Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет25/26
Дата09.06.2016
өлшемі3.37 Mb.
#124845
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Кураторлық науқаснама


I. Жалпы мағлұматтар

1 . Фамилиясы, аты, әкесінің аты –

2. Емханаға түскен уақыты - Емханадан шығарылған уақыты -

3. Жынысы

4. Жасы

5. Мамандығы және қызмет жасайтын мекемесі -

6. Ұлты

7. Мекен жайы



8. Семъялық жағдайы

9. Емханаға түскен диагнозы

10. Клиникалық диагнозы

11. Қосалқы аурулар

12. Ауру асқынулары

13. Операцияның аты (орындалған күні, сағаты, ұзақтығы, хирургтің аты-жөні)

14. Жансыздандырудың түрі (қандай жансыздандыру, наркоздық препараттың мөлшері, наркоздың қолданылған уақыты, анестезиологтың аты-жөні)

15. Операциядан соңғы асқынулар

16. Аурудың ақыры (толық жазылу, тәуір болу, өзгеріссіз, нашарлану, қайтыс болу)

II. Аурудың басталу анамнезі

1 . Наукастың емханаға түскендегі шағымдары

2. Аурудың басталған уақыты және дамуы. Бұдан бұрынғы қолданылған емдер (қашан, қайда, қандай?)

3. Аурудың субьективті жағдайы және жеке мүшелерінің жағдайы



III. Науқастың ғүмырының анамнезі

1 . Биографиялық мағұлматтар туғаннан осы емханаға түскеніне дейін хронологиялық кезекпен толтырылады

2. Бұдан бұрын ауырған аурулары:

а) нервті-психикалық

б) жедел жұқпалы

в) түберкулез

г) венерологиялық

д) безгек (малярия)

е) жасалған операциялар мен жарақаттар

ж) әйелдерде - етек кірі, жүктілік, босану

3. Жанұя жағдайы, тұқым қуалайтын аурулар, қатерлі ісіктер, ұстамалы, венерологиялық, түберкулезді аурулар

4. Кәсіптік анамнезі

5. Түрмыс факторлары - үй жағдайы, гигиеналық тазалық, көректену сапасы, дем алу режимі

6. Зиянды әсерлер - темекі шегу, арақ-шарап ішу, наркотиктар пайдалану


IV. Обьективті тексерістермен аныкталатын көріністер

А. Жалпы көріністер

1 . Аурудың жалпы жағдайы

2. Дене кызуы, тамыр соғуы, тыныс алуы.

3. Бойы, дене құрылысы, салмағы

4. Tepici мен кілегейлі қабаттарының жағдайы

5. Тері асты май қабаты

6. Лимфатикалық жүйе

7. Бұлшық еттері

8. Сүйектері мен буындары

9. Қалқанша безі

10. Тыныс алу мүшелері

11. Жүрек-тамыр жүйесі (функциональды сынақтар, қан қысымы)

12. Ac қорыту мүшелері - (ауыз, тістер, тіл, бадамшалар)

- Ішті көру, сипау, тыңдау

- Карынды, ішекті, бауырды, үйқы безін, көк бауырды тексеру

13. Зәр және жыныс мүшелерін тексеру

14. Жүйке жүйесін тексеру (есі, көңілі, ақылы, сөйлеуі, Ромберг сынағы, сезімі, рефлекстері, дермографизм, дыбыс естуі, көз көруі, иіс сезімі)

Б. Ауруға шалдыққан ағзаны тексеру

1. Карау


2. Қозғалу (белсенді және пассивті қозғалыс)

3. Перкуссия

4. Аускультация

5. Пальпация

6. Арнайы тексерістер

Г. Лабораториялык тексерістер

Д. Рентгенмен тексерістер

Е. Арнайы тексерістер



V. Аурудың диагнозы және оны дәлелдеу

Қандай анамнездік, субьективтік және обьективтік хабарлар негізінде диагноз шешіліп отыр. Қандай лабораторлық, рентгендік және инструментальдық тексерістер диагноздың дұрыстығын дәлелдейді.



VI. Дифференциальды диагноз - табылған ауруды басқа қандай аурулардан айыру қажет.

VII. Анықталған аурудың этиологиясы және патогенезі басқа жеке қағазға жазылып асистентке көрсетіледі.

VIII. Анықталған ауруды емдеу шаралары жеке қағазға жазылады

I.. Операцияның қажеттілігі (қандай) немесе қажетсіздігі. Қажетті жансыздандыру тәсілі. Ауруды операцияға даярлау (ішек-қарынды, ауызды, жүректі, наркозға дайындау. Қан құю және оған дайындық. Тобы, резусы, даярланған күні, сапасы, құйылған мөлшері, қанға реакция.

Жасалған операцияның аты (анестезия, тілік, не табылды, не орындалынды, оператордың аты-жөні, ассистент, анестезиолог, операцияның орындалу уақыты. Операциямен алынған мүшені немесе тінді қасиеттеу.

I. Эпикриз

Аурудың ағымы, орындалған тексерістер, анықталған диагноз. Қолданылған емдеу және оның нәтижесі. Байқалған асқынулар.

Науқастың емханадан шығарылғандағы жағдайы. Аурудың болжамы, денсаулығының айығуы және жұмыс қабілетінің түзелуі. Ауру адамға дәрігерлік кеңес.

Хиурургиялық ауруларды тексеру ерекшіліктері.

Аурудың анықтауға бағытталатын тексерістер келесі 3 бағытта орындалады:



  1. Қандай мүше зақымдалған және оның жағдайы қанша бұзылған.

  2. Аурудың себебін және даму механизмін анықтау.

  3. Ағзаға көрсететін аурудың әсері қандай.

Науқасты тексерумен анықталған жауаптар науқаснамаға тіркеледі. Науқаснама- емдеуге, білімге, сотқа өте маңызды құжат. Ол таза, анық, еш бір қысқартусыз жазылуға тиісті.

Хиуругиялық аурулардың науқаснамасы келесі тексерістермен анықталатын хабарлар негізінде толтырылады.

Сұрау- белгілі сұрақтарға жауап алу негізінде, дәрігер аурудың белгілі көріністерін іздестіреді.

Тексеріс науқас адамның шағымдарын анықтаудан басталады. Әрбір шағымның барлық ерекшіліктері толық анықталады. Мысалы-шағым дене ауыратындығына болса, оның орнын, басқа орынға шабуын, пайда болған уақытын, тұрақтылығын, күшін және ерекшілігін, қайталануын және қайталану арасындағы мерзімін, ауыр жұмыспен байланысты немесе байланыссыздығын, жарақатпен, дене қызуының бұзылуымен т,б, байланыстылығын анықтайды.

Ауру тарихын анықтағанда оның алғашқы көріністерін пайда болған уақытты, одан бергі өзгерістері, пайдаланылған емнін түрі (хирургиялық, санаторлық, амбулаторлық) және олардың нәтижесі.

Аурудың қолындағы медициналық құжаттар тексеріледі (куәліктер, науқаснама көшірмесі, қан, зәр тексерістері, рентгенмен тексеру нәтижелері) науқаснамаға көшіріліп жазылады.

Аурудың өмір тарихын, оның биографиялық хабарларын толық анықтаумен (тууы, өсуі, тұрмыс және жұмыс ерекшіліктері, тағамдануы, аллергиялық жағдайы). Бұдан соң объективті тексеріске көшеді- көру, сыйпау, тыңдау, дене қызуын анықтау.

Қарау хирург үшін бұл өте маңызды тексеріс, кейде ауру диагнозын анықтауға көмектеседі. Зерттелетін дене толығымен ашылады, ауру жарық орынға орналасады, дененің қарама қарсы бөлімдерінің формасы, өзгерісі қоса анықталады. Мәселен- оң тізені тексергенде, сол тізе де қоса ашылады, тексеріледі. Мүшенің немесе дененің түрін анықтаумен аурудың түрін оның басталған уақытын, асқынуларын айыруға болады. Тексеретін дененің формасы өзгеруі-ісінуі, қабынумен, ісік ауруымен байланысты болуы мүмкін. Ісік формасы, орны, қозғалғыштығы әр түрлі (домалақ, сөпақша, жұмыртқаға ұқсас, ұзынша, цилиндр тәрізді). Дөңгелек ісіктер кисталарда, атеромада, дермоидта «аяғы»- бар ісіктері қатерсіз, ал қатерлі ісіктерде- олардың түбірі кең және жапқыш терінің түсі өзгерген.

Арнайы тексерісер:

Лабораторлы тексерістер:



  1. Клиникалық және биохимиялық тексерістер — қанның формалық элементтерін, гемоглобин мөлшерін, эритроциттер шөгуін, ЭТЖ формалық элементтер және плазма, қанның ұюы және ұюға қарсыжүйелер жағдайы, нәурыз және нәурыз фракциялары, глюкоза, ферменттер, билирубин, мочевина, креатинин, айналымдығы қан мөлшері, айналымдығы плазма мөлшері көрсетеді.

  2. Зәрді тексеру- қатыстық тығыздығы, түсі, реакциясы, нәурызы, қанты, цилиндрлары, торшалар элементтер анықтайды.

  3. Иммунологиялық тексерістер мен торшалық иммунитет факторлары- лимфоциттер мөлшері, Т-В лимфоциттер, иммуноглобиндер (А,М,G), лизоцимдер мөлшері, комплементтер т.б., факторлар анықталады.

  4. Микробиологиялық тексерістер — экссудаттан іріңнен, қаннан, зәрден, қақырықтан миробтар түрін анықтау.

  5. Цитологиялық және гистологиялық тексерістер — операциямен, эндоскоппен алынған тіндер, ісіктің, жараның бетінен, пункциямен алынған сұйықтар тұнығынан алынған заттарды тексеру.

  6. Функционалды тексерістер- мүшелердің жағдайын анықтау үшін орындалады. Бұл үшін электрокардиография, реография, осциллография, спирограмма, электроэнцефалография орындалады.

  7. Рентгенмен тексеру- рентгеноскопия, графия, томография, ангиография, фистулография.

  8. Эндоскопиялық тексеріс-қуыс мүшелердің ішкі бетін көру(асқазан- гастроскопия, ішекті — колоноскопия, плевра қуысын- торакоскопия, іш қуысын- лапароскопия, қолқаны- бронхоскопия, көкіректі - медиастиноскопия, қуықты- цистоскопия т.б.)

  9. Ультрадыбыспен тексеріспен — ультрадыбысты сканнирование, эхолокация, допплерография, өтте, бүйректе тасты, ісіктерді, кисталарды, іштегі абсцесстерді, гематомаларды анықтайды.

  10. Радиоизотопты тексерістер- радиоактивті препараттың ауру мүшеде жиналуына негізделген тексеріс (ісіктер, кисталар, деструкция ошақтары, абсцесстер, қабынулы инфильтраттар).

11.Компьютерлі және магнитті - резонансты томография.

Терінің түсін тексерумен өте маңызды хабарлар алуға болады. Терінің түсі өзгергендігі науқастың жалпы жағдайы туралы және ауруға шалдыққан дене жағдайы туралы мол хабар береді. Бозарған тері дене қан айналысы нашарлығын көрсетсе, цианоз- көгергені- веноздық қан ағыны нашарлағандығын немесе артериалдық қанда от тегі жетіспеушілігін көрсетеді.

Терідегі дистрофиялық өзгерістері (түлеу, жұқару, түктің түсуі) осы аймақтың созылмалы қан айналысының нашарланғаның, ал тері қызаруы- осы аймақтағы қабынуды дәлелдейді.

Тері пигментінің кемістігін мерез, витилиго немесе ал көбеюін аяқтың көк тамырының варикозы, меланоз аурулары береді.

Ісіктің мөлдірлігі қапшықта сұйық жиналуында байқалады.

Дене қызуын анықтау- дене қызуы көтерілуі қабынудың ең басты көрінісі. Тері қызуын қол басын сырттан тигізіп анықтайды.

Денені немесе мүшені өлшеп, оның аумағын анықтайды. Мәселен- ішті өлшеу (асцит-шемен, ісік), аяқ-қолдың көлемі (бұлшық еттің атрофиясы, венозды және лимфалық жетіспеушілік кезіндегі ісіну) өзгеруі.

Пальпация- сыйпау- ыңғайлы жатқызылған ауруды екі қолмен сыйпап тексеру. Дәрігердің қолдары жылы, ауыратын аймақтан алыстау орыннан бастап орындалады. Ауыртпайтын саяз сыйпаудан бастап, мысқылдап тереңдетеді. Пальпация көзбен көргенде анықталған хабарларды толықтандырады. Онымен ісіктің формасы, орны, аумағы анықталады, қатты-жұмсақтығы айырылады, тас, сүйек тәрізді немесе жұмсақ, шикі нандай. Дене бездерін сыйпап тексеру оларды 2-3-4 саусақтармен айналдыра сыйпаумен орындайды. Қабынған бездерді сыйпағанда олардың ауырсынуы сезіледі. Оның аумағы өзгергендігі, тамыр соғуы анықталады.

Сықыр - тері астына бос ауа жиналғанда, анаэробты инфекцияда байқалады.

Пальпациямен кейбір сиптомдар Щеткин-Блюмберг, Ровзинг, Образцов) іш мүшелері қабынуында анықталады.

Аускультация - тыңдау жүрек дыбысын (күшейген, әлсізденген, шуын - систолиялық, диастолиялық), өкпе тынысын-везикулярлы, әлсіреген, қатаң, бронхиальды анықтайды.

Перкуссия- саусақпен ішкі мүшелердің шек аралығын анықтау және қуыстарда қанның немесе іріңнің, ауа жиналғанын, мүшелердің тұрақты орнынан ығысқандығын дәлелдейді. Перкуссиямен бауырдан шығатын дыбыстың өзгеруі немесе жоғалғандығы. Метеоризмде дыбыстың жіңішкергендігі (тимпанит), перитонитте – іште сұйық жиналуынан жуан дыбыс анықталады.



Хирургиялық аурулардың диагнозын

анықтау және оларды емдеу туралы тесттік сұрақтар
Іш қабырғасының жарықтары

  1. Жарық қапшығына қандай мүшенің енбеуі мүмкін

a) Шарбы

b) Ащы ішек

c) Тоқ ішек

d) Қуық


e) Ұйқы безі


  1. Әйелдерде жарықтың қай түрі байқалады

a) Кіндік жарығы

b) Ақ жол жарығы

c) Сан жарығы

d) Шап жарығы

e) Диафрагма жарығы


  1. Шаптың қиғаш жарығына тән:

a) Жарық каналының артқы қабырғасының күштілігі

b) Ұрық бауының жуандауы

c) Көбінесе шапта

d) Жөтелу белгісі

e) Ісік пупарт сіңірінен жоғары


  1. Қай операцияларда жарық каналының алдыңғы қабырғасы бекітіледі

a) Жирардың

b) Спасокукоцкийдің

c) Бассинидің

d) Кимбаровскийдің

e) Кукуджановтың
5. 75 жастағы науқастың шабында көлемі 5х4 см, домалақша келген, басқанда ауырмайтын және жұмсақ ісікшелер анықталады. Ұрық баулары ісікшелерден тысқары орналасқан. Аурудың диагнозы қандай?

a) Шаптың майлы ісіктері (липома)

b) Шап бездерінің қабынуы (аденомалары)

c) Шаптың қиғаш жарықтары

d) Қасаға сүйектерінің остеомалары

e) Екі шаптың тік жарықтары


6. Шап жарығы бар науқастың сол жақ шабында ауырсынатын және тұрақты ісікше 6-7 сағат бұрын пайда болды. Ісікше бетінің терісі ісінген, қызарған, қызған, ауырсынады. Науқастың жалпы жағдайы ауыр. Аурудың диагнозын және дәрігердің шешімін атаңыз.
Асқазан және ұлтабар ішегінің аурулары
7. Асқазан және ұлтабардан қан ағу көріністері

a) Қызыл түсті қанды құсық

b) Кофе қойыртпағы сияқты құсық

c) Мелена

d) Төс шеміршегі тұсының қатты ауырсынуы

e) Асқазан қыжылдауының күшеюі


8. Асқазан-ұлтабар ішегінен қан ағуының лабораторлық көріністері

a) ЦВД төмендеуі

b) Гемоглобин көтерілуі

c) Эритроциттер, лейкоциттер көбеюі

d) Қанның ұйығыштығы

e) Лабораториялық өзгерістер жоқ


9. Жиі асқазанда ойық жара орналасады

a) Кардиалды бөлімде

b) Пилoрус бөлімінде

c) Асқазан денесінде

d) Асқазан түбінде

e) Кіші иінде


10. Асқазан ойық жарасы тесілуінің кезеңдерін реттеңіз

a) Шок кезеңі

b) Реактивті кезең

c) Жалған сауығу кезеңі

d) Улану кезеңі

e) Перитониттің даму кезеңі


11. Асқазанның пилорусы тарылуының кезеңдерін реттеңіз

a) Басталу кезеңі

b) Компенсация кезеңі

c) Субкомпенсация кезеңі

d) Декомпенсация

e) Толық бітелу


12. Субкомпенсациялы тарылу көріністері

a) Эпигастральды аймақтың сыздап ауырсынуы

b) Қышқыл дәмді құсық

c) Жүдеп-арықтау

d) Кахексия

e) Терінің құрғап бозаруы


13. Қақпақтың декомпенсациялы тарылуының рентгендік көріністері

a) Асқазанның ауыр атониясы

b) Ішкізілген барийдің асқазанда 12 сағаттан ұзақ сақталуы

c) Пилoродуоденальды каналдың тарылуы

d) Шалпыл дыбысы

e) Асқазанның деформациялануы
14. Асқазан-ұлтабар ойық жарасының пенетрациялануының көріністері

a) Іш ауырсынуының арқаға берілуі

b) Ауырудың бір орында сақталуы

c) Дене қызуының көтерілуі

d) Лоқсу, құсу

e) Қансырау


Ішек аурулары (аппендицит)
15. Құрт тәрізді өсінді деген не?

a) Ас қорыту мүшесі

b) Безді мүше

c) Қорғаныс мүшесі

d) Қалдық мүше

e) Қан жасаушы мүше


16. Аппендицит ауруының себептері

a) Инфекция

b) Аллергия

c) Тоқырау

d) Қан айналысының бұзылуы

e) Эндокринді бұзылыстар


17. Жедел аппендициттің алғашқы көрінісі

a) Щеткин-Блюмберг белгісі

b) Ровзинг симптомы

c) Ситковский симптомы

d) Кохер симптомы

e) Воскресенский симптомы


18. Жедел аппендицитте кездеспейтін көрініс

a) Раздольский симптомы

b) Бартомье-Михельсон

c) Щеткин-Блюмберг

d) Ровзинг

e) Воскресенский симптомы


19. Жүкті әйелдерде анықталатын аппендицит ауруының көріністері

a) Керр симптомы

b) Керте симптомы

c) Ортнер симптомы

d) Михельсон симптомы

e) “Көйлек” симптомы


20. Ретроцекальды аппендициттің көріністері

a) Іш бетінің қатаюы

b) Зәр шығарудың қиындауы

c) Тенезмдер

d) Тоқтаусыз құсу

e) Оң жақ белдеме тұсының ауырсынуы


21. Балаларда аппендициттің қысқа уақытта перитонитке шабуының себебі?

a) Шарбының кішкенелігі

b) Баланың сүтпен қоректенуі

c) Жалпы әлсіздік

d) Лимфоидты аппараттың дамуы

e) Өсіндінің қан айналысының кемістігі


22. Аппендикулярлы инфильтраттың ақыры

a) Қатерлі ісікке шабуы

b) Іріңдікке айналуы

c) Ұйқы безінің жыланкөзіне айналуы

d) Өсіндінің шемені дамуы

e) Асқазан флегмонасы


23. Аппендикулярлы инфильтратты соқыр ішектің ісігінен ажырату

a) Кеуде мүшелерінің рентгенографиясын орындау

b) Лапароцентез

c) Ирригография

d) Фиброгастроскопия

e) Холецистография


24. Жедел аппендицитті оң бүйректің шаншуынан ажырату

а) Лапароскопия

b) Хромоцистоскопия

c) Ирригография

d) Колоноскопия

e) Лапароцентез


25. Қарт адамдардағы аппендицит ауруының ерекшеліктері

a) Іштің қатты ауыруы

b) Лейкоциттер көбеюі

c) Іштің болмашы ауыруы

d) Іш қабырғасының қатты қатаюы

e) Дене қызуының қатты көтерілуі


26. Балалар аппендицит ауруының ерекшеліктері

a) Іштің тұрақты ауырсынуы

b) Қан аралас дәрет

c) Іш қабырғасының күшті қатаюы

d) Іштің толғақша ауырсынуы

e) Дене қызуының болмашы көтерілуі


27. Аппендицит ауруын жедел операциямен емдеуге қарсы көрсеткіштер

a) Қартайғандық

b) Балалық жас

c) Геморроймен ауыру

d) Өкпе аурулары

e) Аппендикулярлы инфильтрат


28. Аппендэктомиядан кейін іште тампон қалдыру қажеттігі

a) Жайылған іріңді перитонит

b) Өсіндінің орнынан қан ағуы

c) Серозды перитонит

d) Пилефлебит

e) Катаральды аппендицит


29. Жедел аппендэктомияда флегмонозды қабынған өсінді әсерінен дамыған іріңді перитонит анықталды. Хирургтың тактикасын атаңыз.

a) Аппендэктомия. Іште тампон қалдыру

b) Аппендэктомия. Ішті жуып тазарту. Жараны толық тігу.

c) Аппендэктомия . Іште дренаж қалдыру

d) Аппендэктомия . Перитонеальды диализ

e) Тек аппендэктомия


Ішек түйілуі
30. Ішектің салды түйілуі қандай себептен басталады.

a) Іш пердесінен тысқары флегмона

b) Бүйрек шаншуынан

c) Өкпе қабынуынан

d) Омыртқалар сынуында, ортан жілік шыққанда

e) Тек аппендэктомия


31. Ішектің спастикалы түйілуі қандай себептен басталады?

a) Бауыр шаншуынан

b) Бүйрек шаншуынан

c) Қорғасынмен уланудан

d) Аскаридоздан

e) Жүрек инфарктінен


32. Ішек түйілуіне әкелмейді

a) Жедел аппендицит

b) Жүктілік

c) Өттің тастары

d) Аскарида топтары

e) Іштің жабысқақтары


33. Ащы ішектің басты бөлімінің түйілуінің сипаттамалары

a) Ерте басталатын жиі құсық

b) Жиі зәр шығару

c) Дәреттің және ауаның шығуы

d) Іштің ауырмауы

e) Іштің тұрақты ауырсынуы


34. Ішектің төменгі бөлімінің түйілуінің сипаттамалары

a) Ерте басталатын құсық

b) Жиі зәр шығару

c) Дәреттің және ауаның шығуы

d) Іштің ауырмауы

e) Іш қозғалысының күшеюі


35. Ішектің салды түйілуін жою үшін қолданылады

a) Прозерин

b) Гепарин

c) Ганглиоблокаторлар

d) Холиномиметиктер

e) Гипертониялық тұзды ерітінділер


Өтке тас байлану және холецистит аурулары
36. Жедел холецистит жоқтығының көріністері қандай

а) Ортнер симптомы

b) Мюсси-Георгиевский

c) Мэрфи симптомы

d) Керте симптомы

e) Бoас симптомы


37. Өтке тас байлануының денені жарақаттамай анықтайтын тексеріс тәсілі

a) Көк тамыр арқылы холецисто-холангиография

b) Лапароскопия

c) Лапароцентез

d) Ультрадыбыс

e) Тері және бауыр арқылы холангиография


38. Холецистит ауруын жедел операциямен емдеу қажеттігі

a) Тассыз холецистит

b) Созылмалы холецистит

c) Холецистопанкреатит

d) Перитонитпен асқынған холецистит

e) Обструктивті холецистит


39. Іріңді дестуктивті холангитпен асқынған холециститтегі хирургиялық тактика

a) Холецистэктомия

b) Холедохотомия. Холедохты дренаждау

c) Холецистэктомия. Холедоходуоденостомия шығуы

d) Холецистэктомия. Трансдуоденальды папиллосфинктеротомия

e) Холецистэктомия. Холстед-Пиковский тәсілімен холедохты дренаждау


Перитонит
40. Жайылған перитонитте байқалады.

a) Іш қабырғасының қатаюы

b) Ішті саусақпен соққанда жіңішке (тимпонитті) дыбыс

c) Іш ауырсынуының белдемеге шабуы

d) Іштің барлық аймағының ауырсынуы

e) Щеткин-Блюмберг симптомы


41. Жедел перитонитте хирургтың ауруды емдеу тактикасы қандай?

a) Ауруды “бақылау”

b) Ауруды жедел операцияға дайындау

c) Жедел лапаротомияны орындау

d) Жоспарлы операция

e) Консервативті тәсілмен емдеу


42. Перитонит диагнозы анықталғаннан соңғы хирург тактикасы

a) Ауруды шапшаң операцияға алу

b) 1-2 сағат бой ауруды комплексті емен операцияға дайындау

c) Ультрадыбыс және басқа тексерістермен ішкі мүшелер жағдайын анықтау

d) Консервирленген қан құйып, ағзадағы қанды толықтыру

e) Сифонды клизмамен ішектерді тазарту

43. Жалпы перитонитте орындалған операциядан 6 тәулік өткеннен соң ауруда құсық, іш кебуі, жел шықпауы байқалады. Бұлар қандай операциядан соңғы асқыну белгілері.

a) Ішектер арасының абсцесс.

b) Ішектің жабысқақтармен қысылуы.

c) Өкпе қабынуы.

d) Ішке қан ағуы.

e) Сепсис


44. Қуыс мүшесінің жыртылуын анықтау үшін қолданылады.

a) Ультрадыбыс-УЗИ.

b) Ирригоскопия.

c) Колоноскопия

d) Цистоскопия.

e) Эзофагогастродуоденоскопия


Ұйқы безі аурулары
45. Панкреатит ауруының себептері

a) Эзофагит.

b) Энтерит

c) Гастрит

d) Спецификалық емес колит

e) Өт өзектерінің аурулары


46. Панкреатиттің диагнозы анықталады

a) Іштің рентгено-флюорографиясымен.

b) Холецисто-холангиографиямен.

c) Лапароскопиямен

d) Селективті ангиографиямен, фиброгастроскопиямен.

e) Зертханалық тексерістермен


47. Ұлтабар ішегі доғасының тікеленуі не себептен байқалады

a) Панкреатитте

b) Дуоденитте

c) Эзофагитте

d) Колитте

e) Гепатитте


48. Ұйқы безінің некроздануы байқалады

a) Серозды сұйық.

b) Іш пердесінің ісінуі, қызаруы.

c) Қан аралас сұйық

d) Асқазанның алға ығысуы

e) Стеаринді табақшалар.

49. Жедел панкреатиттің асқынулары.

a) Пневмония.

b) Іріңді ошақтар.

c) Инсульт.

d) Жүрек инфаркы.

e) Бауыр абсцессі.


Өкпенің және кеуде көк етінің қабыну аурулары.
50. Өкпе абсцессінің себептері

a) Өкпе қабынуы

в) Кеуде жарақаттары

c) Тұмау ауруы

d) Қан тамырларының тромбоздануы

e) Тері ауруы

51. Өкпе абсцессінің бірінші кезеңінің көріністері

a) Дене қызуы

b) Тершеңдік

c) Әлсіздік

d) Кеуде шаншуы

e) Дене ісінуі

52. Өкпе абсцессінің екінші кезеңінің көріністері

a) Іріңдік жарылып ірің қолқаға түседі

b) Қызу төмендейді

c) Жөтел


d) Іш өтеді

e) Зәр көлемі молаяды


53. Өкпе абсцессінде байқалмайтын құбылыстар

a) Патогенді микрофлоралар табылуы

b) Өкпе бронхтары өткізгіштігі бұзылуы

c) Қан және лимфа айналымының нашарлауы

d) Өкпе иннервациясының бұзылуы

e) Аурудың есінен тануы




  1. Өкпе абсцессін анықтау тәсілдері

a) Рентгендік тексерістер

b) Томография

c) Компьютерлі томография

d) Бронхоскопия

e) Торакоскопия, лапароскопия
55. Өкпе гангренасының көріністері.

a) Дене қызуы жоғары.

b) Тершеңдік.

c) Ауыр жүдеу.

d) Өкпе шіріп, ірің кеуде қуысына жайылады.

e) Қабырға омыртқа сүйектері шіриді.


56. Қолқа, көк ет аралығының жыланкөзімен асқынған өкпе іріңдіктерін операциямен емдеудің тиімді түрлері

a) Іріңдікті тіліп, одан іріңді шығару

b) Кеуде қуысын дренаждау

c) Плевропульмонэктомия

d) Өкпе декортикациясы

e) Тыныс жолдары арқылы іріңдікті дренаждау



Қалқанша бездің аурулары.
57. Қалқанша бездің ауруларының жіктелуі

a) Эпидемиялы жемсау

b) Спорадикалы жемсау

c) Уландырғыш диффузды жемсау

d) Гипотиреоз

e) Бездің жарақаттары


58. Жемсау ауруының себептерінің болжамдары

а) Су теориясы

b) Топырақ теориясы

c) Инфекция теориясы

d) Йод жетіспеушілігі

e) Тұқым қуалау


59. Жемсау ауруларын анықтау шаралары

a) Ісіктің қай мүшемен байланыстылығын шешу

b) Аурудың түрін (диффузды, түйінді, аралас) айыру

c) Бездің жағдайын (қалыпты, көтерілген, бәсеңдеген) анықтау

d) Бездің қозғалғыштығын анықтау

e) Бездің қанмен қамтамасыздануын анықтау


60. Қалқанша бездің ауруларын операциямен емдеудің қажеттілігі.

a) Қатерлі ісігі.

b) Безге қан құйылуы.

c) Бездің өңешті, кеңірдекті қысуы.

d) Бездің екі бөліміне жайылған түйіншіктері.

e) Бездің атрофиясы.


61. Диффузды улы жемсаудың (Базедов ауруының) сыртқы көріністері

a) Базедов триадасы

b) Мари-Шарко симптомдары

c) Жүдеу

d) Тершеңдік

e) Семіру


62. Базедов ауруында кездесетін көз симптомдары

a) Көздер кеңіген, жарқыраған

b) Мебиус симптомы

c) Грефе симптомы

d) Штельбаг симптомы

e) Керниг симптомы




Сүт безі аурулары.
63. Сүт безінің қабынуының (маститтың) даму кезеңдері

a) Серозды

б) Іріңді

в) Қабыну (шіру)

d) Геморрагиялық
64. Сүт безіндегі іріңдіктің орналасатын орындары

a) Емізіктің мойнағына жақын

b) Бездің қалың етінде

c) Бездің астында

d) Кеуде етінің астында

e) Төс сүйегі бетінде.


65. Маститті консервативті емдеу тәсілдері

a) Антибиотик қосылған новокаинмен блокада

b) Ультракүлгін сәулемен аластау

c) УВЧ, Соллюкс

d) Анатоксин

e) Гаммаглобулин


66. Маститтің іріңдеген кезеңінің көріністері

a) Күшті ауыру

b) Дене қызуы 39-40-С. жетеді

c) Апельсин қабыршағы симптомы

d) Бездің терісі қызарғаң, қызғаң

e) Флюктуация симптомы


67. Маститтің серозды кезеңін емдеу шаралары

a) Сүтті сорғызу

b) Безді инемен тесу, антибиотик егу

c) Безді тілу

d) Безді резекциялау

e) безді қысып байлам салу, камфора егу

Қан тамырларының аурулары.
68. Аяқ көк тамырларының варикозды ауруы басталу себептері

a) Тұқым қуалау

b) Эндокринді

c) Нейротрофикалы

d) Адаптациялы

e) Идиопатиялы


69. Варикоздың дамуына әсер ететін жағдайлар

a) Көк тамырлар қабырғаларының жұқалығы

b) Тамырлар тромбоэмболиясы

c) Аяқ көк тамырларында қан айналысы ерекшеліктері

d) Қан тамырларының склероздануы

e) Жүрек қан тамырларының созылмалы аурулары


70. Аяқ көк тамырларының варикозды ауруын операциямен емдеу тәсілдері

a) Линтон операциясы

b) Кокетт операциясы

c) Бэбкокк операциясы

d) Габриэль операциясы

e) Крукенберг операциясы


71. Венозды қан айналысының жедел бұзылуының себептері

a) Тромбоз

b) Тромбофлебит

c) Күрделі көк тамырлар жарақыты

d) Көк тамырдың байлануы

e) Атеросклероз


72. Артериялы қан айналысы бұзылған аяқта байқалады

a) Парестезия

b) Аяқ басының ұюы, мұздауы

c) Анестезия

d) Аяқ еттерінің босаңсуы, арықтауы

e) Тері бозаруы, жұқаруы, қылшықтар түсуі


73. Созылмалы варикоздың алғашқы көріністері

a) Аяқтың ауырлануы

b) Шаршау

c) Аяқта қcзуды сезіну

d) Аяқтың ісінуі

e) Аяқ еттерінің тырысуы


74. Варикоз ауруының ақырғы көріністері

a) Аяқ шел майының склероздануы

b) Аяқ терісінің ісініп өзгеру

c) Дерматит басталуы

d) Телеангиэктазиялар пайда болуы

e) Трофикалық ойық жаралар ашылуы


75. Қан тамырларын аспапты тәсілмен тексеру тәсілдер

a) Осцилография

b) Реовазография

c) Ультрадыбысты допплерография

d) Рентген контрасты тексерістер

e) Аускультация, перкуссия

76. Артерия тромбоэмболиясына ұшыраған науқасқа бірінші дәрігерлік көмек

a) Аяқты шинамен иммобилизациялау

b) Ауыру сезімін басатын дәріні егу

c) Аяқты мұзбен қоршап салқындату

d) Жүрек жағдайын қолдайтын дәрілер

e) Аяққа жгут салу

77. Тромборэмболияны консервативті емдеу шаралары

a) Антикоагулянттар.

b) Антиспастикалы (Папаверин, Но-Шпа, новокаин).

c) Фибринолитиктер (фибринолизин, стрептокиназа).

d) Гемотрансфузия.

e) Антибиотиктерді қан тамырына егу.

78. Лимфа айналысы кемістігіне ұшырататын себептер

a) Қабыну аурулары (тілме, лимфаденит т.б.)

b) Операциялар

c) Паразитарлы (құрттармен) аурулар

d) Ісік аурулары

e) Сүйек сынуы

79. Облитерациялы эндоартериттің себептері

a) Холестеринді баланстың бұзылуы

b) Дисгормональды бұзылыстар

c) Қанның ұю үрдісінің бұзылуы

d) Семіздік

e) Авитаминоз

80. Облитерациялы атеросклероздың басталу себептері

a) Холестеринді баланстың бұзылуы

b) Дисгормональды бұзылыстар

c) Қанның ұю үрдісінің бұзылуы

d) Дене ісінуі

e) Темекі шегу


81. Облитерациялы эндоартеритте өзгеретін қан тамырлары

a) Күрделі артериялар

б) Кіші (шеткрі) артериялар

c) Күрделі көк тамырлар

d) Шеткері көк тамырлар

e) Артериялар мен көк тамырлар

82. Облитерациялы атеросклерозда өзгеретін қан тамырлары

a) Күрделі артериялар

b) Шеткері артериялар

c) Күрделі көк тамырлар

d) Шеткері көк тамырлар

e) Артериялармен көк тамырлар


83. Облитерациялы атеросклерозда қолданылатын операция

a) Вегетативті жүйке жүйесіне

b) Некрэктомия

в) Ампутация

d) Венэктомия

e) Артериэктомия


84. Облитерациялы эндоартеритте қолданылатын операция.

А) Вегетативті жүйке жүйесіне.

Б) Некрэктомия.

В) Ампутация.

Г) Артериэктомия.

Д) Венэктомия.


Тік ішек аурулары. Геморрой.
85. Аурудың даму себептерінің болжамдары

a) Венозды жүйенің туа біткен кемістіктері

b) Қан айналысының бұзылуынан тік ішектің көк тамырында қанның шоғырлануы

c) Механикалық себептер

d) Тік ішектің зақымдануы

e) Тік ішектің қабынуы

86. Геморройды емдегенде қолданылмайтын емдік шара

a) Диета


b) Жаяу жүру

c) Қышқыл тағам арақ-шарап қабылдау

d) Өрлемелі душ

e) Геморрой түйіншіктерін қысу


87. Геморройды операциямен емдеу тәсілдері

a) Резеңкелі сақиналармен геморрой түйіншіктерінің мойынын қысу

b) Милинган-морган операциясы

c) Склероздаушы терапия.

d) Рыжих операциясы.

e) Түйіншектің аяғын байлау, кесу.


88. Геморройдың асқынулары

a) Қан ағуы

b) Тромбоз

c) Қысылу

d) Қабыну

e) Қатерлі ісікке ауысыуы


Парапроктит
89. Жедел парапроктит бұл

a) Тік ішектің кілегейлі қабатының қабынуы

b) Крипталар қабынуы

c) Ішектің қабынуы

d) Тік ішектің барлық қабаттарының қабынуы

e) Тік ішектің айналасының майлы қабатының қабынуы


90. Жедел парапроктиттің диагнозын анықтау тәсілдері

a) Ректороманоскопия

b) Ирригоскопия

c) Фистулография

d) Колоноскопия

e) Тік ішекті саусақпен тексеру


91. Терімен кілегейлі қабат арасының іріңдігін емдеу

a) Іріңдікті тілу

b) Антибактериалды ем

c) Іріңдікті тілумен қоса криптаны тілу

d) Иммунды жүйені күшейту

e) Криптаны кесіп алу


92. Сфинктерден жоғары және сфинктерден өтетін жартылай жыланкөзде орындалатын операциялар

a) Гартман операциясы

b) Габриэль операциясы

c) Лигатуралы тәсіл

d) Дюваль операциясы

e) Кюммель операциясы


93. Жедел парапроктитті операциямен сапалы емдеуді қамтамасыз етеді

a) Іріңдікті кең тілу

b) Дренаждау және белсенді сорғызу

c) Іріңдіктің ішкі тесігін жою

d) Іріңдік қуысына бояу егу

e) Антибактериалды ем




Тестік сұрақтардың жауаптары.
1 – д 2 – в 3 –д 4 – а, б 5 – д
6. Диагноз-Қысылған шап жарығы. Жарық қапшығының флегмонасы.

Шешім –лапаратомия, шіріген ішек резекциясы. Шап каналының пластикасын орындамау.


7 – b, с 8 – а 9 – b, е 10 – а, b, с, d, е

11 – а, b,с,d,е 12 – а, b 13 – а, b, d 14 – а, b

15 – а,с,d 16 – а, с, 17 – d 18 – b

19 – с,е 20 – с,е 21 – а 22 – b

23 – с 24 – b, с 25 – с 26 – а,d

27 – е 28 – а,b,d 29 - с 30 - d

31-c 32- a,b 33 - a,b,e 34 – с,е

35 – а,е 36 – d,е 37 – d 38 – с,d,е

39 – с,е 40 – а,d,е 41 – с 42 – b

43 – b 44 – а,d 45 – е 46 – d,е

47 – а 48 – с,е 49 – b,е 50 – а,b

51 – а,b,d 52 – а,b,с 53 – d,е 54 – а,b,с

55 – а,b,с 56 – b,с 57 – а,,с,д,е 58 – а,b,с,д,е

59 – b,с,д 60 – а,b,с,d 61 – а,b,с,d 62 – а,b,с,d

63 – а,b,с 64 – а,b,с 65 – а,b,с,d 66 – b,d,е

67 – а,b,е 68 – а,d,с,е 69 – а,b,с 70 – а, b,с

71 – а,с,d 72 – а,b,с,d 73 – а,b,с 74 – с,d,е

75 – а,b,с,d 76 – а,b,с 77 – а,b,с 78 – а,d

79 – а,b 80 – а,b,е 81 – а,b 82 – а,b,с

83 – а,е 84 – а,b,с 85 – а,с 86 – с,е

87 – а, b, с, d, е 88 – а,b,с,d 89 – b,е 90 – е

91 – а,с 92 – b,с 93 – а,b




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет