Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет72/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Күрделі ұнтақтар технологиясыКүрделі ұнтақ құрамына екі немесе одан 
көп заттар және әртүрлі мөлшерде енуі мүмкін, олар негізінен ішуге қолдануға 
белгіленеді. Жазылған заттардың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері және 
олардың әртүрлі қиыстырылуы күрделі ұнтақтарды әртүрлі тәсілдермен 
дайындауды қажет етеді. 
Әр уақытта күрделі ұнтақтардың технологиясының жалпы ережелерін 
сақтау қажет: 
- рецептіде берілген дәрілік заттардың сыйымдылықтарын тексеру; 
- улы және күшті әсер ететін заттардың дозасын тексеру; 
- күрделі ұнтақтардың жалпы мөлшерін есептеу, бақылау паспортын жазу; 
- жеке ингредиенттердің келіге салу реттілігін анықтау; 
- күрделі ұнтақтардың майдалану және араласуының белгіленген оптималды 
уақытын сақтау; 
- дайын ұнтақтардың майдалану дәрежесін және араласу біртектілігін тексеру; 
- дайын ұнтақтарды дозалау; 
- ұнтақтарды орамдау және безендіру ережесін сақтау. 
 
Бірдей немесе шамамен бірдей мөлшерде жазылған екі немесе көп 
ингредиентті ұнтақтардың технологиясы 
Есептеулер 
а) Rp.:
Terpіnі hydratі 0,25  0,25 x 6 = 1,5 

Natrіі hydrocarbonatіs 0,3 0,3 x 6 = 1,8_________ 

Mіsce fіat pulvіs  m
ж
= 1,5 + 1,8 = 3,3 

Da tales doses № 6  m
1 ұнт.
= 3,3 : 6 = 0,55 

Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 2-3 рет. 
Б.П. 
Terpіnі hydratі 1,5 
Natrіі hydrocarbonatіs 1,8 


116 
m
ж
= 3,3; m
1 ұнт.
= 0,55; № 6
Дайындаған: 
(қолы) 
Тексерген:
(қолы) 
Босатқан:
(қолы) 
Дайындалған күні 
 
Технологиясы: Құрамындағы заттардың мөлшері шамамен бірдей, 
сондықтан, олардың физикалық касиеттері салыстырылады. Терпингидрат 
натрий гидрокарбонатына қарағанда ірі кристалды зат. 
Жұмыс орнын дайындап, келіге 1,5 г терпингидратты BP-5 қол таразысында 
өлшеп алып, ұнтақтайды, ұнтақталу дәрежесін тексеріп, шамамен 1/20 бөлігін 
келіде қалдырып, қалғанын қағаз капсулаға төгеді. Қол таразысы (BP-5) 
көмегімен 1,8 г натрий гидрокарбонатын өлшеп, келіге салып, ұнтақтап, 
терпингидраттың капсуладағы мөлшерін қайтадан келіге салып, біртекті ұнтақ 
болғанша, целлулоид қалақшамен жинай отырып қайта-қайта араластырып, 
біркелкілігін тексеріп, ВР-1 қол таразы көмегімен 0,55 г-нан балауызданған қағаз 
капсулаларға бөлшектейді, орамдап, босатуға ҚР ДСӘД министрінің 2015 
жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы талаптарына сай безендіреді. 
Есептеулер: 
б) Rp.:
Natrіі hydrocarbonatіs
0,3 x 10 = 3,0 

Magnesіі oxydі ana 0,3 
0,3 x 10 = 3,0 

Mіsce fіat pulvіs 
m
ж
= 3,0 + 3,0 = 6,0 

Da tales doses № 10 
m
1 ұнт.
= 6,0 : 10 = 0,6 

Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
Б.П. 
Natrіі hydrocarbonatіs 3,0 
Magnesіі oxydі 3,0 
m
ж
= 6,0; m
1 ұнт.
= 0,6; № 10
Дайындаған: 
(қолы) 
Тексерген:
(қолы) 
Босатқан:
(қолы) 
Дайындалған күні 
Магний тотығының көлемдік салмағы үлкен, ол оңай тозаңданатын зат, 
натрий гидрокарбонаты – кристалды зат, сондықтан, бірінші натрий 
гидрокарбонатын ұнтақтап, ұнтақталу дәрежесін тексеріп, магний тотығын 
ұнтақтамай тек келінің бетін қағазбен немесе шынымен жауып біртекті масса 
болғанша араластырады. Содан соң BP-5 қол таразысымен 0,6 г-нан өлшеп, 
балауызданған қағазға орап, ішуге арналған дәрі ретінде ҚР ДСӘД министрінің 
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы талаптарына сай безендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет