Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет139/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Технологиясы: Сыйымдылығы 50 мл босататын құтыға 0,4 г ментолды 
және 15 мл меруертгүл және сасықшөп тұндырмаларын өлшеп құйып, ерітеді. 
Қосымша ыдысқа 6 мл адонизидті өлшеп, онда 0,15 г этилморфин гидрохлоридін 
және 1,0 г натрий бромидін ерітеді. Алынған ерітіндіні босататын құтыға құяды, 
қажет болған жағдайда, алдын-ала сүзеді. Тығындап, гофрирленген қағазбен 
жауып, жіппен байлап, сүргілейді. Содан соң ҚР ДСӘД 2015 жылғы 26 
қаңтардағы № 32 бұйрығы, ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 
227 бұйрығы талаптарына сәйкес безендіреді. Натрий бромидінің концентрлі 
ерітіндісін қолдануға болмайды, себебі, тамшы көлемі ұлғайып кетуі мүмкін. 
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар. Сыртқа қолдануға арналған 
тамшылар көбінесе, құлақ және мұрын ауруларын емдеу үшін жазылады. 
Rp.: Solutіonіs Dіcaіnі 0,5% 10 ml
Solutіonіs Adrenalіnі hydrochlorіdі (1:1000) guttas XX 
Mіsce. Da. Sіgna. 5 тамшыдан күніне 2 рет екі мұрын қуысына 
Рецептіде сыртқа қолдануға арналған тамшы берілген. Дәрілік түр «қос 
цилиндр» әдісімен дайындалады. Дикаин улы зат, дәрілік түр сырт тәнге 
қолданылатын болғандықтан, дозасы тексерілмейді
Есептеу:
Дикаин мөлшері
0,5 - 100 мл 
x - 10 мл
x = 0,05 
Адреналин гидрохлориді ерітіндісі 1:1000
1 мл (20 тамшы)
Тазартылған су 10 мл 
Тамшының жалпы көлемі
V = 10 мл + 1 мл = 11 мл 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 5 ml 
Dіcaіnі 0,05 
Aquae purіfіcatae 5 ml 
Solutіonіs Adrenalіnі hydrochlorіdі (1:1000) guttas XX (1 мл)
Vж. = 11 мл 
Технологиясы: Тазартылған судың 5 мл мөлшерінде 0,05 г дикаинды 
қосымша ыдыста ерітіп алып, оны алдын-ала жуылған фильтр арқылы 
босататын құтыға сүзіп, осы фильтр арқылы қалған 5 мл тазартылған суды 


208 
сүзеді. Ең соңында адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісінің 20 тамшысын 
қосады. Дәрілік түрді тығындап, босатуға безендіреді. Сүргілеп, сары түсті 
«Сырт тәнге»деген негізгі этикеткамен, «Абайлап қолдан», «Балалардан сақта» 
деген ескерту этикеткаларымен безендіріледі, науқасқа сигнатура беріледі. 
Рецепт, есеп үшін, дәріханада қалдырылады. 
Rp.: Phenolі purі 0,5 
Glycerіnі 10,0 
Mіsce. Da. Sіgna. 5 тамшыдан күніне 3 рет сол құлаққа жылы күйінде 
Есептеу: 
0,5 г фенол 
10,0 г глицерин
m
ж
= 10,5 г 
Сыртқа қолдануға арналған тамшы жазылған. Дәрілік түр салмақ 
бойынша дайындалады. Еріткіш ретінде бейсу еріткіш - глицерин жазылған. 
Б.П. 
Phenolі purі 0,5 г
Glycerіnі 10,0 г  
m
ж
= 10,5 г 
Технологиясы: Қол таразыда пергамент қағазында фенолдың 0,5 г 
мөлшері (күйдіргіш зат, абайлап өлшеу қажет) өлшеніп алынады. Құрғақ 
босататын құтыға салып, техникалық таразыда тарирлеп, 10,0 г глицеринді 
өлшейді. Тығындап, су моншасында фенол толық ерігенше қыздырады
суытып, босатуға безендіреді. 
Құлаққа және мұрынға арналған тамшылар сапасы изотондаушы 
агенттер, буферлі ерітінділер, тұрақтандырғыштар, терапевттік белсенділікті 
және т.б. көрсеткіштерді қамтамасыз ететін, қосымша заттар көмегімен 
жетілдіріледі. 
Мұрынға арналған тамшылардың кемшілігі - дәрілік заттардың сулы 
ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа. Дәрілік заттардың әсерін ұзарту үшін 
құрамына синтетикалық полимерлерді енгізеді: 1% метилцеллюлоза немесе 
1% оксипропилметилцеллюлоза, немесе 1% поливинилпирролидон (ПВП) 
және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет