Терминологиялық сөздік
Әлеуметтік
институттар
-
қоғамның
қажеттіліктеріменқызығушылықтарын
қанағаттандыратын нормалардың жүйесі.
Әлеуметтік бақылау - қоғамдағы нормалар мен құндылықтардың жиынтығы.
Әлеуметтік интеракция - адамдардың өзара әрекетін сипаттайтын процесс.
Социум қоғам мен адамның әлеуметтік ортасы.
Институтционализация - қоғамдағы түрлі топтардың, ұйымдардың және индивидтердің
арасындағы айырбас процесі.
Әлеуметтік ұйым - қоғамдық жүйені қалыптастыратын белгілі бір жүйедегі тұрақты үлгі.
Әлеуметтік мәдениет - қоғамда өмір сүретін тұлғалардың нормалық үлгісі.
Әлеуметтік жүйе - уақыт пен кеңістіктің арасындағы әлеуметтік қатынастардың нобайы.
Қоғам - шектеулі бір территорияда орналасқан жеке мәдениеті мен институтын
иемденетін адамдардың бірлестігі.
Әлеуметтік топ - мүшелердің арасындағы формальды және формальды емес
байланыстарымен біріккен адамдардың жиынтығы.
Шағын топ - мақсаты, мүддесі, құндылықтары, өзін-өзі ұстау тәртібі бір, өзара тұрақты
байланыс жасайтын аз адамдардың жиынтығы.
Әлеуметтік дау – жанжал - қоғамдағы түрлі топтардың немесе индивидтің арасындағы
ашық шиеленіс, яғни әлеуметтік мүдделердің қақтығысы.
Позитивизм - әлеуметтік мәселелерді нақты фактор ретінде ғылыми тұрғыдан қарастыру.
Символикалық интеракционизм - адамдардың іс-әрекетін немесе өзара қарым-
қатынастарын осы әлеуметтік іс-қимылға және заттарға беріп отыратын белгілерге
(нышан) сәйкес түсіндіру.
Социологизм - социологияны социологиялық тұрғыдан түсіндіру.
Құрылымдық функционализм - қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыратын
теореткалық көзқарас.
Орта деңгейдегі теория - теориялық және эмпирикалық социологияның аралығын
біріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |