Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет3/6
Дата05.07.2016
өлшемі1.11 Mb.
#179280
1   2   3   4   5   6

Ерлердің өкпесінің биіктігі 27-30 см, әйелдердікі 21-23 см. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкендеу болады. Ересек адам өкпесінің тіршілік сыйымдылығы 3500 см. Адам минутына орта есеппен 16-18 рет тыныс алады. Осы мезгілде өкпе 8 литр ауа өткізіп, адам өміріне аса қажетті газ алмасуды қамтамасыз етеді.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


сыртқы орта – окружающая среда

өкпе көпіршіктері – легочные пузырьки

түкті эпителий – ресничный эпителий

шеміршек – хрящ

аңқа – носоглотка

көмей – гортань

кеңірдек – трахея

сақина – кольцо

түтікше – трубочка

газ алмасу – обмен газов

залалсыздану – обезвредить

ылғалдану – увлажняться

тармақталу – разветвляться

кішірею – уменьшаться

доға тәрізді – дугообразной формы
2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз



  1. Тыныс алу дегеніміз не?

  2. Оттегі не үшін керек?

  3. Тыныс алу жүйесі қандай қызмет атқарады?

  4. Тыныс алу мүшелеріне қандай мүшелер жатады?

  5. Тыныс алу жолы қайдан басталады?

  6. Мұрын қуысында нелер бар және мұрын қуысында ауамен не болады?

  7. Мұрын қуысынан кейін ауа қандай мүшелерге өтеді?

3-Тапсырма

Төменде берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз
Обмен газов между кровью и воздухом происходит в органах дыхания. Систему органов дыхания составляют легкие, носовая полость, носоглотка, гортань, трахея, бронхи. В носовой полости воздух согревается и увлажняется. У разных людей жизненная емкость легких неодинакова. Углекислый газ из венозной крови поступает в легочные пузырьки. Кислород из легочных пузырьков проникает в кровь. Как происходит газообмен в легких? Почему надо дышать через нос?
4-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: денеге ..., ауа ..., кеңірдектен ..., екі бронхыға ..., жасушалардың ..., мұрын қуысынан ..., газ алмасуды ... .


Керекті сөздер: тыныс алуы, таралу, басталу, залалсызданады, өтеді, бөліну, қамтамасыз ету
5-Тапсырма

«Тыныс алу жүйесі» сөз тіркесін септеп, әрқайсысымен сөйлем құраңыз

Тыныс алу жүйесінің аурулары
Адамның денсаулығы тыныс алатын ауаның тазалығына да байланысты. Тыныс алатын ауада шаң-тозаңның болуы тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудырады. Тыныс алу жүйесінің өздеріне тән аурулары бар. Олар ағзаның әлсізденуі кезінде пайда болады. Бұған микроорганизмдер (бактериялар, вирустар), ауа температурасының өзгеруі, онда әр түрлі газдардың, зиянды қосылыстардың түзілуі және шаң-тозаңдар себеп болады. Шаңға, иіске және басқа нәрселерге ағзаның сезімталдығының артуынан да тыныс алу мүшелері ауруға шалдығуы мүмкін.

Тыныс алу жүйесінің жиі кездесетін ауруларына - гайморит, баспа, демікпе, пневмония (өкпе қабынуы), туберкулез, тұмау жатады.

Тыныс алу мүшелері ауруларының алдын алу үшін бөлменің ауасын таза ұстап, жеке бастың тазалығы және науқастармен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтап, денені шынықтыру қажет.

Ауырмау үшін мүмкіндігінше, мұрынмен дем алған жөн.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


шаң-тозаң – пыль

ауа – воздух

иіс – запах

сезімталдық – чувствительность

ереже – правило

демікпе – астма

баспа – ангина

себеп – причина

қосылыс – соединение

қарым-қатынас – отношение; связь

тән – свойственный; характерный

тыныс (дем) алу – дышать

тудыру – способствовать появлению

әлсіздену – слабеть; терять силы

пайда болу – возникнуть; появиться

түзілу – образоваться

арту – возрастать; увеличиваться

мүмкіндігінше - по возможности


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Тыныс алу аурулары қалай пайда болады?

  2. Оған не себепкер болады?

  3. Тыныс алу ауруларына қандай аурулар жатады?

  4. Тыныс алу ауруларының алдын алу үшін не істеу керек?

  5. Ауырмау үшін не істеу керек?

3-Тапсырма

Төмендегі сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз
Адамның денсаулығы, ауаның тазалығы, шаң-тозаңның болуы, тыныс алу мүшелерінің аурулары, ағзаның әлсізденуі, ауа температурасының тез өзгеруі, бөлменің ауасы, жеке бастың тазалығы, науқастармен қарым-қатынас жасау, денені шынықтыру
4-Тапсырма

Оң жақтағы етістіктермен керекті сөздер арқылы сөз тіркесін құрыңыз (сұрақ арқылы)









ауруларын

шалдығу (неге?)

қарым - қатынас

тыныс алу (немен?)

мұрынмен

әлсізденуі (ненің?)

ауруға

тудырады (нені?)

ережені

жасау (не?)

ағзаның сақтау (нені?)
5-Тапсырма

«Қарым-қатынас» сөзін тәуелдеп, әр түрлі сөз тіркестерін құраңыз

Баспа
Баспа дегеніміз – гректің бату, қысу деген сөзінен шыққан, әр түрлі микроорганизмдер, көбінесе стрептококтар мен стафилококтар туғызатын өте жұқпалы ауру. Бұл ауру ағзаға суық тигенде, өте суық сусын ішкенде пайда болады. Салқын тиген кезде ағза әлсіреп, микробтар ауруды қоздырып, тамақты қабындырады.

Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Әдетте астыңғы жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Ауру 5 күннен 7 күнге дейін созылады. Асқыну болмаған жағдайда сауығып кетеді.

Емі. Науқасты оңаша ұстау қажет. Сульфаниламидтік препараттар ішіп, тамағын фурацилин ерітіндісімен шаю керек. Аурудың интоксикация құбылыстары болып, ауыр жағдайларда антибиотиктерді көк тамырға 7-8 күн бойы енгізеді. Бұл ауру қайталай берсе, созылмалы түрге ауысады. Ал баспа асқынса, қан арқылы жүрекке, бауырға, бүйрекке зардабын тигізеді. Сондықтан баспамен қайталап ауырудан сақтану маңызды, ол үшін тіс жегін, мұрын мен жұтқыншақты емдеу қажет (ультракүлгін сәуле беру, дәрігердің көрсетуімен аденоидтарды алып тастау).
1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


баспа - ангина

құбылыс – явление

асқыну – обострение; осложнение

түйін – узел

ерітінді – раствор

тіс жегі – кариес

зардап – последствие

сусын – напиток

сәуле – луч

тамақ – горло; еда

дәрігердің көрсетуі – назначение врача

туғызу – вызывать; порождать

қабындыру – воспалять

қайталай беру – повторяться

алып тастау – удалить

ауысу- меняться

жұтынғанда – при глотании

оңаша – уединенно; отдельно

шаю – полоскать

енгізу – ввести

қадағалау – наблюдать

қысу – давить; сжимать

салқын тиген кезде – при простуде

созылмалы түрі – хроническая форма


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Баспа қандай ауру?

  2. Ауру қалай басталады?

  3. Ауруды немен, қалай емдейді?

  4. Баспа асқынса, қандай мүшелерге зардабын тигізеді?

  5. Сіз баспамен жиі ауырасыз ба?

3-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: жұтқыншақты ..., жиі ..., сирек ..., қысым ..., жағдайы ..., ерітіндімен ... .
Керекті сөздер: көтерілу, ауыру, нашарлау, шаю, шаю, емдеу
5-Тапсырма

«Енгізу» етістігін Ауыспалы осы шақта жіктеп, сөйлем құраңыз


Тонзиллит

Тонзиллит ұзаққа созылатын жұқпалы ауру. Бұл сырқаттың ерекшелігі – баспа түрінде жиі қайталанады. Зақымданған жұтқыншақ безде ауруды қоздырғыш микробтар болады. Ғалымдар жұтқыншақ безінің ісуі (тонзиллит) жүрекке, буынға, бүйрекке және тағы басқа мүшелерге әсер етеді деп дәлелдеген.

Тонзиллитке негізінен бұзылған тіс себепкер болады. Жиі-жиі баспамен ауыру салдарынан жұтқыншақ безінің созылмалы ауруы пайда болады. Бұл ауру ағзаның жалпы күйін нашарлатып, жүрек, бүйрек тағы басқа мүшелердің қызметін өзгеріске ұшыратады. Ауру кезінде адамның қызуы көтеріліп, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, тәбеті нашарлайды, басы ауырады, жүрегі соғып, ұйқысы бұзылады. Асқынып кетпесе, созылмалы тонзиллитті емдеп жазуға болады.

Бұл аурудың алдын алу жолы – шынығу, тазалық сақтау, ауырған тістерді емдету, тыныс жолдары мен мұрынның қабынуына жол бермеу. Ағзаның сырқаттан қорғанатын күшін молайту үшін дәрумені көп нәрлі тамақ ішу керек.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


ерекшелік – особенность

қоздырғыш – возбудитель

себепкер – причина

салдар - последствия

өзгеріс – изменение

қызмет – функция; должность

күй, жағдай – состояние

жұмыс істеу қабілеті – работоспособность

алдын алу – профилактика

шынығу - укрепление организма

қорғанатын күш – защитные силы

шарт- условие

нәрлі – калорийный

ұзаққа созылатын – длительный

ұшырату – подвергать

әсер ету – влиять

дәлелдеу- доказать

қайталану – повторяться

жазу – вылечить; писать

молайту – увеличение; увеличить


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Тонзиллит қандай ауру?

  2. Бұл сырқаттың қандай ерекшелігі бар?

  3. Жұтқыншақ безінің ісуіне не себепкер болады?

  4. Тонзиллит кезінде болатын ауру белгілері қандай?

  5. Бұл аурудың алдын алудың мәнді шарттары қандай?

  6. Ағзаның сырқаттан қорғанатын күшін молайту үшін қандай тамақ ішу керек?

3-Тапсырма

«Дәлелдеу» етістігін нақ осы шақта жіктеп, 5 сөйлем құрастырыңыз
Тұмау
Тұмау – бұл тыныс алу жолдарының шырышты қабықшасына вирустың түсу кезінде пайда болатын жұқпалы ауру.

Вирус тыныс алу клеткаларын зақымдайды да, көбейеді. Аурудың алғашқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріледі, тамағы ашиды және қызарады, дауысы қарлығады, тыныс алуы жиілейді. Әсіресе, тұмау балалар үшін қауіпті. Егер дәрігердің белгілеген емдерін дұрыс қолданбаса, күтпеген асқынулар болуы мүмкін.

Дүние жүзінің көптеген ғалымдары тұмаумен күресудің негізгі жолы алдын ала егу деп есептейді. Адамдарды алдын ала егу ауруды бірнеше есе азайтады, ауырған күнде де залалсыз болады. Вакцинация жасау, әсіресе, балаларға, қарт адамдарға өте қажет. Қауіпті топқа олардан басқа мұғалімдер, медицина қызметкерлері, әскери және халыққа қызмет көрсететін адамдар жатады.

Тұмауға қарсы егуді індет басталмай тұрғанда жүргізу керек. Иммунитет вакцинадан кейін екі аптада пайда болады. Вакцинаны індет кезінде де жасауға болады. Ол кезде қосымша алдын алу шараларын қолдану керек.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


тұмау – грипп

егу – прививка

алдын алу – профилактика

індет – эпидемия

шаралар – меры

белгілеген ем – назначенное лечение

алғашқы кезең – начальная стадия

қауіпті – опасный

қосымша – дополнительный

күтпеген – неожиданный

қарт – пожилой

қарлығу – охрипнуть

тамағы ашу – першение в горле

қолдану – пользоваться

қызару – краснеть

көбею – размножение

азайту – уменшать

жиілеу – учащаться

есептеу - считать

залалсыз – безвредно; безопасно

алдын ала – заранее; предварительно

қарсы – против


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Тұмау дегеніміз не?

  2. Аурудың алғашқы кезеңі қалай басталады?

  3. Дүние жүзінің ғалымдары тұмаумен күресудің жолын не деп есептейді?

  4. Егуді қай кезде жүргізген дұрыс?

  5. Қауіпті топтарға қандай адамдар және мамандық иелері жатады?

  6. Иммунитет вакцинадан кейін қашан пайда болады?

3-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз: экономикаға ..., алдын ала ..., зерттеулер арқылы ..., іңдет басталғанда ..., вакцинаны ..., ауру ... , ауру зардабынан ... .
Керекті сөздер: жүргізу, тамызу, егу, зиян келтіру, асқыну, анықтау, қайтыс болу
4-Тапсырма

Сөздіктегі етістіктерді болымсыз түріне айналдырыңыз


Бронхит
Бронхит – бронхылардың қабынуы. Бронхит жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бронхит ауруы тыныс жүйесі ауруларының ішінде жиілігі жағынан статистика бойынша бірінші орында тұр.

Сырқат көбіне құрғақ жөтелден басталады да, кейін іріңді қақырық тастау қосылады. Кейде науқастың қызуы көтерілуі мүмкін. Жедел бронхиттің дамуына ағзаның оған бейімділігін тудыратын кейбір факторлар үлкен әсер етеді. Олар: салқын тию, шаршау, темекі тарту, ішімдік ішу.

Жедел бронхиттің негізгі дамуына микробтар да себеп болады (пневмокок, стрептокок, стафилокок және әр түрлі вирустар). Жедел бронхит ауруы бірнеше күнге, кейде бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Кейде созылмалы бронхитке айналады.

Созылмалы бронхит кезінде қабыну процесі бронхтың терең қабаттарына және өкпе ұлпасына тарайды.

Дүниежүзі Денсаулық Сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынысы бойынша созылмалы бронхит деп екі жыл қатарымен, әр жылда кем дегенде бір ай бойы қақырық тастауды айтады.

Ауру адам көбінесе жөтел мен қақырық тастау, сол сияқты ентігудің пайда болғанын айтады. Сырт қарағанның өзінде тыныс алудың жиілігін анықтауға, ентігіп отырғанын байқауға болады. Кейде науқастың ерні кезеріп, көгеруі де мүмкін. Дем алғанда сырыл естіледі. Созылмалы бронхит емдеу нәтижесінде сауығып кетеді.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


бейімділік – склонность; предрасположение

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы – Всемирная Организация Здравоохранения

қақырық тастау – выделение мокроты

терең қабат – глубокий слой

сырыл – хрип

ұлпа – ткань

жиілік – частота

тудыру – создавать

тарау – распространяться

ерін кезеру- высыхание губ

анықтау – определить

байқау – наблюдать

ентігу – задыхаться, одышка

естілу – слышаться

қосылу – прибавляться

сырт қарағанда – при визуальном осмотре

жедел – острый; срочный; экстренный

көгеру – синеть

2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз



  1. Бронхит дегеніміз не?

  2. Қандай түрлері бар?

  3. Сырқат қалай басталады?

  4. Жедел бронхиттің дамуына не әсер етеді?

  5. Созылмалы бронхит кезінде қабыну процесі қалай жүреді?

  6. Сырт қарағанда науқастан нені байқауға болады?

3-Тапсырма

Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыз
Ауру көбінесе ... жөтелден басталады. Жедел бронхит ауруы ... күнге, аптаға созылуы мүмкін. Созылмалы бронхит кезінде қабыну процесі өкпе ... тарайды. Ауру адам жөтел, қақырық, ... пайда болғанын айтады.
4-Тапсырма

Төменде бронхит ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың тиісті жауаптарын дайындаңыз. Дәрігердің сұрақтарын жаттап алыңыз




  1. – Қай жеріңіз ауырады?

  2. – Қашаннан бері ауырасыз?

  3. – Жөтел қашан басталды?

  4. – Қақырық тастайсыз ба?

  5. – Қызуыңыз көтерілді ме?

  6. – Көңіл-күйіңізде өзгерістер бар ма?

  7. – Қай жерде жұмыс істейсіз? (Көмір, цемент, шаң сияқты зиянды фактордың жұмыс орныңызға қатысы бар ма?)

  8. – Сізге суық тиген жоқ па?

  9. – Темекі тартасыз ба? Ішімдікке қалай қарайсыз?

  10. – Ентігесіз бе?

  11. – Рентгенге түстіңіз бе?

5-Тапсырма

Мәтін бойынша берілген төмендегі сөздердің антонимдерін табыңыз: құрғақ, көтерілу, терең, ауру адам, жиі, асқыну, басталу
Туберкулез
Туберкулез – жұқпалы ауру, бұл адам ағзасына «Кох таяқшасы» деп аталатын қоздырғыш микробактериясы енгенде пайда болады. Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырмайды, 5-10 пайызы ғана ауруы мүмкін. Көптеген адамдардың иммундық-қорғаныс жүйелері туберкулез ауруына қарсы тұра алады. Ал денесі шынықпаған, аурушаң, үнемі аш жүретін, дұрыс тамақтанбайтын адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады. Адамның ішіне енген туберкулез таяқшасы өкпені мекендейді. Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады: жөтел, салмақ жоғалту, кеуденің ауруы, тұрақты жоғары дене қызуы, түнгі терлеу, әлсіздік пайда болу, қан аралас қақырық түсуі мүмкін.

Егер науқас адам дер кезінде емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп кетуі, ал қалғандары өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін.

Туберкулез адам ағзасының кез келген мүшесін зақымдай алады. Бұның нәтижесінде өкпе, бронх, сүйек-буын, бүйрек және жыныс мүшелерінің туберкулезі пайда болады. Әр түрлі лимфа жолдарына, көз, ми қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Туберкулезге шалдыққан адам диагнозы анықталғаннан кейін тез арада емделуі керек. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеп жазуға болады.

Емдеудің ең негізгі түрі – емдік дәрілерді дұрыс пайдалану. Туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер бар, оны дәрігердің белгілеуімен дұрыс пайдаланса, аурудың толық жазылуына мүмкіндік бар.

1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


қоздырғыш – возбудитель

Кох таяқшасы – палочка Коха

мүгедек – инвалид

жыныс мүшелері – половые органы

салмақ жоғалту – потеря веса

дәрігердің белгілеуі – назначение врача

толық жазылу – полное выздоровление

тұрақты – постоянный; устойчивый

денесі шынықпаған – незакаленный

аурушаң – болезненный

аш – голодный

аралас – смешанный

терлеу – потеть

қарсы тұра алу – умение противостоять

жұқтыру – заражать; заразиться

мекендеу – жить; обитать

зиян келтіру – причинять вред

өліп кету – умереть

үнемі – постоянно

бірдей – одинаково

дер кезінде – своевременно

әр түрлі – разный


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Туберкулез қандай ауру?

  2. Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауыра ма?

  3. Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады?

  4. Туберкулездің белгілері қандай?

  5. Туберкулезді қалай емдеуге болады?

3-Тапсырма

Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғап, берілген сөйлемдерді жазып алыңыз

Инфекция жұқтырғандар... бәрі бірдей ауырмайды. Туберкулезбен ауырған адам... дене қызуы 37,4 – 37,6 градус... жоғары болады. Туберкулез... ашық формасымен ауыратындар өзгелер... өте қауіпті. Туберкулез... сақтану үшін оның алдын алу керек. Бұл туберкулез... қарсы егу болып табылады. Емдеу... ең негізгі түрі – емдік дәрілер... дұрыс пайдалану.


4-Тапсырма

Төменде туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз




  1. – Кеудем ауырады

  2. – Иә, жөтелемін

  3. – Қызуым 37 градустан түспейді

  4. – Иә, жүдедім. 5-6кг-дай салмақ жоғалттым

  5. – Түнде жөтелемін

  6. – Әлсіздік сезінемін. Тез шаршаймын

  7. – Иә, қақырық түседі

  8. – Жоқ, қан байқалмайды

5-Тапсырма

«Салмақ жоғалту» етістігін Жедел өткен шақта жіктеп, 5 сөйлем құрастырыңыз
Пневмония
Балалардың тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде – пневмония елеулі орын алады. Жас сәбилерде жиі кездеседі. Жедел пневмонияның өтуін үш кезеңге бөлуге болады: басталу, меңдеу және сауығу.

Басталу кезеңінде науқас тұмауратып, түшкіреді, мұрнымен тыныс алуы қиындайды, жөтеледі. Содан соң тыныс алу сипаты өзгеріп, ол жиілей түседі. Тәбеті төмендеп, мазасызданады, ұйқысы бұзылады. Тексерген кезде тынысы қатаң болып, құрғақ кейде ылғалды сырыл естіледі. Аурудың бұл кезеңі 2-3 күнге дейін созылады. Дер кезінде емдеген жағдайда қабыну процесін асқындырмауға болады.

Содан соң аурудың меңдеуі басталады. Дене қызуы көтеріліп, 38-39 градусқа дейін жетеді. Алқынуы өршіп, терісінің түсі қуқыл тартады. Кері дем алғанда, аздап сырыл байқалады. Бұл кезең 8-10 күнге созылады, дене қызуы біртіндеп төмендейді. Сауығу кезеңінде науқастың жағдайы жақсарып, ентігу, ауа жетіспеу белгісі жойылады. Өкпедегі өзгерістер баяу болады. Жедел пневмониямен ауырған науқастарды емдеудің тиімділігі диагнозды ерте анықтап, дер кезінде ауруханаға жатқызу.

Ауруды дер кезінде рентген арқылы анықтаудың маңызы бар. Аурудың қайталануы мүмкін болғандықтан емдеуді ертерек тоқтату қауіпті. Науқасты күту, тамақтандырумен қоса антибиотиктерді және сульфаниламиндік препараттарды пайдалану керек. Сондай-ақ физиотерапия, емдік гимнастика, массаж жасау пайдалы.


1-Тапсырма

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз


қырыл – хрип

алқыну, ентігу – одышка

сипат – характер (характер дыхания)

тиімділік – эффективность

кезең – период; стадия; время

ауа жетіспеу – нехватка воздуха

науқасты күту – уход за больным

тексерген кезде – во время осмотра

кері дем алғанда – при вдохе

қатаң – жестковатый

құрғақ – сухой

ылғалды – влажный

елеулі – заметный

қуқыл – бледноватый

меңдеу, өршу – прогрессировать; нарастать

қиындау - затрудняться

тұмаурату – грипповать

түшкіру – чихать

біртіңдеп – постепенно

қоса – наряду


2-Тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз




  1. Тыныс алу жүйесі ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру қалай аталады?

  2. Жедел пневмонияның өту кезеңін нешеге бөлуге болады?

  3. Басталу кезеңіндегі ауру белгісі қандай?

  4. Меңдеу кезеңіндегі ауру белгілері қандай?

  5. Сауығу кезеңіндегі науқас жағдайы қандай болады?

  6. Емдік шаралары қандай?

3-Тапсырма

Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жазыңыз
Пневмония кезінде баланың ... қиындайды. Науқастың ... көтеріледі. Баланың ұйқысы ... . Бұл ауруды дер кезінде емдемесе, .... . ... түсі қуқылданады. Емдеуді ... тоқтатқан қауіпті. Өкпедегі ... баяу болады. Дене қызуы ... төмендейді. Өкпесінде ылғалды ... пайда болады. Рентген арқылы ... маңызы бар
Керекті сөздер: сырыл, ерте, біртіндеп, өзгеріс, бұзылады, асқынып кетеді, дене қызуы, дем алуы, терісінің, диагноз қоюдың
4-Тапсырма

Мәтін бойынша дәрігердің атынан науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (аурудың аты-жөні, жасы, жынысы, ауырған уақыты, белгілері т.б.).


5-Тапсырма

Төмендегі мақалдардың мағынасын қалай түсінесіз?




  1. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ

  2. Жаны ашымастың қасында, басың ауырмасын

Күл
Күл – көбіне жас балаларда болатын жұқпалы ауру. Күз, қыс кезінде жиі кездеседі. Күлдің таяқша микробы болады. Ол енген жер тез қабынып, іседі, одан көрші ұлпаларға тарайды.

Күл сау адамға ауру адамнан жұғады. Микроб адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде түкірік, сілекей, қақырық арқылы ауаға тарап, немесе ауру адам пайдаланған түрлі заттар арқылы жұғады. Денеге түскен микроб көмейдің кілегей қабықшасын, жұтқыншақты, көмей бездерін, танауды жиі қабындырады. Ал кейде көзге, сәбилердің жыныс мүшесі мен кіндігіне жұғады. Микроб қабықша астындағы ұлпаларға жабысып тұрады, қабықшаны сыдырғанда ұлпа қызарып, қанайды. Сөйтіп ағзаға енген микроб токсині бұлшық етті, жүйке жүйесін, бүйректі және бауырды зақымдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет