Қазақстан республикасыныњ денсаулық сақтау министрлігі қараѓанды мемлекеттік медицина академиясы абдакаликов м. К., Зинин а. М., Джубаналиев е. З



бет1/21
Дата05.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#178870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫЊ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАЃАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

АБДАКАЛИКОВ М. К., ЗИНИН А.М., ДЖУБАНАЛИЕВ Е.З.

ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

(дәрістер жинағы)



Қарағанды - 2007

ӘОЖ 61:355

КБЖ 68л7

А14
Пікір берушілер:




  • Батпаев В.К. – Қарағанды фармация институтының СГТ оқытушысы, зап. м/қ полковнигі

  • Абуталипов О.Б. - ҚарМТУ техникалық және бронетанкі техника бойынша дайындық циклының оқытушысы, аға лейтенант

  • Жаутикова С.Б. – ҚММА патологиялық физиология мен валеология бағыты құжырасының менгерушісі, м.ғ.к., доцент

А14 Абдакаликов М.К., Зинин А.М., Джубаналиев Е.З. – Әскери дайындық. - Дәрістер жинағы – Қарағанды - 2007 – 230 б.


КБЖ 68л7
Дәріс бағытында әскери медициналық ғылымының табыстарын еске алып ҚР ҚК-інің медицина қызметін ұйымдастырудың негізгі сұрақтары түсіндірілген. Дәрістерде соғыс мезгіліндегі жарақаттанғандарға, ауруларға медициналық көмекті көрсетуді және тасымалдау кезеңінің жұмысын ұйымдастыру сұрақтары, әскери токсикология және ЖҚЖ қарудан қорғау мәселеріне көңіл аударылған. Бұл дәрістер медициналық жоғарғы оқу орынында, факультеттерде студенттер арасынан, запасқа әскери медициналық қызметке дайындау бағдарламасына сәйкес.

ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған, № 8 хаттама,

«11 » сәуір 2007 ж.

ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген, № 10 хаттама,

« 26 » сәуір 2007 ж.

© Абдакаликов М.К., Зинин А.М., Джубаналиев Е.З., 2007


Кіріспе

Қазіргі заманның жағдайына байланысты – медицина қызметінің жауапкершілік міндеттерін ойдағыдай шешуге, әскери дәрігерлерін дайындау дәрежелерін жоғарлатуға талап қойылады, оның ішіне ҚР ҚК келетін сақтықтағы дәрігерлер де жатады.

Әрбір әскери дәрігері, әскери қимылының ерекшелігін жақсы түсіну керек, соғыс патологиясын талғау, емдеу-тасымалдау, санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды соғыс мезгілінде ұйымдастыру мен өткізудің негізгі ұсыныстарын білу, әскери медицинаны оқыту мақсаты – қысқа мерзімде әскери дәрігерлері күрделі және жауапкершілік міндеттерін орындауға дағдылық пен тәжірибелік алады.

Бұл міндеттерді орындауға жәрдемдесу үшін осы дәрістер жинағы арналған. Авторлардың бұл дәрістерінде әскери медицинаны басқаратын тарауларының негізгі мағлұматтары және қазіргі заманның жағдайына байланысты әскери - медициналық ғылымы мен әскери істерінің жұмыстарын есепке алып, соғыс қимылындағы әскерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әдістері баяндалған.


ҚЫСҚАРТЫЛЃАН С¤ЗДЕРДІЊ ТІЗІМІ


ӘТМҚ




Әскери токсикалық медициналық қорѓану

УЗ




Улы заттар

ФОЗ




Фосфорлы органикалық заттар

¤М




Өлім мµлшері

ЖмедБ




Жекеленген медициналық батальон

ЖМО




Жекеленген медициналық отряд

ЖТА




Жартылай тазалау алањы

АТБ




Арнайлы тазалау бµлімшесі

БМП




Батальонныњ медициналық пункті

ОНЖ




Орталық нерв ж‰йесі

ЖҚЖҚ




Жалпы қастандық жасайтын қару

САРЗ




Соѓысқа арналѓан радиоактивті зат

ЖАҚҚ




Жалпы әскери қорѓаныш қуралдары

ЯҚ




Ядролық қару

ХҚ




Химиялық қару

БҚ




Бактериялық қару

ДӘНГ




Даладаѓы әскери неврологиялық госпиталь

ДӘТГ




Даладаѓы әскери терапиялық госпиталь

ӘЖЖГ




Әскери жењіл жарақаттар госпиталі

ЖСДП




Жекелеген селигагельді дегаздаушы пакет

Ж¤Т




Жасанды µкпеге тыныс беру

ЖХҚП




Жекелеген химияѓа қарсы пакет

ҚР





Қазақстан Республикасы






ҚК




Қарулы Күштер




ЖӘ




Жаяу әскер



МАП, МАБ, МАР, МАВ





Мотоатқыш полк, батальон, рота, взвод, бөлімше




ТП, ТБ, ТР, ТВ




Танк полкі, батальон, рота, взвод




МАБр




Мотоатқыш бригада




МСК бр




Механикаланған бригада




ГВ, ГБ




Гранаталақтырғыш взвод, бөлімше




КР, КВ




Коменданттық рота, взвод



АП, АДН, А батр





Артиллериялық полк, дивизия, батарея




Өадн, Өабатр




Өздігінен жүретін артиллеря дивизионы, батареясы




ТҚАдн, ТҚа батр, ТҚ ав




Танкіге қарсы артиллерия дивизионы, батареясы, взводы




ТҚВ, ТҚБөл




Танкігеқарсы взвод, бөлімше




РЕ адн, Ребатр




Реактивті артиллерия дивизионы, батареясы




ТҚ БР батр




Танкігеқарсы басқармалы ракеталар батареясы




Мин батр, Мин вз




Миналақтырғыш батарея, взвод




БВ




Басқару взводы







ЗРП, ЗРДН, ЗРБатр, ЗРВ




Зениттік артиллерия, ракеталық полк, див., батарея, взвод




ЗЕНАП, ЗЕНАДН, ЗЕНАБАТР, ЗЕНАВ




Зениттік артиллериялық полк, дивизион,

Батарея, взвод






ЗРАДН, ЗРАБатр




Зениттік ракеталық артиллериялық дивизион, батарея




БарБ, БарР, БарВ, ББөл




Барлаушы батальон, рота, взвод, бөлімше




БатБ, БайлР, БайлВ




Байланыс батальоны, ротасы, взводы




ИСБ, ИСР, ИСв, ИСБөл




Инженерлік-санитарлық батальон, рота, взвод, бөлімше




ХҚР, ХҚВ




Химиялық қорғаныс ротасы, взводы




РХБарВ, РХБарБөл

ЖөндР, Жөндв

ТҚКВ, ТҚКБ




Радиациялық және химиялық барлау взводы, бөлімшесі

Техникалық қызмет көрсету взводы, бөлімшесі






МҚБ, МҚР, МҚВ




Материалдық қамтамасыз ету батальоны, ротасы, взводы




АвтР, АвтВ, автБөл




Автомобильдік рота, взвод, бөлімше




Шарв, Шарбөл




Шаруашылық взводы, бөлімшесі




ҚамВ




Қамсыздандыру взводы




МедБ, Медр,

ПМП, БатрМП




Медициналық батальон, рота,

Батальонның, полктың медициналық пункті







КП, ЗКП




Командалық (запас командалық) пункт




ӘБП




Әуе басқарма пункті




ТБП




Тыл басқарма пункті




ББП




Басшылық – бақылау пункті




БП




Бақылау пункті




Ав/Ар




Авангард




БКЖҚП (ОДП, АТП)




Батальонның керек-жарақпен қамту пункті (оқ-дәрі Пункті, азық-түлік пункті)




БҚ, ХҚ, ЯҚ, РЗ




Биологиялық, химиялық, ядролық қару. Радиоактивтік Заларлану




СМ (ЖӘСМ)




Соғыс машина (жаяу әскер)




ӘБШМ




Әскери барлау-шолу машинасы




АЖ




Атыс жиынтығы




ӘБШ




Әскери барлау шолғысы




БТР




Бронетранспортер




ЖЗ




Жарылғыш заттар




ЖНҚ




Жоғарғы нысаналы қару




ШБ (ШТ)




Шолу бөлімшесі (танк)




ЗОҚ (ЗӨОҚ)

-

Зенитті оқшашар қондырғысы (өздігінен жүретін)




ЖҚҚҚ

-

Жаппай қыратын қарудан қорғану




ЗБР

З-

Зенитті басқарылатын ракета




ЗРЖ (ЗОРЖ)




Зенитті ракеталық (оқшашар ракета) жинағы




ИБП (ИХБП)




Инженерлік (химиялық) бақылау пункті




Баст. Ш




Бастапқы шеп (орын)




РМП




Ротаның медициналық посты




1-МАБК,1-МАРК, 1-МАВК




1-ші мотоатқыш батальоны, ротасы, взводы командирі




МҚТ




Миналық қопарылғыш тосқауыл




Т дес (ТанД, ӘД)




Теңіз (тактикалық әуе) десанты




ЖӘР (ТҚР, ДҚР)




Жалпы әскери (танкіге қарсы, десантқа қарсы) резерв




АЖ




Алдыңғы шептегі жасақ




ЖӘҚМА, ТҚМА




Жаяу әскерге қарсы (танкіге қарсы) миналық алаң




ЖБЖ




Жылжымалы бөгеуші жасақ




Бағд. П




Бағдарлау пункті




РХБ




Радиациялық және химиялық барлау




БАЖ (БСЖ)




Барлау атыс (барлау-соққы беру) жиынтығы




БЖ




Барлау жасағы




РЭК




Радиоэлектронды күрес




Р-н




Район




АТПу/АТО




Арнайы тазалау орны/пункті




ЕЭШ Емдеу – эвакуацияның шаралары

МК Медициналық қызмет

МАП Мотоатқыш полкі


МАР Мотоатқыш ротасы

СШ Санитарлық шығын


АМО Арнайы медициналық отряд

ӘСП Әскери санитарлық поезі

ӘСП Әскери санитарлық летучка

ГБ Госпиталдық база

ӘДТГ Әскери – дала терапиялық госпиталь

РЗ Радиоактивтік заттар

БЗ Бактериалық заттар

АЖ БМТ Алдынғы жақтағы брондалған медициналық транспортер

ДӘЕҚ ЖАГ Дала әскери ерекше қауіпті жұқпалы ауру госпиталі

РЖХБ Радиациялық және химиялық барлау

МҚҚ Материалдық құрал қорлары

ЯЖЗС Ядролық жарылыстың зақымдаушы себеп шарттары

ҚР ҚМ МКЕД Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің медициналық Қамтамасыз ету департаменті

ЖӘҰ Жалпы әскери ұрыс

ОТШ Орны толмайтын шығындар

СЕ Соғысушы елдер

БЖБДК Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкіл дүние жүзілік

СК Сақталатын қор

I. ӘСКЕРИ ТОКСИКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУЛАРДАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОРҒАНУ
1 ДӘРІС
ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Кіріспе

Дәріскер бүгінгі кезеңдегі халықаралық жағдайға байланысты дәрісті мазмұндайды. Мысалға ӘТМҚ пәнінің және жалпы қастандық жасайтың қарудан медициналық қорғанудың өзектік оқуын келтіреді.



1 тарау. ТОКСИКОЛОГИЯҒА ҚЫСҚАША ТҮСІНІК. ӘСКЕРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бұл дәріс «Химиялық қарудың жалпы және медициналық-тактикалық сипаттамалары» деп аталады.

Дәрісті оқудағы мақсат - адамның және жәндік пен жануарлардың организміндегі (дене құрылыстарындағы) өзгерістер мен оларға қарсы қолданатын емдерді үйрету болып табылады, онымен қоса әскерді, медицина мекемелерін, ауруларды, жарақаттанғандарды химиялық қарудан қорғау әдістерін көрсету.

Токсикология - ғылым, оның ең бастапқы мақсаты, УЗ-дың дене құрылыстарына келтіретін зиянын біліп, оған қарсы алдын-ала қолданатын заттарды және уланғандарды емдеу (ғылымның аты грек тілінен алынған "токсикон-у, логос-ғылым) жатады.

Токсикология -УЗ мен адам және жануарлар организмдерінің арасындағы жалпы байланыстарды мен, оның көріністерін, патологиясын анықтап алдын-ала болдырмау жолдарын, және бірінші жедел көмек көрсету, емдеу әдістерін таныстырады.

Әскери токсикология ғылымы химиялық заттармен уланып ауырғандарды зерттейді.

Әскери токсикологиялық оқытудың маңызы - әскерді медициналық қорғау жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Қарсылас жақтың әр уақытта химиялық қару қолдануы мүмкін болғандықтан, біздің медициналық бөлімімізден әрқашанда қарсы шара қолдану талап етіледі. УЗ – дың, әскерімізге өз әсерін тигізбеу, немесе әсерін неғұрлым азайтып, жауынгерлердің соғысқа жарамдылығын сақтап қалуды үйретеді.

Сабақтың екінші бөлімі – «Ядролық және химиялық қарудан медициналық қорғау» деп аталады.

Медициналық қорғау дегеніміз - алдын - ала бірнеше шаралар қолдану арқылы әскер күшін сақтап және оларға әсер ететін "УЗ"-тық, радиациялық және бактериялық қарулардың күштерін төмендетіп, жауынгерлердің жан-басын, соғысқа жарамдылығын сақтау болып саналады.


2 тарау. «УЗ» ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Көп мөлшелерде қолданған дәрі "У" болып шығады. Мысалға жүрек ауруына қолданатын "строфантин" 2,5 есе артық қолданса "У" болып шығады. Ал мышьяк деген "У" аз көлемде қолданса, дәрі болып табылады. "Иприт"деген "У" затты 20000 рет вазелинге ерітсе, дәрі болып шығады. "Қабыршақтық лишай" деген ауруға қарсы "Псориазин" деген атпен аталады. Организмге тамақпен, ауамен ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде түскен зат, жағымсыз болып табылады және ол қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты болады.

Орта ғасырдың белгілі оқымыстысы Парацельс (1493 – 1541) былай деген екен: "Барлық зат "У" және ешқандай зат ешқашан улылығынан айырылмаған, тек қана удың көлеміне байланысты. Сондықтан да "У" деген түсініктеме тек қана оның құрамындағы сапасына ғана емес, мөлшеріне де байланысты.

Осы жағдайда токсикологияда белгілі анықтама бар:

1. "У" дегеніміз саны мен сапасының қатынасы, белгілі бір уақытта организмді уландырады. (И.С.Соватеев).

2. "У" - химиялық қосылыс, өзінің өте үлкен улылығымен танылады, өйткені өте көп көлемде (мөлшерде) адамның, жан - жануалардың организміне ауыр, қайтпайтын өзгерістер енгізеді, немесе организмді өлімге әкеліп соқтырады.

Жоғарыда айтылған анықтамалардан байқағанда, уланған дегенді аурудың өте бір ауыр түрі деп қарау керек. Қазіргі уақытта " химиялық ауру " деген термин шықты. Әскери токсикологияда "УЗ" деген түсінік қолданылатын болды.

"УЗ" - дегеніміз соғыста қолданатын химиялық қосылыс. Олар әскерлерді жояды немесе біраз уақытқа дейін шептен шығарады.

Біз жоғарғы айтқаннан білгеніміз - әртүрлі мөлшердегі бір улы зат әртүрлі әсер береді. Аз, немесе табалдырықты мөлшері, бұл аз мөлшердегі "У" адам организмінде патологиялық өзгерістерді тудырады, бірақ өлімге әкелмейді.

"У" - дың күші көп болса, оның сондық табалдырықты және уландырғыш мөлшері өте аз болады.

Улардың мөлшері мен қойыртылған ерітіндісі дегеніміз - адам мен жануарларды ем қолданбаған жағдайда өлімге әкеп соқтыратын аз мөлшері.

Летальдық мөлшерлер зертханалық жануарларға тәжірибе жасау арқылы анықталады. Эксперименттіқ токсикологияда ылғи да орта летальдық мөлшерлер қолданылады (ДЛ-50), ал оның концентрациясы арқылы белгілесек (ЛС-50).

"У"- дан бұл жағдайда 50% жануарлар өледі. Ал егер 100% өлсе, онда бұл мөлшерді толық летальдық мөлшер дейді - (ДЛ-100)(ЛС-100).

Улылығы деген түсініктеме ол заттың өмірмен үйлеспейтіндігі және ол мынадай Дl-50 Cl-50 кері мөлшерімен анықталады.

1 1


----- -------

Dl50 Cl50

Бұдан басқа да тереңірек улы қосылыстардың мөлшерін анықтауға болады. Мысалы: тыныс жолдары арқылы әсер еткенде улылық дәрежесін Габер формуласымен анықтауға болады. CVt

Т = ------;

g

мұнда Т – улылық дәрежесі



С - удың ауадағы концентрациясы

t - әсер еткен уақыттың мөлшері (мин)

V - өкпенің тыныстық көлемі (л/мин)

g - адамның салмағы (кг)

Химиялық заттардың қатерлік улылығын сипаттайтын мөлшері қатты әсер еткен зонаға байланысты: мұнда ең аз табалдырықты мөлшер дегеніміз организмнің физиологиялық бейімделу реакциясынан асып кетіп, өзгерістер туғызатын мөлшері. Бұл көрсеткіш тым жоғары болса, соғұрлым зат организмге қаупті емес.

Кейбір уақытта "көтеретін мөлшер" ұғымы қолданылып жүр. Ол сол мөлшерлі "УЗ" адамның организмінде әртүрлі өзгерістер мен жұмысқа жарамсыздық жасайды. Мұның мөлшері удың (УЗ) әсер еткен жерінің, көлеміне байланысты. Мұнымен қатар әскери токсикологияда мынадай түсініктеме кіргізілген - орташа қатардан шығаратын мөлшер (ІD-50).

Адамның организміне улы зат тыныс алу жолдары, тері арқылы кіреді және ауыз куысы арқылы (уланған сулармен, тамақтармен) түседі. Жөтеліп, қақырған уақытта қақырықпен бірге кішкентай бөлшектер шығады, сөйтіп тыныс жолдары тазаланады. Альвеола жолдарын тазалауда, без жолдары мен микрофагтық құбылыс өз үлкен үлестерін қосады. Тыныс жолдары арқылы әсер еткенде улы зат (УЗ) өлшемі мг/л немесе мг/м және өкпенің тыныс алу көлемімен есептеледі.

Адамның терісі арқылы өткен улы (УЗ) заттардың да маңызы бар. Тері арқылы организмге түсудің үш жолы бар: эпидермис арқылы, шаштардың түбі арқылы және тері бездерінің түтіктері арқылы. Эпидермисті (липоио-тейндік кедергі деп қарау керек, ол арқылы ішке қарай органикалық заттар мен газ кіреді, оның көлемі, олардың таралу коэффицентіне байланысты.

«У» әрі қарай теріден қанға таралады. Терінің жарақаты (тілік, қажалған, тырналған, кесілген), күйікке шалынған жерлері удың (УЗ) организмге тез тарауын жылдамдатады. Тері арқылы өтетін удың мөлшері мг/см, егер оның барлық улылық әсерін еске алсақ, онда мг/кг-мен есептеледі.

Ауыз арқылы (тамақпен) түскен улар, мысалы, цианидтер қанға түсе салысымен сіңе бастайды. Ішек-қарын құрылыс жолының бойында қышқылдық (PH) әртүрлі болады. Сондықтан улы заттар әртүрлі жылдамдықпен сіңеді. Асқазанның (PH) қышқылдығы бірге тең (1), сондықтан да қышқылдар мұнда иондық қалпында сақталады және тез сіңеді.

Үлкен көлемді өкпе альвеолдарына (80-150 мм), ауадағы улы бу мен газдар тез сіңіп, тез нәтиже беруіне өте қолайлы болады.

Альвеол - капилляр мембранасы арқылы (0,8) мкм удың молекулалары кіші қан айналыс жолымен бауырға соқпай, жүрек арқылы үлкен қан айналыс шеңберіне барады. Удың тез арада қанға сіңуі, тек қана үлкен аймақты сіңу көлемімен және жұқа ауа - қан барьерімен ғана емес, сонымен қатар қанның өкпе капиллярлары арқылы тез айналуына және удың жиналатын жерінің жоқтығына байланысты (бауырға соқпайды). Улы бу мен газдар адамның сыртқы тыныс жолдарынан бастап сорылады, ал өте көп сорылатын жері -өкпе. Бұл жағдай диффузия заңы бойынша, концентрациясына байланысты және улы газ бен будың суда еруіне де байланысты болады.

Сондықтан мұның маңызы үлкен: қалай улы зат ауадан қанға көп мөлшерде түссе, ауа мен қанның ақырғы концентрация теңдігіне жетуі де соншалықты ұзаққа созылады.

Жау- улы (затты) аэрозольді (шаң, түтін, тұман) ретінде қолданады.

Тыныс жолдарында екі түрлі жағдай болады: УЗ тотығады және кішкентай бөлшектер тұтылады.

Тотығу процесіне аэрозольдың агрегаттық жағдайы және олардың физикалық-химиялық қасиеті әсер етеді. Жоғарғы тыныс жолдарында 80-90% көлемі 10 мкм бөлшектер, ал альвеолдарда 70-90% көлемі 1-2 мкм кішкене бөлшектер тұтылады.

Мысалы иондалмаған морфин қаннан асқазанға түседі, одан кейін иондалған түрінде ішекке барады. Улы заттар (УЗ) ұлтабарға түскен тамақпен араласады, ерітіледі, сорылады, сондықтан да "У" қарынның шырышты қабығына аз түседі. Бұлардан басқа удың организмге түсуі қарынның шырышты қабығының қан айналымына және қарынның қозғалуына (перистальтика) және шырыштың көлеміне байланысты. Негізінде "У" адамның, жануарлардың аш ішегінде сіңеді, аш ішектің қышқылдығы (РH) 7,5-8,0. Аш ішектің қышқылдығының өзгеруі, ондағы ферменттерге, тамақ қорыту кезінде пайда болған және сол ішектегі химустың сорылуына байланысты. Осының бәрі "У"-дың ішек - қарында сіңуіне және оның таралуына әсерін тигізеді. Көп улар тек қана тиген жеріне әсерін тигізіп қоймай (күйдіріп, қызартып), сонымен бірге организмге әсер етеді.

Организмге сіңген "У" таңдап алған мүшеге әсер етумен қатар, екінші бір құбылыс береді. Мысалы, ауамен кірген үлкен концентрациялы хлор, біріншіден, адамның өкпесін жансыздандырады және қабындырады, екіншіден, жүрек - қолқа жүйелерінде оттегінің жеткіліксіздігін жасайды, оның жұмысын әлсіретеді және т.б. өзгерістер болады.

Организмге кірген "У", организмге жатпайтын басқа да заттар сияқты, әртүрлі биохимиялық құбылыстарға шалдығады, соның әсерінен "У" емес жаңа заттар пайда болады.

Ал кейбір қосылыстардың әсері, егер олар биотрансформацияға түссе, белгілі бола бастайды. Сонымен қатар, кейбір улардың молекулалары өзгермеген түрде организмнен шығады, немесе қан мен тінге түскен күйі сол бетімен ұзақ уақытқа дейін қалады.

Қазіргі уақытта организмге түскен бөтен зат бауырда, ішек - қарында, бүйрек пен май тіндерінде биотрансформациялық құбылысқа ұшырайтындығы белгілі болды. Бірақ, мұндай құбылыстың ең үлкені бауырда болады. Бауырдаң эндоплазма - ретикулолық клеткаларында "У"-дың басқа затқа ауысуындағы ферменттердің ең жоғарғы катализаторлық белсенділігі көрінеді.

Атап айтқанда, микросомальдық ферменттің қасиеті - бөтен заттармен химиялық құрамы бірдей болмаса да, ұқсастығы көрінеді. "У"-дың биотрансформациялық негізінде бірнеше химиялық реакциялар (құбылыстар) болады. Осының арқасында, метильдік (СH), ацетилдік (CH COO), карбоксилдік (COOH), гидроксилдік (OH) радикалдар және күкірт атомдары мен күкірті бар заттар қосылады, немесе бөлініп шығады. Бірақ, осылардың ішінде УЗ тазалауда, басты орын алатын-синтез бен коньюгация құбылысы. Бұл жағдайда организмнің ішкі ортасының улармен қайтымсыз байланысқа түсетін биохимиялық компоненттері: - глюкурон қышқылы, цистин, глицин, күкірт қышқылдары, улы заттар және т.б. Улы заттардың (УЗ) және олардың басқа затқа айналған түрлерінің - организмнен шығуына өкпе, ішек - қарын, бүйрек және әртүрлі бездер өздерінің үлесін қосады.

Бірақ, мұның ішінде бүйректің орны бөлек. Сондықтан да көптеген улану жағдайларында зәр шығарғыш арнайы заттардың көмегімен, улы заттардың тез шығарылуын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, кейбір зәрмен шығатын (УЗ)-дың зақымдайтын әсерлерін де ескеру қажет. Мысалы сынап бүйректің құрылысын зақымдайды.

3 тарау. ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАРСЫЛАС ЕЛДЕР



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет