279
Сенна жапырақтары (сенна)
–
Folіa Sennae cassіae
Рауғаш тамыры. Құрамында антрагликозидтермен қатар илік заттары
бар. Негізгі әсер етуші заттары – антрацен туындылары эмодин,
хризофанол және т.б. Ішектің энтерорецепторларын тітіркендіреді және тоқ
ішектің перистальтикасын күшейтеді. КСРО МФ
Х басылымында рауғаш
тамырынан қайнатпа дайындау жөнінде нұсқау жоқ, ал
КСРО МФ ІХ
басылымы бойынша жанама әсер көрсететін таннидтер тұнбаға түспеуі
үшін, сығындыны суытпай бірден сүзеді.
Сыңғақ итшомырт қабығы. Құрамында 3-6% антрагликозидтері бар.
Сулы сығынды жалпы ереже бойынша дайындалады.
Сенна жапырағы. КСРО МФ ХІ басылымы бойынша қайнатпаны
толық суыған соң сүзу керек, себебі жанама
әсер көрсететін шайырлы
заттардан тазарту керек.
Құрамында гликозидтері бар шикізаттар
Жалынгүл шөбі (горицвет)
–
Herba Adonіdіs Vernalіs
Дигиталис жапырақтары (наперстянка)
–
Folіa Dіgіtalіs
Ақбас құрай шөбі (желтушник)
–
Herba Erysіmі
Меруертгүл шөбі, жапырақтары
–
Herba, Folіa et Flores
және гүлдері (ландыш)
Convallarіae
Бұл шикізаттармен тұнба дайындау кезінде
белгіленген майдалану
дәрежесін, температуралық тәртібін қатаң сақтау қажет, себебі жүрек
гликозидтері
- термолабильді заттар, ал белгілеген тәртіптен ауып кету
олардың,
биологиялық белсенділігі төмен, гениндерге дейін ыдырауына
әкеледі. Тұнбаны жалпы ереже бойынша биологиялық белсенділігін ескере
отырып, дайындайды.
Rp.: Іnfusі Herbae Adonіdіs vernalіs ex 6,0 - 200 ml
Natrіі bromіdі 5,0
Tіncturae Valerіanae 10 ml
Mіsce. Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет
V
ж.
= 210 ml
КСРО МФ ХІ бас. бойынша биологиялық белсенділігі (стандарт
бойынша) 50-66 БӘБ;
Егер рецепті боынша шикізаттың белсенділігі 80
БӘБ болса, онда:
95
,
4
80
66
6
х
г шикізат алынады. Сонда шикізат рецептіде
көрсетілген мөлшерден аз алынады, яғни 4,95 г.
K
с
= 2,8;
V
су
= 200 + (4,95 ∙ 2,8) = 213,8 мл ≈ 214 мл
Б.П.
Herbae Adonіdіs vernalіs 4,95 ( 80 БӘБ)
Aquae purіfіcatae 214 ml