Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы р. К. Бегимбетова экономикалық теория негіздері


Кесте 3 Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері



бет3/4
Дата12.07.2016
өлшемі352 Kb.
#192967
1   2   3   4
Кесте 3
Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері




Негізгі белгілері
ТИПТЕР

Мемлекеттік -жоспарлары
НАРЫҚТЫҚ

XVII – XIX ғғ.

Қазіргі XX – шы ғасыр

Әкімшілдік - әміршілдік

Еркін бәсекелес

тік

Аралас бағыттал

ған

Әлеуметтік аралас

Өндірісті қоғамдастыру

дың көлемі



Қоғам (мемлекет)

шеңберінде



Кәсіпорын шеңберінде

Шаруашы-

лықты бөлшектеп мемлекет-

тендіру


Шаруашылық-

ты бөлшектеп мемлекеттенді-

ру


Меншік түрінің басымдырақ болуы

Мемлекеттік

Жеке

Жеке ұжымдық мемлекет- тікпен

Жеке ұжымдық мемлекеттікпен

Экономиканы реттеу

Мемлекеттік

Нарықтық өзін-өзі реттеушілік

Нарықтық және мемлекет-

тік


Нарықтық және мемлекеттік

Әлеуметтік

Тұрақты

Өндірістің әрбір 8 – 10 жыл сайын болатын экономика лық дағда- рыстары

Экономикаға мемлекеттің араласуы. Экономикалық дағдарыстарды ескерту мен бәсеңдету бойынша антициклдық шаралар

Әлеуметтік кепілдіктер

Күшті мемле-кеттік - әлеу- меттік қорғау, мүлік тепе-теңсіздігін

жою


Азаматтар -дың әлеу- меттік қорғалмауы

Жеке және мемлекеттік- әлеуметтік сақтандыру қорларының құрылуы

Күшті әлеуметтік қорғау, мүлік тепе –теңсіздігін азайту

Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық (кесте 3).

Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

Әкімшілік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік - әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеуімен алмастырылады». Әкімшілік - әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезеңдерде Англия мен АҚШ – да дәл солай жүзеге асты. Әміршілдік - әкімшілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады: біріншіден; барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат – жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды. Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғарғы жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі боямалы ақпараттан құралады. Сондықтан орталық ұйымдар экономикадағы тұтынушылардың қажеттілігі туралы толық ақпарат алмайды. Осының барлығы әкімшілік - әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылыққа алып келеді.



Еркін бәсекелестік нарықтық экономикалық ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдасы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін ғана көздейді». Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін нарықтық экономиканың негізін қалаушы Адам Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру, экономикалық дағдарыстың үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 – 10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарықта өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика құлдырайды. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту барысындағы ерекшеліктері көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі. Олар: ұлттык, әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құрылымдық, табиғи-шикізаттық, табиғи - климаттық және географиялық сипатта болып келеді.

  1. Өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан нарықтық экономикаға өту шеңберінде егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.

  2. Экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ак коғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің халыкаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ көзді жұмып койып, ұлттық құндылық пен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірибесін көшіре салу, экономиканы реформалауға толық мүмкіндік жасамайды. Сондыктан, әлемдік өркениеттіліктің біздің ұлттық құндылығымызбен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.

  3. Қазақстанның территориялық - географиялык жағдайы- өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.

  4. Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде. Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрынғы жалпы одактық халық шаруашылығы кешенінің экономикалык байланыстарының үзілуімен түсіндіріледі. Жалпы еліміздің ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы салалары көптеген өзгерістерге ұшырады.

  5. Өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялык, химиялық және химия-мұнай кәсіпорыңдарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар - совхоздар көп болды. Республикада олар - 2059-ға жетіп, барлык ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75% құрады. Қазақстан совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың әркайсысында орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі кара мал басы болды. Осындай ерекшеліктер сол кездегі жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады. Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) ғана аяқтала бастады. Сондай-ак жекешелендіру мен өндірісті көтеру, ауыл шаруашылығында шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.

Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы таңдап алған бағыт-аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру - Республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді. Қазақстан әрі қарай реформаны жүргізгенде баска елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарыктық экономиканың өзіне тән ұлттық моделін кұрады.

Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика ретінде болады. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді. Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) және «жана индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор- экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж. Гэлбрейд «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықтық және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан. Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарыққа салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп жазған болатын Пол Самульсон.

Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы герман экономисы, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891 – 1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны: «... адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу». Аралас әлеуметтік бағытталған экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4 % мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады. Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі».

Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра - өзара іс - әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? XIX ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтың экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті, бұл еркін бәсеке дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, XX ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі өсе бастады.

Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы өзгерді: жеке меншік 30 – 35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік 50% , жеке мемлекеттік меншік 15–20 % құрайды. Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады. Теория мен тәжірибе көрсеткендей нарықтық экономикаға көшудің мүмкін болатын үш варианты бар: жедел («шоктық»), элементтілік, екі секторлық.

Нарыққа енудің бірінші үлгісі тартымды көрінгенімен, Польша Ресей, Венгрия мен Қазақстандағы тәжірибе оның оңай еместігін байқатты. Тіпті жақсы жағдай қалыптасқанның өзінде (мысалы, Польшада) бұл процесс жылдарға созылды. Элементтілі үлгіде нарықтық қалыптасу жайлап, қалыпты (біркелкі) жағдайда жүзеге асады Екі секторлық үлгіде нарықтық сектордың қалыптасуы жоспарлы дамуды сақтай отырып жайлап жүргізілді. Белгілі уақыт ағымында экономикада «нарықты» және «жоспарлы» секторлар өмір сүреді. Экономиканың жалпы екі секторлық идеясын венгр экономисі Янош Корнаи «Экономикалық реформа туралы» (1989ж.) кітабында ұсынған. Экономиканы реформалаудың екі секторлық моделін Қытай бірнеше дәуірге бөліп қолдануда.


  1. 1978-1984 жылдары (кәсіпорын экномикалық қызметті жаңартудың көптеген эксперименттерінің басталуы);

  2. 1985-1987 жылдар (қала мен ауылдағы жан-жақты реформалар);

  3. 1988 жылдан бастап барлық өмір аясындағы экономикалық реформаның тереңдеуі мен ұлғаюы.

Экономикалық реформаның нәтижесінде ҚХР - да жоспары мен рыноктың өзара іс-әрекетін экономикада жаңаша қолдану жайлы көзқарас қалыптасты. Нұсқаулы жоспарды негізге алып атқарғандағы өндірілген жалпы өнім үлесі қысқарып 16,2% құраған, ұсынылған (бағытталған) жоспарды негізге ала отырып, өндірілген өнім көлемі 42,8 % қысқарған , ал нарықтың реттеу кезіндегі өндірістің үлесі 40 % көтерілген.

Нарыққа өтудің соңғы екі варианты Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламасында қаралып баяндалған. Бағдарламада тез, әрі бір мезгілде барлық саланың нарыққа өту («шоқтық теория») тәсілі құпталмай, қажетті салдар туған кезде байыппен өту курсы мақұлдаған. Кәсіпорын мен салдардың шаруашылық қызметінде мемлекет тікелей реттеу элементін реформаларды сақтай отырып, басқарудың қатаң, орталықтанған жүйесін нарықтық қатынастармен ауыстыру көзделген. Аралас әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономиканың қалыптасуы стратегиялық мақсат ретінде қаралып, ол меншіктің әр түрімен (жеке және мемлекеттің) араласуы және өзара іс-әрекетті бәсекелестікке негізделеді. Стратегиялық мақсатқа 15-20 жылдың ішінде негізгі үш кезеңге бөлу арқылы қол жеткізілмек: алғашқы үш жылында (1992-1995жж.) экономиканы тұрақтандыру жоспарланған, тұтыну нарығын қалпына келтіріп, меншіктің көп бөлігін мемлекет иелігінен алу көзделген; одан кейінгі 7- 10 жылда (шамамен 1995- 2005жж.) экономиканың шикізаттық бағытын жоюда ірі қадам жасау және инфрақұрылымды дамыту, оған қоса дамыған тауар, капитал, еңбек нарығын қалыптастыру; 5-7 жылда жаңа индустриалды елдер қатарына қосылып, экономиканың ашық түрін қарқынды екпінмен дамыту.




Қоғамдық шаруашылықтың нысандары.

Тауарлы Өндіріс. Ақша

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі қалыптасып келеді. Оларға натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық жатады. Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал - сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейінірек қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.

Тауар өндірісі капиталистік өндіріс әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады. Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын алуда. Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы - өнімді тек өзі үшін өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол ұсақ тауар өндірісіне айналады. Қазіргі қоғамдық өндіріс - бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш белгі бойынша жүзеге асады:


  1. ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;

  2. алғашқы тұрмыстық қауымдастықта жеке меншіктің пайда болуы;

  3. тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік. Олар бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс құрал - жабдығына деген жеке меншік жатады және ол екеуі де өнімді сату үшін өндіреді. Соған қарамастан олардың арасында айырмашылықтар бар. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал - жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды.

К. Маркс өзінің ғылыми зерттеуін тауарды талдаудан бастайды, себебі ол тауар өндірісінің қарапайым түрі болып табылады. Ол экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуді осыдан бастауының себебі, тауар тым ертеде пайда болды. “Тауар” категориясына дейін тарихта “игілік” ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді. Экономикалық әдебиеттерде “игілік” категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.) “Саяси экономия принциптері” (1890 ж.) кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игілік экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді. Экономикалық игіліктер әрқашан шектеулі болады. Алғашқы рет “экономикалық игіліктер” ұғымын ғылымға енгізген итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 жж.). Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш- қайратын жұмсамай-ақ қолдануға болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атаймыз.

Маркстік теория бойынша: “тауар” ең алдымен адам іс- әрекетінің өнімі, ол өзінің қасиетімен адамдардың қандайда бір тұтынысын қанағаттандырады. “Өнім тауар болу үшін басқа адамның қолына берілуі қажет және ол айырбастаудың арқасында кейбіреулерге тұтыну құны ретінде қызмет етеді”. Осыдан байқайтынымыз, кез келген еңбектің өнімі тауар бола алмайды, тек айырбастау үшін, сату, тұтыну үшін арналады. Экономиканың қазіргі өкілдері “тауар” ұғымын басқаша түсіндіреді. Олар тауарды экономикалық игілік ретінде қарастырады және шектеулі мөлшерде барлығын, айырбас үшін арналғандығын айтады, сөйтіп одан төлем қабілеттілігі сұранымы талап етіледі. Австрия экономисі Карл Менгердің (1840-1921 жж.) ойынша, экономикалық игіліктердің тауар болуы оның қозғалу қабілетіне тәуелсіз, оны сатуды ұсынатын адамға, оның материалдығына және еңбектің өнімі ретінде сипатына тәуелсіз. Себебі ол, міндетті түрде айналымға арналған. Маркстің ойынша, тауар екі қасиетті иеленеді: біріншіден; қандайда бір адамның сұранымын қанағаттандыруы, екіншіден; зат бола отырып, басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі. Заттың пайдалылығы, оның адамның сұранымын қанағаттандыру қасиеті, яғни, «тұтыну құны» деп аталады. Кейбір тұтыну құны адам сұранымын тікелей қанағаттандырса (тамақ, киім, тұрғын-үй және т.б.), басқалары – жанама (машина, құрал-сайман, өндірістік ғимараттар және т.б.) қанағаттандырады. Тұтыну құнына ие болған тауар, құнға да ие болады. Құн – тауарға сіңген қоғамдық еңбек пен айырбас арқылы байқалады. Құн айырбас құнымен тығыз байланысты. Құн – тауардың ішкі қасиеті болып табылса, айырбас құны - бұл тауардың сыртқы көрінісі. Тауар өндірушілердің тауарға сіңген еңбегі тек жанама жолмен, яғни, бір тауардың басқа тауарларға айырбасталуы арқылы көрінеді.

Тарих құрылуының ұзақ мерзімді уақытында ақшаның пайда болуы мен мәні туралы біркелкі шешімін тапқан емес. Экономикалық мектептің бір өкілдері ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қараған. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері, ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері - ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

Ең алғашқыда ақша алғашқы қауымдық қоғамда, яғни, жалпы алғашқы қоғам тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі кезінде пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей сипатқа ие болды. Тауар өндірісінің әрі қарай дамуы тауар айырбасын реттілікпен жүргізуге алып келді. Айырбасқа екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері қатысты. Құнның – толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасты. Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар, сондай- ақ айырбаста қиындықтар туындады. Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес, оған балта қажет, ал балта иесіне қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды) балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ (жалпылама) рол атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол жалпылама деп аталады.

Кейінірек жалпылама эквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы.

Ақша дегеніміз - кез- келген уақытта басқа бір тауарға айырбастала алатын жалпылама эквивалент. Кез- келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаның маңызы оның қасиеттерінен байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу формасы; құнның дербес формасы; еңбектің заттық сыртқы өлшемі.

Ақша келесідей қызметтер атқарады:

Құн өлшемі- ақшалар бұл қызметті тауардың бағасын анықтағанда атқарады, өйткені ақшаның көмегімен тауарды өндіруге кеткен шығындар өлшенеді. Тауардың құны дегеніміз- тауарды өндіруге кеткен шығындар жиынтығы. Тауар құнының ақшалай көрінісі - баға деп аталады.

Айналым құралы- ақшалар бұл қызметті қолма- қол түрінде атқарады, яғни, тауарды сатушы мен сатып алушы арасында делдалдық қызмет атқарады, себебі, тауар соңғы тұтынушысын тапқанша ақшамен қатар айналыста болады. Тауар тұтынушысын тапқаннан кейін айналыстан шығады, ал ақша әрі қарай айналыста жүреді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша резервтік (сақтық) қор ретінде қажет.

Төлем құралы- ақшалар бұл қызметті сатылған тауардың ақысы кейінге қалдырып төленген жағдайда атқарады. Сонымен қатар ақшаның төлем құрал қызметі қаржылық, несиелік қатынастарды да қамтиды, яғни, ақшаны қарызға бергенде, салықты, айыппұл, жер рентасын, жалақыны, диведендті, коммуналдық қызметтерді және т.б. төлегенде атқарады.

Қор жинау немесе жинақ құралы- ақшалар бұл қызметті белгілі бір себептермен айналыстан шығып жинақталған кезде атқарады. Ақшаның қор жинау түрінде қорлануы әрбір адамның белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, сөйтіп өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды. Қор жинауға мысалы, банкқа салынатын дипозиттер мен салымдар жатады.

Әлемдік ақшалар - ақшалар бұл қызметті халықаралық несие айырысу кезінде атқарады. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

«Деньги» ұғымы түркілердің – күміс металды «теңге» деген атауынан шыққан. Ол XV ғасырдың басында Әмір Темірдің басқару кезеңінде дайындалған. Ақшаның келесідей түрлері бар:



Металл ақшалар- монеталар. Монетаның отаны Лидия мемлекеті болып есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.э.д.д. 7- ші ғасырда ойып-өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон - Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы болған. Монета дегеніміз- заңмен бекітілген пішіні, түрі, салмағы, сынабы және ремедиумы бар металдан жасалған ақша белгісі. Ремедиум дегеніміз- заңмен рұқсат етілген нақты массаның шынайы массадан ауытқуы. Монетаның бет жағы – аверс, сырты- реверс, кесіндісі- гурт деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет