44
Ағартушылық дәуірінде мәдениетті «натура», табиғилыққа қарсы
тұратын ұғым ретінде қарастырды. Оның талдануы екі мағынада өрбіді:
табиғат барынша жетілмеген, ал мәдениет болса соған жетудегі құрал
немесе,
керісінше, табиғат - идеалды үйлесімділікте, ал мәдениет – оны
жасандылыққа, өнің айналдыруға алып келеді - деп қарастырды.
XYIII ғасырдың аяғында мәдениет негативті жағынан көрінуін мүлдем
тоқтатып, мәдениет құрал ретінде түсіндіріледі, яғни адамдар соның
арқасында табиғи-жаратылысынан жоғарыға биіктеп асып өтеді.
XYIII-XIX ғасырларда Германияда, одан кейін Ресейде мәдениет пен
өркениетке басқаша антитезистер беріле бастады. Мәдениет рухани, моралды
және эстетикалық құндылықтарымен өркениетке қарсы тұрушы.
Өркениет ең алдымен материалдық және технологиялық үдірістермен
байланыста болса, ал мәдениет – адамдардың
жоғарғы құндылықтарының
негізінде қалыптасқан рухани, идеалды үдірістермен байланыста, яғни үдіріс
ктегориясын жатсынушы.
ХХ ғасырда мәдениет астарында тек шығармашылық өнер үдірістері
ғана емес, адамдардың әлеуметтік өзін өзі түсінуі, қоғамдағы орын алып
отырған ең алдымен ізгілік, құндылық, көзқарас және т.б. түсіндірілді.
Осыдан келіп адамдар тіршілігінің сыртқы
жағдайлары мен адамдар
табиғатының ішкі дүниесіне қызығушылықтар пайда болады. Мәдениет
ұғымының мазмұнын анықтай отырып, қазіргі зерттеушілер,
ереже ретінде,
қоғамдағы әлеуметтік бағыттың атқарушы функциялары норма, құндылық,
идеалдардың жиынтығымен тепе-тең қояды. Адамдардың өмірлік әрекетінің
дамуы мен ұйыдастырыу әдісінің ерекшелігі,
материалдық және рухани
еңбектерінің жемісі болып табылады. Мәдениет адам мен табиғат, адам мен
қоғам, адам мен адам арасындағы жүйелік қатынас ретінде қарастырылады.
Осылайша, мәдениет тірі адам қызметі ретінде оларды жасаушы және
құндылықтардың жиынтығын (рухани және материалдық) таратушы,
сонымен қатар сақтаушысы.
Осыдан келіп мәдениеттің негізгі функциялары анықталады:
адамзат шығармашылығы (гуманистік), яғни оның өмір сүруінің
барлық формаларындағы адамдардың шығармашылық әлеуетінің дамуы
(басты функция);
гносеологиялық (танымдық), мәдениет қоғамның, әлеуметтік топтың
және жеке адамның өзін өзі тану құралы болып табылады.
ақпараттық - әлеуметтік
әдістерді тасмалдау қызметі, өткенді, осы
уақытты және болашақты байланыстырумен қамтамасыз етуші.
коммуникативті - өзара түсінушілікпен қамтамасыз ететін, әлеуметтік
тіл табысу қызметі.
бағытталған құндылықтар, мәдениет белгілі бір жүйеге координат
қалыптастырады, яғни «өмір құндылықтарының картасы» осыған қарап
адамдар бой түзейді.
нормативті ретке келтіруші, яғни мәдениет адамдардың мінез-құлқын
реттеп отырушы әлеуметтік құралдың бақылауы.