Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

еркектерге мәңгі мекен етуге бұлағы ағып жатқан бақты уәде етті» [1]. 
Келесі ат – Термизи жинағында кездесетін мына бір аятта: «Пайғамбар 
айтады: «Егер де маған адамдардың арасында біреуге біреудің алдында 
тағзым етуді бұйырар болсам, онда міндетті түрде әйелге өзінің ерінің 
алдында тағзым етуді бұйырар едім» дейді». Бұл жерде ер адам 
басқарушылық, биіктік деңгейде көрінеді. Алайда, таза жүрекпен тағзым 
еткен адамның бойында мейірім, иман үйірілетінін ескерсек, бұл әйелдің өзі 
үшін пайдалы емес пе? 
Енді мынаған назар аударайық: «Бірде бір адам Пайғамбарға келіп, ең 
адал дос ретінде кімді таңдау керектігін сұрағанда, ол оған ең бірінші 
анаңды, одан кейін тағы да анаңды, тек одан кейін ғана әкеңді деп жауап 
берген екен» дейді аль – Бухари және Мүслімде. Бұл жерде бала алдындағы 
ананың, яғни әйелдің ролі басымырақ. 
Бұл екі хадисті салыстырып қарасақ, бір – бірінің арасындағы 
қайшылықты байқаймыз. Көптеген еркектер әйелден өзін жоғары санап, 
оларға билік жүргізіп, басқару дұрыс дегенмен де өз аналары жөнінде сөз 
болғанда, бұндай көзқарас ұстанбайды.
Отбасының құрылуындағы негізгі орын әйелдердікі. Ол дүниеге бала 
әкеліп, тәрбие беріп, ол үшін Аллаһтың алдында жауапқа алынады. Ал 
еркектің бұл жердегі негізгі және басты функциясы отбасының материалды 
жағдайы [2].
Бұл мәселелер терең таным, көптеген ізденістер мен мәселені 
байыптаудағы ыждағаттылықты қажет етеді. Осы және басқа да көптеген 
ерекшеліктерді 
түсінбеушілік 
бірқатар 
зерттеушілердің 
Шығыс
мұсылмандығындағы әйелдің жағымсыз жағдайы жөніндегі көзқарасты
ұстануға әкелді. Тіпті, кейбіреулері бұған Ислам дінін кінәлап, жазғырды: 
«Құран әйелдерге еш аяушылық көрсетпейді», «...әйел тұлғасына Ислам 
діні қызғаншақ еркек тұрғысынан қарайды». Егер қоғамда әйелді 
төмендетіп, мұқатып жатса, бұған ең алдымен сол әлеуметтік қоғамды 
кінәләу жөн тәрізді. 
Бұдан ислам мен тарихи жағдайлардың әйел жағдайын анықтауда 
әртүрлі әсер еткендіктерін байқаймыз. Алайда, ислам әйелдерге олардың 
міндеттерін жүктей отырып, көптеген құқықтар мен артықшылықтар
да танытады. Мысал келтірер болсақ, кәмелеттік жасқа жеткен бойжеткен өз 
ісінде еркін құқыққа ие болды. Иесі, не әкесі, ағасы, кім болса да оның 
жеке мүлкіне қол тигізуіне тыйым салынды. Бұған дәлел ретінде Құранның 
мына бір сүресін келтіре кетейік: «Еркектерге ата – анасы мен 
туыстарынан қалған мұра қаншалықты тиесілі болса, әйелдерге де солай 
тиесілі. Ол мұра аз не көп болсын мейлі, ол үлес қатаң түрде санаулы».
Сонымен қатар ислам, көп некелікке қиын шарттар қойып, яғни, 


42 
әйелдердің тең хұқықты болуын талап етеді. Құранда бұл жайында былай 
делінген: «Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасында әсте әділдік 
істей алмайсыңдар. Ендеше, мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай 
етіп қоймаңдар. Егер түзеліп сақсынсаңдар Аллаһ тағала тым 
жарылқаушы, Ерекше мейірімді» [3]. 
Адам тіпті әділетті болуға мүдделі болғанда да әділетті бола 
алмайды. Пайғамбардың айтуы бойынша әйел - жүріс – тұрысында мін 
жоқ, кіршіксіз таза, үлгілі әйел болуы керек. «Үйлеріңде отырыңдар -
бұл әйелдің ең құрметті орны». Өзінің үйі, міндеті, мұраты - ошағының 
сақшысы болу, бар өмірін бала тәрбиесіне арнау керек дегенді білдіреді. 
Қайсысы дұрыс: әйелдің жұмысбасты болып, балаларын бағушы, немесе 
балалар бақшасына бақтырғаны ма, немесе әйелдің үнемі баланың жанында 
болып, бар күшін, бар ойын соның тәрбиесіне жұмсағаны ма? Жауабы 
айдан анық: өз анасының бауырында, оның мейіріміне шомылып өскен 
балалар, өзінің бар күшін, ақыл - ойын қоғамдық жұмысқа сарп еткен 
әйелдің балаларына қарағанда анағұрлым денсаулығы мықты және
тәртіпті болады. Бұл ислам әйелдің мемлекет және қоғам ісіне араласуына 
қарсы деген сөз емес, бала тәрбиесінің дұрыс жолын анықтағаны. Мұсылман 
әйелдің ел басқарғаны қаншама, өлең – жыр жазып ақын болғаны, білім қуып 
ғалым болғаны, батыр болып соғысқа қатысқаны, небір білімді, асқан 
дарынды, өкіметте еркек адамдармен қатар отырып, билікке қатысқаны
қаншама? 
Ислам мәдениетіне сай қоғамға пайдалы болу үшін барлық дінге 
сенушілер оқу, білімге құмарту керек, әйел де, еркек те. Бұл 
мұсылмандардың қасиетті міндеттері. Сонымен қоса ислам әйелдерге 
еңбекпен айналысуға да тыйым салмайды. Керісінше, Құран әйелге өз 
тұлғасына сай пайдалы іспен айналысуға рұқсат етеді. Тек, атқарылар іс 
ауыр, қиын болмауы тиіс дейді. Бұл жерде әйелдің нәзіктігі назарға алына 
отырып, әйелге деген жанашырлық байқалады.
4. ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа 
заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты 
дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі 
некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет