236
Б.П.
Іchthyolі 10,0
Aquae purіfіcatae ad 200 ml
V
ж.
= 200 ml
Технологиясы: 10,0 г ихтиолды фарфор табақшада келсап көмегімен
судың аз
мөлшерінде ерітеді, біртіндеп араластыра отырып,
суды қосып,
ерітіндіні мөлшерін өлшегіш ыдысқа құйып 200 мл жеткізеді. Ерітіндіні дәке
арқылы босататын құтыға сүзіп, тығындап, безендіреді.
Rp.: Іchthyolі 2% - 150 ml
Glycerini 10,0
D.S. Тампон үшін
Есептеу:
Ихтиолдан 2 – 100 мл
х – 150 мл
х = 3,0
Тазартылған судан 150 – 3,0 = 147 мл (судың тығыздығы 1 тең)
Глицериннің көлемі 10/1,224 = 8,2 мл
Ерітіндінің жалпы көлемң 150 + 8,2 мл = 158,2 мл
Б.П.
Glycerini 10,0
Aquae purіfіcatae 147 ml
Іchthyolі 3,0
V
ж.
= 158,2 ml
Технологиясы: Тарирленген қосымша ыдысқа 10,0 г глицеринді (тұтқыр
сұйықтық) өлшеп және 147 мл тазартылған суды қосып араластырады. 3,0
ихтиолды тарирленген фарфор табақшаға өлшеп, келсап көмегімен глицериннің
судағы ерітіндісін порциялап қосып ерітеді. Ерітіндіні
дәке арқылы босататын
құтыға сүзіп, тығындап, безендіреді.
Rp.: Solutionis Іchthyolі 10% - 100 ml
Kalii iodidi 2,0
D.S. 2 ас қасықпен микроклизма үшін
Есептеу:
Ихтиолдан 10 – 100 мл
х – 100 мл
х = 10,0
Бұл жазылым бойынша, күшті электролит калий йодидінің коагуляциялық
әсерін ескеріп, оптималды технологияны таңдау керек. Осы себептен оны
ихтиолға сулы ерітінді күйінде қосу керек.
Калий йодиді 20% (1:5) ерітіндісінен
2,0 ∙ 5 = 10 мл
Тазартылған судан 100 – (10,0 + 10 мл) = 80 мл (судың тығыздығы 1 тең)
237
Б.П.
Іchthyolі 10,0
Aquae purіfіcatae 80 ml
Solutionis Kalii iodidi (1:5) 10 ml
V
ж.
= 100 ml
Тарирленген фарфор табақшаға 10,0 г ихтиолды өлшеп, араластыра отырып
80 мл тазартылған суды қосады. Ерітіндіні босататын құтыға сүзіп, 10 мл 20%
калий йодидінің ерітіндісін бөлшектеп қосып араластырады. Тығындап,
босатуға безендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: