Ұйымдардың және тұрғындарға босатылу көлеміне әсер ететін факторлардың айырмашылығы бар, сондықтан тұрғындарға және емдеу-профилактикалық мекемелеріне босатылу көлемін жобалау бөлек жүргізіледі.
Тұрғындарға босатылу көлемін жобалау
Көлемді жобалау босатудың осы жылғы, жыл сайынғы немесе орташа жылдық өсімнің темпі көрсеткіштерінің жоғарлауына тең. Тарату көлемінің жобалауының кең тараған әдістерінің бірі динамикалық көрсеткіш болып табылады.
Кесте 12.
Дәріхананың босату көлемін жобалау
Есептеу периоды (жыл) |
А
|
Б
|
В
|
Г
|
Д (жоспар)
|
Босату көлемі, млн. теңге
|
8,0
|
15,0
|
49,5
|
72,0
|
100,0
|
Баға индексі
|
1,0
|
1,5
|
4,5
|
6,0
|
1,25
|
Босатылымның шынайы көлемі, млн теңге
|
8,0
|
10,0
|
11,0
|
12,0
|
13,8
|
Өсу темпі
|
-
|
125
|
110
|
109
|
-
|
Жарты жылдық өсу темпі, %
|
114,6
|
а) периодты динамикалық қатар құрастыру;
б) салыстырмалы бағада босату көлемін көрсету: 15,0:1,5 = 10,0 (млн.теңге); 49,5:4,5=11,0 (млн.теңге); 72,0:6,0=12,0(млн.теңге);
в) жылдық өсу темпін есептеу (немесе өсім): Б жылда:10,0:8,0 100=125,0(%); В жылда:11,0:10,0 100=110,0(%); Г жылда:12,0:11,0 100=109,0(%).
г) орташа жылдық өсу темпін есептеу (немесе өсім):(125,0+110,0+109,0):3 =114,6 (%).
д) шынайы босату көлемінің жоабалу мәнін есептеу (А жылының бағасында): Рпл=Рф Тср=12,0 114,6:100=13,8 (млн.теңге).
е) құлдырау есепке алу: Г жылына қарағанда Д жылында құлдырау 25,0% құрайды, яғни, І=1,25. А жылына қарағанда құлдырау : 7,25 (6,0+1,25) құрайды.
ж) босату көлемінің жобасы : 13,8 7,25=100,0 (млн.теңге) тең.
Жалпы табысты жобалау
Табыс табу әр коммерциялық ұйымның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жалпы табыс (сауда түсімі)- дәрілік препарат және медициналық маңызы бар бұйымдарды бөлшектеп және көтерме бағамен тарату арасындағы баға айырмашылығы. Жалпы табысты дәрілік препарат және медициналық маңызы бар бұйымдарды босату немесе босатылмаған қызмет нәтижесінде де алуға болады.
Негізгі босатылмаған табыстар болып: жалға берудегі табыс, акция және басқа да бағалы қағаздар бойынша алынған табыс, штраф және өсімдер (пения), мүлік немесе заттар т.б.
Жалпы табыс көрсеткішіне әсер ететін факторлар:
-
тарату көлемінің ұзындығы (тауар айналым өсуімен жалпы табыс өседі);
-
сауда үстемесінің орташа деңгейі (сауда үстемесінің орташа деңгейі жоғары болған сайын, дәріхананың жалпы табысы соғұрлым жоғарлайды);
-
босатылу құрылымы (дәрілік зат бос сауда үстемесінің құрылымы жалпы табыс көлемін жоғарлатады);
-
тауарларды сатып алу ережесі және сатуды ұйымдастыру (егер де тауар жүру каналы тікелей болса, онда сауда үстемесінің көлемі жоғарлауы мүмкін, делдал арқылы жеткізуге қарағанда);
Кесте 13.
Жалпы табысты жобалау
Жыл |
Босату көлемі, млн. теңге
|
Жалпы табыс, млн. теңге
|
Жалпы табыс деңгейі, %
|
Базисті
|
72,0
|
17,28
|
24
|
Жоспарланған
|
100
|
23,5
|
23,5
|
а) базисті жылдағы жалпы табысты есептеу:
ДЖТ = 17,28 : 72,00 100 = 24,0 (%)
б) динамикада жалпы табыс деңгейіне талдау жасау:
жыл А - 22%; жыл Б - 28%; жыл В - 20%; жыл Г - 24%.
Жоспарлы ДЖТ = (22+28+20+24):4=23,5 (%);
в) жалпы табыстың жоспарлы сомасын анықтау:
ЖТжсспар= (100,0 23,5): 100 = 23,5 (млн. теңге);
г) квартал бойынша жоспарланған жалпы табысты бөлу :
I. (23 млн теңге 23,5%): 100%= 5,4 млн теңге.
II. (25 млн теңге 23,5%): 100%= 5,9 млн теңге.
III. (25 млн теңге 23,5%): 100%= 5,9 млн теңге.
IV. (27 млн теңге 23,5%): 100%= 6,3 млн теңге.
Тесттер:
1. Дәріханада тауар жүру каналдары жиі ұсынылады:
А) өндіруші
Б) көтерме звеносы
В) бөлшектік звеносы
Г) соңғы тұтынушы
Д) аралық тұтынушы
2. Негізгі мақсаты- дәріханаларды, ЕПМ және басқа ұйымдарды дәрілік препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету болып табылатын денсаулық сақтаудың ісінің мекемесі, деп аталады:
А) дәріхана
Б) дәріханалық қойма
В) дәріханалық киоск
Г) дәріханалық дүкен
Д) 1-ші категориялы дәріханалық пункт
3. Тауар балансы мына формуламен айқындалады:
А) ОН-П=Р+ОК
Б) ОН+Р=П+ОК
В) ОН+П=Р+ОК
Г) ОН х П=Р+ОК
Д) ОН+Р= П х ОК
4. Баланс белсенділігі айқындалады:
А) шаруашылық процестер
Б) шаруашылық заттарды орналастыру
В) шаруашылық заттарының пайда болу көздері
Г) шаруашылық заттармен қамтамасыз ету
Д) шаруашылық заттарды алмастыру
5. Баланс пассивтілігі айқындалады:
А) шаруашылық процестер
Б) шаруашылық заттарды алмастыру
В) шаруашылық заттарының пайда болу көздері
Г) шаруашылық заттармен қамтамасыз ету
Д) шаруашылық заттарды орналастыру
6. Негізгі заттар актив белсенділігі валютасында ескеріледі:
А) қалдық бағасымен
Б) бастапқы бағасымен
В) қалыптасқан бағасымен
Г) минимальды бағасымен
Д) максимальды бағасымен
7. Аз құнды және тез бұзылатын заттар – бұл еңбек құралы, инструменттер, инвентарь, арнайы киім және басқа қызмет көрсету мерзімі аз:
А) 5 жыл
Б) 3 жыл
В) 1 жыл
Г) 4 жыл
Д) 2 жыл
8. Дәріханалық ассортиментінің тұрғындарға жеке пайдалануға немесе қолма-қол есептесумен қолдану, сонымен қатар емдеу-профилактикалық мекемелері және басқа мекемелердің қолма-қол есептеспей жолы арқылы тауарларды сату аталады:
А) қабылдау
Б) тарату
В) тауар қалдығы
Г) тауар қоры
Д) орналастыру
9. Кіріс және шығыс кассалық операциялары жолын айқындайды:
А) тауарлар
Б) ақша қаражаты заттарын
В) негізгі заттар
Г) шаруашылық инвентарлар
Д) тауар қалдығы
10. Дәріхананың ұсталым айналымына шығындарды кірістіру тәртібі анықталады:
А) дәріхана меңгерушісі бұйрығымен
Б) ҚР үкімет қаулысымен
В) салық инспекциясы ұсынысымен
Г) фармация комитеті бұйрығымен
Д) Президент жарлығымен
11. РӨБ ДЗ сапасына дәріханаішілік бақылауды жүргізеді:
А) дайын дәрілік түрлер бөлімінің меңгерушісі
Б)фармацевт
В)орамдаушы
Г)дефектар
Д) провизор- аналитик
12. Дәріхана РӨБ міңдеттері:
А) дәріхананың ДЗ және ММБ қажеттіліктерін анықтау
Б) тауар әкелуге дайындаушылармен келісім шарт жасау
В) дайын ДЗ мен ММҚ дәріхана дүмбешегі мен дәріхана бөлімдеріне босату
Г) дәріхана бойынша көтерме фирмаға тапсырыс – талап
Д)дәрігерлердің рецепттері бойынша дәрілік түрлер дайындау
13. Максималды созылмалы науқастарға рецептердің жарамдылық мерзімін сәйкес ескертулермен ұзартуға рұқсат етіледі:
А) 1 жылға
Б) 1 айға
В) 2 ай
Г) 5 ай
Д) 6 ай
14. Дәрілері босатылған наркотикалық дәрілік заттарға арнайы рецептуралық бланкілер дәріханада сақталады:
А) 5 жыл
Б)1 жыл
В)2 жыл
Г)1 ай
Д)сақталмайды
15. Тегін және жеңілдікпен босатылған дәрілерге рецепттер
дәріханада сақталады:
А)5 ыл
Б)1 жыл
В)2 жыл
Г)1 ай
Д)сақталмайды
16. Заттық – сандық есептегі дәрілік заттарға рецепттер дәріханада сақталады:
А)5 ыл
Б)1 жыл
В)2 жыл
Г)1 ай
Д)сақталмайды
17. Ұйықтатқыштарға, 8 – оксихинолин туындыларына, стероидты гормондарға, антидепрессанттар, нейролептиктер, транквилизаторларға рецепттер дәріханада сақталады:
А) 5 жыл
Б)1 жыл
В)2 жыл
Г) 1 ай
Д)сақталмайды
18. Антибиотиктерге, антигистаминді, сульфаниламидті дәрілік препараттарға 107/у түрінде жазылған рецепттер дәріханада сақталады:
А)5 жыл
Б)1 жыл
В)2 жыл
Г)1 ай
Д) сақталмайды
19. Наркозға арналған эфир мына түрдегі рецептуралық бланкіде жазылады:
А)арнайы бланк
Б)107 /у түрі
В)108 /у түрі
Г)талаптарға
Д) жазылмайды, себебі стационарда қолданылады
20. СК = СН + ДО – КО формуласы бойынша есептің соңғы сальдосы шығарылады:
А)активті
Б)пассивті
В)синтетикалық
Г)аналитикалық
Д)нәтижелік
21. Қалдықтың құны бойынша негізгі заттар дәріхана ұйымында ескеріледі:
А) инвентарлық кітапта
Б)инвентарлық карточкада
В)аналитикалық есеп – шотта
Г)синтетикалық есеп – шотта
Д) баланс активінің нәтижесіне қосылады
22. Құны ҚР заңдылығымен бекітілген минималды жалақының 50 еселік мөлшерінен кем емес және жарамдылық мерзімі 1 жылдан кем емес материалды – заттық құндылықтар жиынтығы жатады:
А) қаржыға
Б) тауарларға
В) ақшалай жанама заттарға
Г) қаржы нәтижесіне
Д) арзан құнды және тез тозатын құралдарға
23. Орамдаушы міңдеттері:
А)науқастан рецепт қабылдау
Б)дәрілік түрлер дайындау
В)ақпараттық жұмыс жүргізу
Г)дәріханалық ыдысты жуу
Д) сұйық және ұнтақ тәрізді дәрілік түрлерді орамдау
24. Дәріхана ұйымы тандаған бухгалтерлік есепті жүргізу жиынтығы – біріншілік бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтар және шаруашылық қызмет фактілерін жалпы нәтижелеу аталады:
А)баланс
Б)инвентаризация
В) есептік саясат
Г)қаржы нәтижесі
Д)есепшоттар корреспонденциясы
25. Дәріхананың айналымдық құралдарына жатады:
А)ыдыс
Б) тауар
В) ақша
Г) транспорт
Д) арзан және тез тозатын құралдар
26. Дәрігерлердің рецепті бойынша дәрі дайындау құқығына болу керек:
А)сәйкестік сертификат
Б)дәрі дайындаумен айналысу құқығына лицензия
В)тіркеу туралы куәлік
Г)патент
Д) аккредитация аттестаты
27. РӨБ дәрілік түрлер дайындау бойынша ассистент қызметін атқарады:
А)фармацевт
Б)провизор – аналитик
В)провизор – организатор
Г)орамдаушы
Д)провизор – технолог
28. Қызметкерлердің жеке гигиенасын ұстауға санитарлық талаптар реттеледі:
А)облыстық СЭС – ң бас дәрігерінің бұйрығында
Б)бөлшек сауда ережесінде
В)техника қауіпсіздігін және еңбек қорғауын (охранасын) қамтамасыз ету нұсқаулығында
Г)ішкі еңбек тәртібі ережелерінде
Д) Сан – Пинде
29. Бөлшек сауда дәріханасының міңдеттері:
А)дәрілерді реттік босату
Б)ЕПМ – ге дәрілер дайындау
В)Медициналық қызметтер көрсету
Г)Ұсақ көтерме сауда ұйымдарына қызмет көрсету
Д) Амбулаторлы науқастарды дәрімен қамтамасыз ету
30. Наркотикалық дәрілік заттар дәріханада тіркеледі:
А)заттық – сандық есеп кітабында
Б)зертханалық журналда
В)рецептуралық журналда
Г)орамдау журналда
Д)дефектуралық журналда
Жауаптар эталондары:
1. Б
2. Б
3. В
4. Б
5. В
6. А
7. В
8. Б
9. Б
10. Б
11. Д
12. Д
13. А
14. А
15. Б
16. Б
17. Г
18. Д
19. Д
20. А
21. Д
22. А
23. Д
24. В
25. Д
26. Б
27. А
28. Д
29. Д
30. А
ТАУАР ҚОРЫ, СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ НОРМАЛАУ
Белгілену бойынша тауар қорын:
-
осы ағымдағы (текущие)
-
маусымдық сақталатын
-
мақсатты белгілеу
Тауар қорын 2 өлшемде өлшейді:
-
соммалық қор
-
күндегі қор
Нақты тауар қоры осы уақыттағы болып табылады, олар белгілі бір күндегі жағдайды сипаттайды. Мысалы, айдың соңы немесе басы. Орташа тауар қорын 1 айға анықтауға болады.
Мысалы, тауар қоры октябрдің басында 83,0 мың тг. Болса, айдың соңында- 82,8 мың тг.; орташа тауар қорын орташа арифметикалық өлшем бойынша анықтайды:
1/20 1+О 2+О 3+.... Оg 1+ 1/20 n
О =-------------------------------------------- , мұндағы
n – 1
О1, ...... Оn - әр уақыттағы басында (ай) тауар қалдығы;
n – айдың күні;
О – тауардың орташа қалдығы.
Мысалы, 4 кварталда көтерме бағамен орташа тауар қалдығын анықтау керек болса, егер нақты қалдықтар:
1.10 – 83 мың теңге 1.11 – 82,8 мың теңге
1.12 – 83,2 мың теңге 1.01 – 82,4 мың теңге
1/201+О2+О3+.... Оg1+ 1/20n 83/2+82,9+83,2+83,4/2
О =---------------------------------------=--------------------------------=82,9мың теңге
n – 1 3
Тауарды пайдалану жылдамдығын тауар айналымдылық деп атайды. Ол белгілі бір уақытта барлық тауар массасының айналымы немесе тауар массасының бір айналымы неше күнге созылатындығын көрсетеді. 2 көрсеткіштің негізі бірдей.
Олар былай есептеледі: егер тауар массасының айналым санын есептеу үшін, мысалы квартал бойынша, осы кварталда көтерме бағамен тауар айналымын осы кварталдың көтерме бағасының орташа тауар қалдығына бөлу керек.
Егер, 4 кварталдың тауар айналымы 199,05 мың теңге. Онда квартал бойынша тауар массасының орташа қалдық бойынша айналым саны 82,9 мың теңгеге тең, онда 2,4 рет болады. (199,05 : 82,9 ).
Бір айналым 1 күндегі ұзақтылығы күн санын айналым санына бөлумен анықтайды. Кварталда 90 күн бар. Онда:
90 күн : 2,4 рет = 37,5 күн
Сонымен, талдау уақытында дәріхананың тауар массасын 37,5 күнде түгелдей жаңаланады, немесе, дәріхана тауар қоры 37,5 күнге жететіндей жұмыс істейді.
Әрбір дәріхана тауар жүруін процесін тездетуге тырысады, яғни, тауар алған күннен бастап сатқанға дейінгі уақытты қысқарту. Тауар айналымның тездетілуі көптеген факторларға байланысты.
Негізгілері:
-
Тауар түсуінің жиілігі
-
тауардың жолда болу ұзақтығын қысқарту және дәріханада қабылдау уақытының қысқаруы
-
тауардың керек ассортиментінің болуы және сұраныс тіркелуінің саны
-
сауданың прогрессивті түрлерін енгізу: дәрілік заттарды жеңілдікпен сатып алуға дисконтты картаның берілуі, т.б.
-
емдеу-профилактикалық мекемелерінің есептерін реттеу
-
дәрілік заттар туралы ақпарат қызметінінің жұмысын жетілдіру, т.б.
Тауар айналым келесі көрсеткіштермен :
1 жылдағы жалпы тауар айналым
К айн. = ------------------------------------------- ;
Жылдық орташа тауар қоры
360 күн
К жалғасы = -----------------------------------------
Тауар қорының айналым саны
Тауар қорын келесі уақытқа (мысалы, квартал) жоспарлау үшін, айналымда 1 күндегі квартал жоспарын алдында есептеу керек, оны айналыммен салыстыру керек, бағалау- тауар айналым жоспарының қаншалықты қиын (немесе қиын емес) болады белгіленген тауар қорымен, және тауар айналымы жылдамданады.
Егер, мысалы, жоспар алдында, 4 кварталда, дәріханада сату көлемін жоғарлатса, тауар қоры 37,5 күнге, онда келесі, 1 кварталда, тауар қорын 1 күнге және оның айналымын өзгеріссіз сақтап қалуға болады, немесе, тауар массасының 1 күндік айналымының ұзақтығын 36 күнге дейін қысқартса.
Бұл тауар қорынан дәріхана бір бөлік заттарын босатып алуға көмектеседі.
Жоспарланған тауар қорын соммасын, көтерме бағамен жоспарланған бір күндік тауар айналымды жоспарланған қор күніне көбейту арқылы анықтауға болады.
Есептеу былай жүргізіледі:
-
Жоспарланған тауар айналымын көтерме бағамен анықтайды. Жоспарланған тауар айналымын бөлшектік бағамен 333 мың теңге, ал жоспарланған кіріс оның таратуынан- 108,2 мың теңге. Онда жоспарланған тауар айналымын көтерме бағамен 224,8 мың теңге құрайды.
333 мың теңге – 108,2 мың теңге = 224,8 мың теңге.
2. Жоспарланған тауар айналымын бөлшектік және көтерме бағамен анықтайды. Кварталда күн саны – 90.
333 мың тг. : 90 = 3,7 мың тг. – 1 күндік тауар айналым бөлшектік бағамен
224,8 мың тг. : 90 күн = 2,5 мың тг. – 1 күндік тауар айналым көтерме бағамен.
3. Тауар қорын соммада 1 кварталға көтерме бағамен, және бөлшектік бағамен
2,5 мың теңге х 36 күн = 90 мың теңге – көтерме бағамен қор
3,7 мың теңге х 36 күн = 133,2 мың теңге- бөлшектік бағамен қор
Дәріханада тауар жүру процесін тездетуді жоспарлауға байланысты 1,5 күнге қысқартады (37,5-36), онда тауар қорынан заттарды босатады.
Босататын заттарды есептеу соммасы формула бойынша жүргізеді:
Көтерме бағамен босату
(есептеу уақыты)
Босату = ------------------------------------- = Күндегі айналым ұзақтығы
Күн саны (есептеу уақыты) (жоспарланған уақыт)
Есептеу уақытымен көтерме бағамен таратуды анықтаймыз, жоспарланған уақытта бұл көрсеткіштерді қалай анықтады: тауар айналым бөлшектік бағамен есептеу уақыты- 4-ші квартал осы кварталда сауда салымын алып тастаймыз:
280,4 мың теңге – 81,3 мың теңге = 199,1 мың теңге.
Онда тауар қорынан босатылатын соммасы:
Заттардың
босатылуы = 199,1 мың теңге х 90 х (37,5-36) = 3,3 мың теңге.
Бұл формула бойынша қосымша заттардың қажеттілігін есептесе, егер де тауар қорын көбейту қажет болса.
Сонымен, жоспарланған тауар қоры күнде 36 күнге тең, көтерме бағамен соммасы – 90 мың теңге, тауар қорынан босатылатын заттар – 3,3 мың теңге.
Тесттер:
1. Дәріхана қор бөлімінде келесі материалдық бөлмелер бар:
А) асептикалық
Б) тазартылған су алатын
В) ассистенттік
Г) деззаттар
Д) жуатын
2. Дайындалған дәрілік түрлердің сапасын бақылау түрлеріне жатады:
А) ауызша
Б) ДЗ өзі екендігіне
В) физикалық
Г) толық химиялық
Д) органолептикалық
3. Ішке қолдануға арналған дәрілік түрлерді келесі этикеткалармен безендіреді:
А) күлгін
Б) сарғылт
В) қызғылт
Г) көк
Д) жасыл
4. Дәріханалық этикеткаларда белгі түстері бар:
А) қызғылт – шаншуға арналған
Б) көгілдір – сыртқа арналған
В) сары – көз тамшыларына арналған
Г) жасыл – ішке арналған
Д) сарғылт- ерекше улы дәрілік заттарға арналған
5. Дәріханада құрамында этил спирті бар рецептер сақталады:
А) 1 жыл
Б) 2 жыл
В) 3 жыл
Г) ай
Д) 5 жыл
6. Заттық-сандық есепке жатады:
А) күшті әсер ететін
Б) прекурсорлар
В) антибиотиктер
Г) гормональды
Д) транквилизаторлар
7. Табиғи кему нормасын қолдана отырып жетіспеушілікті жою жүргізіледі:
А) ай соңында
Б) квартал соңында
В) тізімдеу кезінде (инвентаризация)
Г) жыл соңында
Д) әр жарты жалдықта
8. Созылмалы науқастарға ұзақ әсерлі рецепт бойынша дәрілерді босатуда,рецепт:
А) дәріханада қалдырады
Б) науқастарға қайтарылады
В) жойып жібереді
Г) заттық-сандық есепке қояды
Д) артқы бетіне белгі қойып науқасқа қайтарады
9. Фармацевтикалық экспертиза – бұл:
А) фармацевт жұмыс орнының құралдары және жабдықталуы
Б) еңбекті қорғау және ҚТ бойынша ережелердің сақталуы
В) фармацевт міндеттері және құқықтарының сақталуы
Г) рецепт безендірілуінің дұрыстығын тексеру
Д) фармацевтикалық этиканың сақталуы
10. Асептикалық жағдайда дайындайды:
А) ішке қолдануға арналған микстуралар
Б) тұнба және қайнатпалар
В) жаңа туған сәбиге арналған барлық дәрілік түрлер
Г) пилюлялар
Д) сыртқа қолдануға арналған жағар майлар
11. Сертификаттау органдары жүзеге асырады:
А)дәрілік заттардың бактериологиялық сараптамасын
Б)дәрілік заттарды клиникаға дейін сынау
В)клиникалық зерттеу
Г) НҚТ – ға сәйкестік экспертизасын
Д)микробиологиялық сараптама
12. Зертханалық – орамдау журналында тіркелмейді:
А)концентраттар
Б)орамдау
В)жартылай фабрикаттар
Г)дәріхана ішілік дайындау
Д) дефектура
13. Дәріхана ұйымдарға көмекші материалдар (этикетка, сигнатуралар, тығындар, жіп, т.б) жатқызылады:
А)негізгі құралдарға
Б)айналым құралдарына
В)айналымнан тыс құралдарға
Г)материалды емес активтерге
Д)тез тозатын материалдарға
14. Негізгі заттар объектілерінің физикалық сапаларын немесе технико – экономикалық қасиеттерін жоғалтуларының құндылықты көрсеткіші не ретінде анықталады:
А) тозу
Б)шығын
В)шығыс
Г)сальдо
Д)қалдық
15. Айналым ұстанымдарына көлемі бойынша негізгі заттар тозуына сәйкес келетін шегерімдер суммасын қосу арқылы жүзеге асырылатын жаңа негізгі заттарды сатып алуға және қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау, аталады:
А)дебет
Б)кредит
В)шығын
Г)кіріс
Д) амортизациялық шегерімдер
16. Материалдық формасы, физикалық қасиеттері жоқ, кәсіпорынға ұзақ уақыт бойы пайда әкелмеген объектілер бухгалтерлік есепте, жатқызылады:
А)тауарларға
Б)негізгі құралдарға
В)ақшалай құралдарға
Г)материалды емес активтерге
Д)тез тозатын заттарға
17. Дәрілер айналымында бақылау – тексеру қызметін атқарады:
А)зерттеу
Б)облыстық СЭС
В)бақылау – аналитикалық зертханасы
Г)сертификаттау органы
Д) облыстық фамация бақылау басқармасы
18. Нормативті – құқықтық құжаттарды дайындайды:
А)бақылау – аналитикалық лабораториясы
Б)сертификаттау органы
В)ҚР ДСМ
Г) фармация комитеті
Д) ҚР Президенті аппараты
19. Тәулік бойы жұмыс істейтін дәріхана – бұл:
А)дәріхана дүмбешегі
Б)аурухана дәріханасы
В)кезекші дәріхана
Г)екі аусымда істейтін дәріхана
Д) ауруханааралық дәріхана
20. Мемстандарт жүзеге асырады:
А)сертификаттау органдарын аккредитациялау лицензиялауды
Б)дәрілік заттарды тіркеуді
В)дәрілік заттарды сертификаттауды
Г)дәрілік заттарды жарнамалауды
Д) фармация қызметті
21. Дәрілік заттар жарнамасына рұқсат береді:
А)үкімет
Б)жергілікті денсаулық сақтау органдары
В)дәрілік заттар экспертизасының ұлттық орталығы
Г)сертификаттау органдары
Д) фармация комитеті
22. Жарнамалауға рұқсат берілмейді:
А)науқастар күтіміне арналған құралдар
Б)медициналық мақсаттағы құралдар
В)денсаулық сақтау министрлігінің № 110, 136 бұйрығының тізіміне сәйкес дәрілік заттар
Г)байлап-таңу материалдары
Д) дәрігердің рецептімен босатылатын дәрілік заттар
23. Фармакопеялық мақалалар мен мемлекеттік фармакопеяны жасап, бекітеді:
А)фармакологиялық эксперттік комиссия
Б)дәрілік заттар экспертизасының ұлттық орталығы
В)фармакопеялық эксперттік комиссия
Г)сертификаттау бойынша зерттеу лабораториясы
Д) мемстандарт
24. Фармакологиялық эксперттік комиссия міндеттері:
А)дәрілік заттардың клиникалық қолданылуы бойынша нұсқаулықтар мен тұтынушыға арналған нұсқаулықтарды эксперттік бағалау
Б)фармакопеяны дайындау
В)нормативтік құжаттарды дайындау
Г)фармацевтік салаға ақпараттың серіктестік жасау
Д)ЖРД және тәуліктік дозаларды бекіту
25. Саланың ақпараттық серіктестігін жүзеге асырады:
А)фармация комитеті
Б)облыстық ДС департаменті
В)облыстық фармацевтік бақылау басқармасы
Г)зерттеу лабораториясы
Д) ДЗ экспертизасының ұлттық орталығы
26. ҚР шығарылатын және сырттан әкелінетін ДЗ НТД талаптарына сәйкестігіне экспертизаны жүзеге асырады:
А)фармация комитеті
Б)кеден басқармасы
В)облыстық фармация бақылау басқармасы
Г)ДЗ экспертизасының ұлттық орталығы
Д)фармакологиялық эксперт комиссиясы
27. Облыстық фармацевтік бақылау басқармасы жүзеге асырады:
А)І және жоғары квалификациялық дәрежелерге сәйкестік аттестациясын
Б)ҚР әкелінетін ДЗ тіркеуді
В)ҚР ДЗ әкелуге рұқсат береді
Г)фармацевтік тәртіпті және дәріхана ұйымдарында нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды
Д)нормативті құжаттарды дайындайды
28. Негізгі өмірге маңызды дәрілік заттардың тізімін ұсыну қай ұйымның міңдетіне жатады:
А)ұлттық экспертиза орталығы
Б)ҚР ДСМ –ң бас маманы
В)фармакопеялық эксперттік комиссиясы
Г)ҚР бас санитар дәрігері
Д) фармакологиялық эксперттік комиссиясы
29. Мемлекеттік реестрдан ескірген және аз тиімді ДЗ –ы, ММҚ –ы және медтехниканы алып тастау міңдетін орындайды:
А)мемстандарт
Б)ҚР ДС Министрлігі
В)ҚР бас санитар дәрігері
Г)ҚР ДСМ Фармация комитеті
Д) Фармакологиялық эксперттік комиссия
30. «Фармакон» сөзі білдіреді:
А)дәрі
Б)қойма
В)өсімдік
Г)емдеу
Д)сауығу
Жауаптар эталондары:
1. Г
2. Д
3. Д
4. Г
5. А
6. Б
7. В
8. Д
9. Г
10. В
11. Г
12. Д
13. Б
14. А
15. Д
16. Г
17. Д
18. Д
19. В
20. А
21. В
22. Д
23. В
24. А
25. Д
26. Г
27. Г
28. Д
29. Д
30. А
ТАУАРЛАРДЫҢ БОСАТЫЛУ КӨЛЕМІН ТАУАРЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Берілген босату көлемін орындау және тауарлардың қоры болу үшін тауар жеткізушіден тауар сатып алу қамтамасыздығының сәйкестігі қажет. Босату көлемінің тауар қамтамасыздығы тауар түсуі деп аталады.
1 жылғы тауар түсу мөлшері (Т) тауар баланстың формуласын шығады:
Т=P+O а-O б , мұндағы
O а және O б - тауар қорының жоспарланған уақыт басындағы және аяғындағы мөлшері;
Р- жоспарланған уақыттағы босату көлемі;
Тауар түсуі көтерме бағамен саналады, сондықтан тауар теңдігінің элементтері сай болу керек.
Жоспарланған уақыттағы босату көлемі (Р) = 100 млн.теңге (бөлшектік бағамен)
Таза пайданы жоспарланған деңгейі = 23,5%, өзіндік құн коэффициенті = 76,5%. Онда босату көлемі көтерме бағамен тең болады:
100 млн.теңге х 76,5 : 100 = 76,5 млн.теңге
Тауар қоры жоспарланған уақыт басында (Об) = 7 млн.теңге
Тауар қоры жоспарланған уақыт аяғында (Оа) = 9,7 млн.теңге
Түсу жоспары (Т) = 76,5+9,7-7,0 = 79,2 млн.теңге
Достарыңызбен бөлісу: |