаратының 
көмегімен астарланып қоғамға өз ықпалын тигізеді; идеологиялық, 
құқықтық, әскери негізде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет