Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата10.11.2023
өлшемі0.69 Mb.
#482870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Аралбай С.М.Әлеуметтану

"Әлеуметтік құрылым". Бұл өндірістегі қоғамдық ең-бектің бөлінуінің 
реттелген жүйесі жене осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы 
адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі. 
"Қоғамдық сана". Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. 
Қоғамдық сана руақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта 
болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. "Әлеуметтік топ " — 
адамдардың ортақ мүдде-талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ере 
желеріне қарай бірлесуі; "әлеуметтік жіктеу" — бұл қоғамның 
құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметгік теңсіздік; "тұлға" — бұл 
адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, 
зерттегенде әр түрлі ұғымдар ды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар 
қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын 
тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі 
басқарылуы арқылы белгіленеді. 
"Әлеуметтік нормалар" (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп 
отыратын ережелердің жиынтығы. 
Тұлғалык, ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б — бұлар 
адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштері (стимулдері); 
"әлеуметтік рөл", яғни атқарылатын қызмет; "әлеуметтік статус" — 
адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б. 
Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестер-дің бес негізгі 
заңы тұжырымдалған: 
1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер "А" 
қүбылысы болса, ол әруақытта "Б" құбылысын қажет етеді. Әлеуметтік
құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. 
Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың езгеруін талап 
етеді. 


10 
2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, 
қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те 
аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы 
байланысын, қатынасын бейнелейді. 
3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды 
бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты — ол 
қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады. 
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу 
мүмкіндігін білдіретін ықтималдылық заңы. 
5.Әлеуметгік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы 
байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеу-меттану жалпы теориялық 
ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық 
өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл — көпжақты әлеуметтік 
байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам 
болуы мүмкін немесе қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика, 
әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді-кішілі 
әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар 
таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық, топтар, бұларға қоса 
жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа 
да ұжым-дар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар 
болуы да мумкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны — жеке 
тұлға, оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның 
бас-тапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-пси-
хологиялық байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған муд-
десіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар, т.б. 
болуы әбден мумкін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым 
ретіндегі обьектісінің шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжакқты. Бұл 
жағдай оның білімдік құрылымын анықтауга мейлінше көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет