Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Дүние жүзілік саясат және халықаралық қатынастар



бет4/4
Дата08.07.2016
өлшемі390.5 Kb.
#184490
1   2   3   4

9.Дүние жүзілік саясат және халықаралық қатынастар

Адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртсек жеке-жеке мемлекет болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынастарда болған. Ертеректегі қатынастардың көбі бір-бірін қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен, ол саясатпен реттеліп отырылған. Ол кездерде тікелей күш қолдану соғыс жиірек болған. 1600-1699 жылдар арасында, яғни бір ғасыр ішінде соғыстан 3,5миллион адам өлген болса, 1700-1800 жылдар аралығында 5,3 миллион, 1801-1913 жылдарда 5,6 миллион адам осындай қақтығыстардан шейіт болған. Ал 1-ші дүниежүзілік соғыста (1914-1918 жылдары) 10 миллион, 2-ші жүниежүзілік соғыста (1939-1945 жылдары) соңғы деректер бойынша 60 миллион адам құрбан болған. Ол соғыстардың жалпы саны 15 мыңнан асады. Тек қана 1907-1914 жылдар аралығында ғана империалистік мемлекеттердің тарапынан 36 рет соғыс оты тұтанса, 1917-1939 жылдарда оның саны 70-ке жетті. Ал 1946-1985 жылдары әлемде 300-ге жуық әр көлемдегі соғыстар болған екен.

Бірде-бір мемлекет әлемдік қауымдастықтың мүдделерін есепке алмай, бір жақты іс-әрекет қабылдауға ерікті емес. Сондықтан, бейбітшілік прогресс жолымен алға жылжуы үшін халықаралық қатынас шеңберінде ол барлық елдер мен халықтардың мүдделерінің балансысына жетуге ынталы.

Халықаралық қатынас теориясында «Сыртқы саясат» терминімен қатар «Халықаралық саясат» және «халықаралық қатынас» ұғымдары да қолданылады. Бұл ұғымдар бүгін халықаралық жүйе жабық емес, ашық жүйе екендігімен түсіндіріледі. Оның субъектілері мемлекет қана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, ұлтаралық монополиялар, ұлттық құрылымдар, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар, кейбір жеке адамдар болып табылады. Саясаттану зерттейтін ішкі саясат, мемлекеттердің халықаралық істердегі жалпы бағытымен айқындалады. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүруі принципін жүзеге асыруда, қарым-қатынастың неше түрлі құралы, тәсілдері қолданылып іске асырылып реттеліп отырылады. Олай реттеу тәртібі табиғи және сыртқы ортадағы қаракеттерде, яғни мемлекеттің халықаралық қызметіне әр ел өзінің мүддесін саясат арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ, экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа да қатынастар мемлекет талабына орай жүргізіледі. Халықаралық саясаттың негізіне тек мемлекетаралық қарым-қатынас қана емес, әлемдік аренадағы халықтық мүдде үшін қызмет істейтін топтардың жұмыстары да жатады. Мысалы, Европа Қауымдастығына қатысқан 12 ел бүгін де біртұтас интеграциялық мемлекеттердің кешені ретінде көрінуде. Европалық қауісіздік проблемелары жөніндегі тығыз ынтымақатастық Европаның сыртқы саясат саласында бірегей дамуына жәрдемдеседі. Олар әскери саяси және экономикалық қауіпсіздік астарында өз көзқарастарын келістіріп отырады. Ол қарым-қатынас Европадағы дағдарыс жағдайларында белсенді тұрақтандырғыш рөл атқаруға талпынады. Адам құқықтарымен, халықаралық құқық нормаларын сақтау жолында күреседі. Бүгінгі Европалық Қауымдастықтың өмір сүруі басқа елдердің саясатына да ықпалын тигізуде.

Қазіргі дүние барған сайын серпінді және қайшылықты, сан алуан және сонымен бірге тұтас, өзара байланысты бола өмір сүруде. Дүниежүзілік істердегі жетістіктер, қиындықтар және проблемалар адамзат өркениетінің тұтастығын және қайшылықтарға толы екендігін айғақтайды. КСРО мен шығыс Европа елдеріндегі социализмнің казармалық үлгісі және үкімет пен басқарудың әміршілдік-бюрократтық жүйесінің жойылуына байланысты бұрыңғы қырғи-қабақ қатынастар жарасы жазылды. Қазіргі индустриялық жағынан дамыған елдер ақпарат пен байланыстың дамыған жүйесі бар, болашақ технодрондық қоғамның негізін қалауда. Серпін алып дамыған елдер мемлекет аралық қоғамдастыққа (Европалық қоғамдастыққа және т.б.) бірігу үстінде. Адамзат ақиқатында өз дамуының жаңа күрделі кезеңіне яғни, ядролық және космос техникасымен, биотехнологиямен, биоинженериямен, ақпаратпен және компьютерлендірілген әлеммен істес болуға тура келіп отыр. Мұның ішінде аймақтақ дау-жанжалдарда ерекше қауіп төндіріп отырған нәрсе ол ядролық қарулар. Әлемдегі оның зарядтарының саны 50 мың бөлшекті кұрайды.

Халықаралық қатынастар – бұл саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жиынтығымен әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынас. Ондай субъектілерге халық, мемлекет, қоғамдық күштер, қозғалыстар мен әр түрлі ұйымдар жатады. өзінің дамуында халықаралық қатынастар ұзақ тарихи жол кешкен. Бүгін таңда әлемдік саясаттың алдында шешуі адамзат баласы үшін ауадай қажет ғаламдық мәселелер тұр. Қазіргі ғаламдық проблемалардың мәнін және шиеленісу себептерін, оларды шешу жолдарын терең танып-білу, қазіргі заманның көкейкесті проблемасы болып табылады. Соғыс және бейбітшілік проблемасы адамзат алдында тұрған ең өткір мәселе болып отыр.

Сыртқы саяси стратегия бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара ықпал ету,прогресс және адамгершілік идеяларына, халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Халықаралық тұрақтылық мынадай жәйттерге негізделуі тиіс:

- ядролық соғысты болдырмау; жаппай қарулануды тоқтату, қарусыздандыру; мемлекетаралық, аймақтық және ұлтаралық қарулы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу; күш қолданып, қоқан-лоқы көрсетуді, әскери текетірестікті болдырмау; халықтардың өзара қатынастарындағы сенімділігі негізінде зорлықсыз саясат жүргізу;

- барлық тараптардың мүдделері балансы негізінде жанжалдарды және халықаралық тұрақсыздықты болдырмау үшін, қауіпсіздіктің ғаламдық және аймақтық құрылымдарын жасау;

- мемлекеттер арасындағы қатынастарда әлеуметтік-саяси таңдаудың еркіндігін, егемендік пен тәуелсіздікті әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастық пен әріптестікті дамытуға кепілдік беретін белсенді праволық негіз жасау;

- табиғи ортада экологиялық апатты болдырмау жөніндегі бірлескен белсенді іс-қимылдарға бару;

- әлемнің әртүрлі бөліктеріндегі етек алған ашаршылықты, кедейлікті, жаппай індеттерді, ауыр науқастарды, нашарқорлықты, халықаралық терроризмді, экономикалық дағдарысты бірігіп жеңу;

- дүниежүзілік шаруашылық байланыстарды интенсивті түрде кеңейту, ғылыми-техникалық және экономикалық айырбастар үшін тосқауылдарды жою;

- адамзаттың болашағы үшін тарихи жауапкершілік тұрғысынан қимыл жасайтын аймақтақ және ғаламдық көлемдегі барлық халықаралық ұйымдармен өзара ынтымақтастықта болу.



Мемлекеттердің халықаралық аренада басқа да субъектілерімен қатынасын реттеуді сыртқы саясат дейміз. Ол субъектілерге мемлекеттер, шетелдік партиялар мен қоғамдық ұйымдар, дүние жүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдар жатады. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалына сүйенеді. Ал соңғылары ғылыми-техникалық және мәдени жағдайлар мемлекеттің сыртқы саясатындағы мүмкіншіліктерін айқындайды. Мемлекеттің сыртқы саясатының өзегі – ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде саласына дәстүрлі мына мәселелер жатады: ерікті және тәуелсіз ұлттық мемлекеттің болуы; сырттан төнген қауіптен қорғану; ұлттың хал-жағдайының жоғары болуы, халықаралық аренада мемлекеттің саяси және экономикалық бағытын қорғау, әлемдік саясатта оның ықпалының кеңеюін сақтау. Ұлттық мүде, елдің сыртқы саясатының бығытынан, басқа мемлекеттер мен жасалатын қатынастардағы нақты мәселелер төңірегіндегі табысқа жету жолдарының мүмкіншіліктері, үкіметтің саясатынан айқындалады.

Сыртқы саясат бағыты әртүрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ұзақ мерзімді процесстер елдің стратегиялық жағдайына байланысты ең алдымен ол географиялық факторға тікелей қатысты. Бұл туралы Наполеон «кез-келген мемлекет саясатын өз географиялық жағдайына сай жүргізеді»- дейді. Мемлекеттің геосаясатын анықтайтын факторлардың ішінде ең бастылары мыналар: теңізге шығу мүмкіндігі, өзендердің болуы және болмауы, елдің теңіз жағалауына, не аралға орналасуы, табиғи кедергілердің болу болмауы, елдің территориясының көлемі, демографиялық жағдайы. Сонымен бірге ол мемлекеттің ауа-райы, климаты, жерінің құнарлылығы, ондағы қазба байлықтар, күн сәулесінің түсуі, еңбек күшінің өсу мөлшері, мәдени өмірдің дамуы, әлеуметтік ұйымдардың түрлері және саяси құрылыстың ерекшеліктері.

Мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыруда идеология маңызды рөл атқарады. Сыртқы саясат адамзат өмірінің басқа салалары секілді қоғамның ішіндегі қалыптасқан саяси ахуалды, адамдардың өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік дамудың заңдылықтарының негізінде жасалып, соны айқындайды. Міне осы себепті сыртқы саясатты, ішкі саясаттан бөліп қарауға болмайды. Ол көбінесе мемлекеттің ішкі ресурстарына сүйенеді. Сонымен қатар өзіне тән бірнеше ерекшеліктері де болады. Сыртқы саясатта, мүдделері келісе бермейтін әр түрлі мемлекеттер өмір сүреді. Бүгінде әлемде 200-ден астам мемлекеттер бар. Мұндай әркелкілік сыртқы саясатта, субъектілер қолданып жүрген халықаралық құқық негізіне сай мәмілеге келу қажеттілігін тудырады. Ал сыртқы саясатты іс жүзіне асырудың формасы басқа елдермен мемлекеттік дәрежеде арнайы жүргізілетін қарым-қатынас құралы дипломатия болып табылады. Мемлекетаралық саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі формасы дипломатиялық қатынастар орнату (оны үзу, соғыс ашу және т.б.) болып табылады. Сондай-ақ, сыртқы саясаттағы мақсаттар арнайы дәрежеде болатын сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, қаржы-несие және мәдени байланыстар арқылы да жүргізіледі. Қазірде мемлекеттік құрылымдарда сыртқы саясатты іс-жүзіне асырып, оған бақылау жасап отыратын арнаулы органдар бар. Олар сыртқы істер министрлігі, парламент комитеттері, елшіліктер мен өкілдіктер, шет елдердегі ғылыми және мәдени орталықтар.

Қазақстан өзінің географиялық жағдайын ескере отырып, халықаралық аренада көпвекторлық, яғни көп қырлы бағдар ұстануда. Оның мәнісі-таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайту болып табылады. Бұл бағытта стратегиялық міндет-еліміздің тәуелсіздігі, оның аумақтық тұтастығы мен шекарасының бұзылмайтындығы.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының өзінің дербес сыртқы саясатын қалыптастыру үрдісі, баяу болса да, жүріп жатыр. Оның өзі Қазақстанның демократиясының, жалпыазаматтық құндылықтар мен азаматтық қоғам пайдасына принципті таңдау жасағанының көрінісі. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігінің, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету тиімді де серпінді экономиканы, тұрақты демократиялық институттарды құру, ешқандай ерекшеліксіз барлық қазақстандықтардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау оның негізі етіліп алынады. Еліміз шалғайдағы шекараларында бейбітшілік қалқанын қалыптастырып, сөйтіп өзінше бір «қауіпсіздіктің кемер белбеуін» тағынды. Бүгінде Қазақстанның дипломатиясы мен сыртқы саясаты оның егемендігі мен территориялық тұтастығын ойдағыдай біріктіре алды, сол арқылы әлемдік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға жол ашты. Бұл қадамның жас Қазақстан үшін маңызы зор еді, өйткені Қазақстанға ежелден екі алып ел – Ресей мен Қытай мемлекеттерімен мәңгі көршілік жағдайда өмір сүру тағдырына жазылған еді. Сыртқы саясатта бірде бұлай, бірде олай ауытқып тұрған елдердің қас-қабағына қарап, олармен қарым-қатынасты өзінің ұлттық мүддесіне сай жүргізу оңай соқпай отыр. Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғау оның геосаясатымен тікелей байланысты. Бұл орайда Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен өзара тату, достық жағдайында өмір сүруі қажеттілікке айналып отыр. Бұл бағытта бірнеше келісім-шарттар жасалды. Соның бірі 1997 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері арасындағы шекарадағы әскер санын қысқарту жөніндегі өзара келісім-шартының жасалуы. Ал бүгінде Қазақстанға тез арада халықаралық рынокқа шығу ниеті, мемлекеттің бүгінгі геосаясатының басты бағыты болып отыр. Ол үшін Қазақстанға Иран арқылы Парсы шығанағына, Түркияға одан Жерорта теңізіне шығу көзделуде. Қазақстан әлемдегі елдер қатарына тәуелсіз егемен ел ретінде қосылды. Енді сол әлемдік деңгей, дүниежүзілік талап тұрғысынан қарағанда біздің елдің де алатын, лайықты орны бар.

Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау үшін еліміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды. Ең бастысы – Қазақстанның Европа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер Ресей, Қытай, және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.

Қазақстан Республикасы мен Ресеймен (6457 шақырым), Қытай Республикасымен (1460 шақырым), Өзбекстанмен(2300 шақырым), Қырғызстанмен (980 шақырым), Түркменстанмен (380 шақырым) шекаралас жатқан мемлекет.

Қазіргі жер бетіндегі 170-тен астам тәуелсіз мемлекеттердің ішінде Қазақстан өзінің жер көлемі жағынан 9-орын, халқының саны жөнінен 51-орын алады. Қазақстан өзінің қазба байлықтарының қоры жағынан әлемдік деңгеймен өлшегенде де алдыңғы қатарда екен. Дүние жүзінде мұнай қоры жағынан 12-орын, көмір қорынан 9-орын, темір рудасы жөнінен 8-орын, қорғасын мен молибденне 4-орын, марганецтен 3-орын, вольфрамнан 1-орын алады екен.

Қорыта айтқанда халықаралық қатынастағы Қазақстанның қазіргі кездегі алып отырған орны мен рөлін дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер мойындап, күрделі саяси мәселелерді шешуде еліміздің қатысуын қажет етуде.

Тесттер
1.Саясаттану ғылымының зерттейтіні:

А)қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі

B)адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы

C) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы

D)адамзат қоғамының саяси саласының жалпы заңдылықтары мен ұйымдасу принциптері және қызмет етуі

E)қоғамдық өмірдегі адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеу


2.Саясаттану ғылымының объектісі – бұл:

А)қоғамның саяси жүйесі мен өмірі

B)қоғамның экономикалық саласы

C)саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары

D)мемлекет және саяси партиялар

E)сезім арқылы берілген объективтік шындық.

.

3.Саясаттану пәні – бұл:



А) саясат, қоғамдық өмірдің саяси саласы

B) қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық саласы

C) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы

D) саяси партиялар, ұйымдар мен қозғалыстар

E) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық.
4.Саясатты тұтастай, оның табиғатын, адам үшін маңыздылығын, тұлға, қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы өзара қатынасты зерттейтін және саяси құрылыстың үлгісі мен нормативтік ұстанымын, сонымен бірге саясатты бағалаудың жалпы өлшемдерін жетілдіретін білімнің саласы:

А)саяси тарих

B) саяси философия

C) саяси география

D) саяси антропология

E) саяси психология


5.Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым:

А)саяси семиотика

B) саяси әлеуметтану

C) биосаясат

D) саяси этика

E) саяси психология


6.Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы:

А)Платон


B) Аристотель

C) Шан Ян

D) Ццерон

E) Вольтер


7.Шығыстың ойшылы, «Мейірімді қала туралы трактат» атты еңбектің авторы:

А) Ибн- Рушда

B) Навои

C) Низами

D) әл- Фараби

E) Конфуций


8.Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі:

А) аристократия

B) тирания

C) олигархия

D) полития

E) демократия


9.Діни және ақсүйектер сферасын бөлуге келетін «Екі патшалық» туралы ілімді қалыптастырған орта ғасырдағы саяси ойшыл кім:

А)Томас Мюнцер

B) Мартин Лютер

C) Ян Гус

D) Жан Кальвин

E) Фома Аквинский


10.Орта ғасырдағы ойшылдардың қайсысы Батыс елдерінің басым көпшілігінде қоғамдық- саяси өмірдің ерекшк сипаты болып табылатын протестанттық этиканы даралықпен (индивидуалдықпен) үйлестірудің негізін қалаған:

А) Жан Кельвин

B) Гуго Гроций

C) Иеремия Бентам

D) Аврелий Августин

E) Фома Аквинский


11.Саясаттың алғашқы негіздерін ашуға бағдарланған анықтама:

А) консервативтік

B) субстанциялық

C) онтологиялық

D) телеологиялық

E) теологиялық


12.Барлық қоғам үшін міндетті шешімді дайындау, қабылдау және нақты іске асыру процесі ретінде сипатталатын саясаттың анықтамасы:

А) әрекеттілік

B) радикалдық

C) жүйелік

D) әлеуметтанымдық

E) либералдық


13.Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс- әрекет ретінде қарастыратын түсінік:

А)телеологиялық

B) құрылымдық

C) жүйелік

D) коммуникативтік (қатынастық)

E) позитивтік


14.Өзара байланысқан және өзара себепші болған элементтер қатарынан тұратын, оны бүтіндей қабылдауға бағытталған саясаттың түсіндірілуі (интерпретациясы):

А)эмпирикалық

B)диалектикалық

C)жүйелік

D)болымсыздық

E)институционалдық

15.Әлемдік саяси ғылымда қоғамның саяси ұйымын, мемлекетті белгілегенде осы сөздің кең мағынасында белгілі бір термин қолданылады. Соны атаңыз:

А)politi (полити немесе полития)

B)policy(полиси)

C)politics (политике)

D)полюрализм (көппікірлік)

E)популизм


16.Саяси билік түсінігін барлық әлеуметтік құрылымға қолданатын билікті түсіндіру тәсілі:

A)әлеуметтанымдық

B)эволюционистік

C)қолданбалы

D)антропологиялық

E)мәдениеттанымдық


17.Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зерттейтін тәсіл:

A)психологиялық

B)субъективтік

C)позитивистік

D)интеракциондық

E)биологиялық


18.Бір топтың екінші топқа саяси ықпал етуі ретіндегі «билік» ұғымының түсінік- амалы:

A)объективтік

B)эмпирикалық

C)әлеуметтанымдық

D)онтологиялық

E)психологиялық


19.Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

A)телеологиялық

B)инструменталистік

C)құрылымдық

D)функционалдық

E)жүйелік


20.Белгілі бір тәсілдерді, соның ішінде өктемдікті пайдаланудың мүмкіндігі ретіндегі «билік» ұғымының анықтамасы:

A)инстументалистік

B)технологиялық

C)талдамалық (аналитикалық)

D)теологиялық

E)болымсыздық


21.Қоғамда әлеуметтік теңсіздікті, оның жікке бөлінуін сипаттайтын түсінік:

A)әлеуметтік стратификация

B)әлеуметтік құрылым

C)әлеуметтік-таптық құрылым

D)әлеуметтік жүйе

E)қоғамдық жүйе


22.«Әлеуметтік стратификация» ұғымының «саяси стратификация» түсінігінен ерекшелігін анықтайтын не?

A)биліктің әр түрлі көлемі

B)жұмыстың мәртебесі (престиж)

C)меншік


D)білім

E)бос уақыттың көлемі


23.В. Парето стратификация негізіне қандай өлшемдерді жатқызған?

A)біркелкі емес биологиялықты

B)отбасын

C)кіріс деңгейін

D)меншікті

E)жұмыстың мәртебюесін (престиж)


24.Т.Моска және В. Парето стратификацияны қалай қарастырған?

A)психологиялық сәйкестік және сәйкессіздік

B)әлеуметтік теңсіздік

C)азаматтардың өзін-өзі ұқсастыруын анықтауы (самоидентификация)

D)әлеуметтік бағыт-бағдар

E)саяси теңсіздік


25.Стратификациялық градацияны үш фактор – байлық, абырой, билік бойынша анықтауды ұсынған кім?

A)Ф. Хайек

B)Р. Даль

C)М. Вебер

D)П. Сорокин

E)Р. Дарендорф


26.Бір аймақта тұратын, мәдениет, тілі, сана-сезімі, психологиялық құрылымы ортақ, экономикалық қауымдасуымен және мемлекеттің ортақтығымен сипатталатын, даму үрдісінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы:

A)ұлт


B)ұлыс

C)ұлты


D)діни қауымдастық

E)географиялық қауымдастық


27.Аймақтың, тілдің, мәдениеттің, шаруашылық өмір мен тұрмыстың бірлігінде тайпалық қатынастардың ыдырау нәтижесінде қалыптасқан адамдардың қауымдастығы:

A)демос


B)ұлыс

C)этнографиялық топ

D)этносаяси қауымдастық

E)этникалық топ


28.Ұлттық қатынастарды, оның қалыпты жағдайы мен сипатын анықтаудың негізінде не жатыр:

A)ұлттық саясат

B)ұлттық сана

C)ұлттық мәселе

D)ұлттық қауіпсіздік

E)ұлттық мүдделер


29.Ұлттық ерекшелік пен ұлттық артықшылықты насихаттаудан тұратын идеология мен саясат:

A)космополитизм

B)этатизм

C)трайбализм

D)ұлтшылдық

E)еуропоцентризм


30.Белгілі бір жапылық үлгі ретінде жеке этникалық топтың әдет-ғұрыптары мен құндылықтары негізінде өмірдегі құбылыстарды қабылдауға және бағалауға бағытталған этникалық өзіндік сана-сезімнің қасиеті:

A)этноцизм

B)этноцентризм

C)этникалық ұлтшылдық

D)шовинизм

E)этногенез


31.«Қоғамның саяси жүйесі» ұғымына үйлес ежелгі гректің сөзі:

A)полис


B)автаркия

C)полития

D)демократия

E)монархия


32.Саяси жүйе орындайтын саси әлеуметтендіру қызметінің мәні:

A)қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту

B)саяси шешімдерді шығаратындарға талаптар қою

C)талаптар мен шағымдарды жинақтап қорыту, оларға саяси платформа, мәлімдеме, бағдарлама түрін беру

D)қоғам дамуының жолын, мақсатын, міндетін анықтау

E)қоғамдағы адамдардың және топтардың іс-әрекеті туралы ережелер мен заңдарды өңдеу


33.Саяси жүйе атқаратын мүдделер артикуляциясы қызметінің мәні:

A)саяси жүйенің әр түрлі бөлшектерінің өзара әрекеті

B)саяси шешім шығаратындарға талаптар қою

C)қоғамджағы адамдардың және топтардың іс-әрекеті туралы ережелер мен заңдарды өңдеу

D)ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

E)рухани және материалдық құндылықөтарды бөлу


34.Саяси жүйе атқаратын саяси коммуникация қызметінің мәні?

A)саяси жүйенің әр түрлі бөлшектерінің өзара әрекеттері

B)жанжалдарды реттеу, жаза қолдану

C)қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту

D)заңдар мен ережелердің орындалуын бақылау

E)адамдардың және топтардың қоғамдағы іс-әрекетін реттейтін ережелер мен заңдарды өңдеу


35.Саяси жүйенің институционалдық жүйешесі:

A)мемлекет, саяси партияллар, қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар, БАҚ, діни ұйымдар

B)саяси өмірді реттейтін құқықтық және моральдық ережелер, саяси дәстүрлер

C)саяси қызметтің бағыттары мен түрлері, билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері

D)қоғамның саяси өміріне қатысушылардың саяси идеялары, көзқарастары, түсінігі, сезімдері

E)өзара әрекеттің түрлері мен қарым-қатынастарының жиынтығы


36.Саяси жүйенің коммуникативтік жүйешесі (подсистема):

A)саяси өмірді реттеуші құқықтық және моральдық нормалар, саяси дәстүрлер

B)мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар

C)саяси жүйе аясында және одан тыс болатын өзара әрекеттің барлық түрлері

D)қоғамның саяси өміріне қатысушылардың саяси идеялары, көзқарастары, түсініктері, сезімдері

E)өзара әрекеттің түрлері мен қарым-қатынастарының жиынтығы


37.Аристотель бойынша көпшілік билейтін идеалды мемлекеттің түрі:

A)автократия

B)технократия

C)маникратия

D)полития

E)ноократия


38.Мемлекеттің құдайдың қалауымен құрылғанын түсіндіретін тұжырымдама:

A)теократиялық

B)келісім-шарттық

C)психологиялық

D)әлеуметтік-экономикалық

E)патриархалдық


39.Мемлекеттің шығуын басқарушы мен азаматтардың арасындағы келісімнен деп түсіндіретін тұжырымдама:

A)органикалық

B)күштеу теориясы

C)келісім-шарттық

D)теократиялық

E)патриархалдық


40.Мемлекеттің пайда болуын адам даналығы тудыратындығы идеясымен түсіндіретін тұжырымдама:

A)психологиялық

B) антропологиялық

C)патриархалдық

D)әлеуметтік-экономикалы

E)келісім-шарттық


41.Жаңа заманның қай ойшылы қоғам мемлекеттен бұрын болған, ол «табиғатында» бар деген пікір айтты?

A)Ж. Ж. Руссо

B)О. Конт

C)Т. Гоббс

D)И. Бентам

E)Д. Локк


42.Саяси режимдер дегеніміз:

A)мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі бар тұлғалар немесе органдар жиынтығы

B)соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру

C)белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы

D)нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология

E)саяси жүйедегі негізді өзгерістің өктемдік тәсілі


43.Тоталитаризм дегеніміз:

A)билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс

B)билік бұқаралық аппарат құралдарының жаппай әсеріне негізделген мемлекеттік құрылыс

C)белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс

D)қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым

E)билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс


44.Саяси партия тарихын үш кезеңге (аристократиялық топтар, саяси клуб, бұқаралық партия) бөлген ғалым кім?

A)Э. Бернштейн

B)Р. Арон

C)А. Бентли

D)Г. Вебер

E)Р. Даль


45.Орталықтың – саяси басшылық – бұқара халықпен байланысын қамтамасыз ететін партияның бастапқы ұйымдық ұясы – «Кокус» ұғымын ұсынған орыс ғалымы:

A)М. Ковалевский

B)Н. Бердяев

C)М. Острогорский

D)С. Франк

E)П. Струве



Жауап эталондары

1 – D

2 - А

3 - С

4 - В

5 - В

6 - А

7 - D

8 - D

9 - В

10 -А

11 - В

12 - А

13 - А

14 - Е

15 - А

16 - D

17. А

18 - С

19 - С

20 - А

21 - А

22 - А

23 - А

24 - Е

25 - С

26 - А

27 - В

28 - С

29 - D

30 - В

31 - С

32 - А

33 - В

34 - А

35 - А

36 - С

37 - D

38 - А

39 - С

40 - А

41 - Е

42 - С

43 - D

44 - D

45 - С


Мазмұны




Қысқартулар тізімі

3




Кіріспе

4

1

Саясаттану ғылым ретінде

6

2.

Қазақстан саяси ойларының тарихы

10

3.

Билік саяси феномен ретінде

13

4.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

20

5.

Қоғамның саяси жүйесі

28

6.

Мемлекет және азаматтық қоғам.

33

7.

Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

38

8.

Саяси режимдер

45

9.

Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

54




Тесттер

Қолданылған әдебиеттер



62

77



Қолданылған әдебиеттер

  1. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А.. Тесты по политологии: вопросы и ответы: Уч. Пособие, - Алматы: Ғылым, 2005

  2. Аль-Фараби. Избранные произведения. - Алматы, Ғылым 1994.

  3. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. - М., 1994.

  4. Аристотель. Политика // Соч. в 4-х т., - М, Мысль 1983.

  5. Байтұрсынов А.Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы:Алаш. 2003.

  6. Балгимбаев А.С. Саясаттану. Политология. - Алматы., 2004.

  7. Бөкейхан Ә. Таңдамалы.-А: Қазақ энциклопедиясы, 1995.

  8. Всеобщая декларация прав человека. - Алматы, 1998.

  9. Гаджиев К.С. Введение в политическую науку. - М., Гардарика 1997.

  10. Гитенис Н.В., Журавлёва Л.Н. «Подготовка учебно- методических пособий к утверждению и изданию» методические рекомендации. -Караганда.- 2007.

  11. Гоббс Т. Сочинения. - М.,1998. т.1,2

  12. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат/ ауд. М.Ө. Иманбаев. Алматы; Раритет. 2004.

  13. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы:Мектеп. 2003.

  14. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқу құралы. – Алматы, 2007.

  15. Жамбылов Д.Ә.Тәуелсіздік және саяси сана.–Алматы:Жеті жарғы 1999.

  16. Кант И. К вечному миру. Соч. в 6-ти томах. - М.,1996.

  17. Констан Б. О свободе у древних в ее сравнении со свободой у современных людей // Полис, 1993.-№ 2.

  18. ҚР Конституциясы, - Алматы, 2004.

  19. ҚР Конституциялық заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңы». - Астана, 2004.

  20. Локк Д. Сочинения. - М.,1991.

  21. Макиавелли Н. Государь. - М., 1990.

  22. Монтескье Ш. О духе законов // Избр. произв. - М.,1995.

  23. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Алматы: “Елорда”, 2001.

ҚММА-баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40

Көлемі 4.8 есепті-баспа табағы



100 дана






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет