Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Жеңіл тотығатын заттар ерітінділері және оларды тұрақтандыру



Pdf көрінісі
бет299/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Жеңіл тотығатын заттар ерітінділері және оларды тұрақтандыру: 
адреналин гидрохлориді, адреналин гидротартраты, норадреналин 
гидротартраты, 1 л ерітіндіге 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады;
– 5% аскорбин қышқылының ерітіндісіне 2 г сусыз натрий сульфитін немесе 
1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Аскорбин қышқылының 
ерітіндісі қышқылды орта (рН 2,6 - 2,8) болғандықтан және енгізген кезде 
ауыртатындықтан, нейтралдау үшін 1 л 23,85 г мөлшерде натрий 
гидрокарбонатын қосады;
– фенотиазин туындылары - аминазин, дипразин, имизин және пропазин, 1 л 
ерітіндісіне 1 г натрий сульфитін, 1 г натрий метабисульфитін, 2 г аскорбин 
қышқылын қосып тұрақтандырады;
– новокаинамид 1л ерітіндісіне 5г натрий метабисульфитін қосып 
тұрақтандырады. Еритін стрептоцид 1л ерітіндісіне 2 г натрий сульфитін қосады;
– кейбір жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру үшін ронгалит 
қолданылады. Мысалы, парааминосалицилат, этазол-натрий 1л ерітіндісіне 5 г 
ронгалит қосады;
– глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру. Стерильдеу кезінде глюкоза 
ерітінділері, әсіресе сілтілі шыныда, тотығады және карамелизицияланады. Бұл 
кезде ерітінді сары түске боялады. Глюкоза ерітінділерін тұрақтандыру үшін 
оның полифункционалды қасиетін ескеру қажет. Сілтілі ортада глюкоза тұрақсыз, 
оттегі әсерінен оксиқышқылдар: гликоль, левулин, құмырсқа және басқа 
қышқылдар және оксиметилфурфурол түзіледі. Бұл процестерді болдырмау үшін 
глюкоза ерітінділерін МФ XІ басылымына сәйкес 1 л ерітіндіге 0,26 г натрий 
хлоридін және 0,1 н хлорсутек қышқылынан рН мәні 3,0-4,0 болғанға дейін қосып 
тұрақтандырады. 
Дәріхана жағдайында жұмыс істеуге қолайлы болу үшін, тұрақтандырғыш 
(Вейбель тұрақтандырғышы) келесі жазылым бойынша дайындалады:
Натрий хлориды 5,2 г 
Сұйытылған хлорсутек қышқылы 4,4 мл 
Шаншуға арналған су 1 л-ге дейін 
Глюкоза ерітінділерін дайындаған кезде, олардың концентрациясына 
байланыссыз, тұрақтандырғыш ерітінді көлемінен 5% мөлшерде қосылады. 
Мысалы:
 
Rp.: Solutіonіs Glucosae 40 % - 200 ml 
Sterіlіsetur! 
Da. Sіgna. 20 мл күре тамырға


401 
Глюкозаның стандартты препаратының құрамында кристаллизациялық 
судың 1 молекуласы бар, сондықтан глюкоза ерітіндісін дайындағанда глюкоза 
құрамындағы ылғалдың пайыздық мөлшерін ескере отырып, рецептіде 
көрсетілген мөлшерден көп мөлшерде алады. 
х = 
б
а


100
100
мұндағы: х - препараттың қажетті мөлшері, г; 
а - рецепт бойынша сусыз глюкозаның мөлшері, г; 
б - талдау бойынша препараттағы судың пайыздық мөлшері. 
40 - 100
х – 200
х = 80,0 г
Егер глюкоза құрамында 10 % су бар деп есептесек, онда
х = 
8
,
88
10
100
100
80



глюкоза 
Глюкоза ерітіндісі жеңіл тотығатын препаратқа жататындықтан, 
тұрақтандыру үшін Вейбель тұрақтандырғышы қолданылады. Оның құрамы:
Натрий хлориді 5,2 г 
Хлорсутек қышқылы сұйытылған 4,4 мл 
Шаншуға арналған су 1 л-ге дейін 
5 - 100 мл 
х - 200 мл
х = 10 мл Вейбель тұрақтандырғышы 
Глюкоза мөлшері 3% жоғары, сондықтан су мөлшерін есептеген кезде 
КҰК
глюкоза
= 0,64 мл/г ескеру қажет 
V
H
2
O
= 200 - (0,64 ∙ 88,8+10) = 133,2 мл 

133 мл 
БП
Aquae pro іnjectіonіbus 133 ml 
Glucosae 88,8 
Stabіlіsatorіs Veіbelі 10 ml 
V
ж
= 200 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет