39
тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз
құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге
бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғызбастылардың санының өсуі,
т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда
отбасы белгілі бір локадық құрылымы және атқаратын әлеуметтік
қызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.
Отбасының локалдануы – бұл тек
туыстық қарым-қатынастармен
шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды,
сондықтан олардың тұмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы
мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады.
Бұл тұрғыдан алғанда отбаксын қоғамның экономикалық ұясы ретінде
қарастыруға болады.
Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын
қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі,
өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-
қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас. Отбасының
ерекшелікті қызметтеріне:
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады.
Отбасының ерекшеліксіз қызметтері жеке меншіктің жинақталып
қолданылуы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй
шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің
денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микроахуал жасауды қамтиды. Бұл
қызметтердің барлығы отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи
сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен
тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.Сондықтан да
отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі
олардың ерекшеліксіз
қызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай
қызмет түрлері де модификациаланады, шеңберін тарылтады немесе
кеңейтеді. Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі
мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта –
отбасы. Ол дұрыс
қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емесш. Оның
үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра
алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей
ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық
пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар
баланың
бойындағы
көптеген
мәні
зор
әлеуметтік
сапаларды
қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз
ықпал ететін
тәрбирелік күш болып табылады. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі
ережеден, яғни шаңырақ иесі – ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-
зайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қою да ер адамның
тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету
40
дәрежесін төмендетті.
Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің
қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі,
прпофессионализмі, прагматизмі. Отбасының статустық функциясы да бар.
Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын
кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынадай аса
маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және
т.б. жағдайларды қамтиды.
Қоғам функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз
мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық
тұрғыдан қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың
арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді.
Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін
одан әрі жалғастырушы,
ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны
әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік
рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез-
құлық дағдыларын қабылдайды.
Отбасылық өмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары,
салт-дәстүрлері әр қоғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Өз
қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрлері мен
бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық
өмір көбіне-көп этноцентризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның
маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы
үлгісін жасамайды? – деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы
институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.
Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір дара
тұрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып есептеледі.
Қоғамның өзге де институттары сияқты отбасы да қоғам үшін маңызды
белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен
процедуралардың жүйесін құрайды.
3. Қазіргі кезде исламның әйелді төмен ұстайтынын, кем санайтынан
мойындау керек дейді біреулер. Олар мысал ретінде көп некелік, әйелді
қамап ұстау, отбасы - ошақ қасында күңнің есебінде жүру, еріне басыбайлы
бағынышты болу, қожасының күтуші күңдермен заңды түрде қатынасқа
түсуі, мұра бөліскен кезде еркекке екі үлестің берілетіндігін келтіреді.
Осыларға кеңінен тоқталып өтсек: исламның араб қоғамы мәдениетінің артқа
кеткен заманында туғанын білеміз. Ол заманда жаңа туған қыз баланы
тірідей жерге көметін болған, еркектер он немесе одан да көп әйел ала
беретін болған, қожайын өзінің күңдерін жезөкшелік кәсіпке салып,
одан мол пайда түсіретін болған. Ал Исламда еркектің төрт әйел алуға
деген хақысы - міндет емес - рұқсат. Және де бұл жолдың өзінде, шариғат ер
адамға қатал тәртіп пен міндет жүктейді. Оның үстіне, осылайша әйел заты
масқара
мен абыройсыздықтан, жоқшылық пен құлдықтан құтылатын
болған. Әр замандағы түрлі себеп, негізгісі соғысқа байланысты еркектердің
41
үлес саны әйелдерге қарағанда неғұрлым төмен болып отырды. Осыған орай,
әйелдердің қамын ескере отырып осындай рұқсат берілген.
Құранның көптеген аяттарынан әйел мен еркектің рухани тұрғыдан тең
бағаланатынын кездестіруге болады: «
Аллаһ өзіне сенген әйелдер мен
Достарыңызбен бөлісу: