Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


стерильдеудің келесі әдістері берілген



Pdf көрінісі
бет278/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

стерильдеудің келесі әдістері берілген: термиялық - бу және ауа арқылы
химиялық (газбен), фильтрлеп стерильдеу, радиациялық. 
Стерильдеу тәсілін жалпы екі топқа бөлуге болады: физикалық, 
химиялық. 
Стерильдеудің физикалық әдістері - жоғары температураны (жылумен 
стерилизациялау), жиіліктің ультра жоғары токтарын, ультракүлгін және 
иондаушы сәулелерді, ультрадыбысты, фильтрлеуді қолдану арқылы 
жүргізіледі. Медициналық мекемелерде іс жүзінде ең жиі тараған стерильдеу 
әдісі - бумен немесе құрғақ ыстық ауамен (жылумен) қыздыру. 
Жылумен стерильдеу микроб клеткаларын пирогенетикалық бұзуға, 
ақуыздарды қайтымсыз коагуляциялау немесе микроорганизмдердің 
ферменттік жүйелерін зақымдауға негізделген. 
1. Ыстық ауамен стерильдеу. Ауа стерилизаторларында 180-200 
0
С 
температурада құрғақ ауамен жүргізіледі. Стерильдеу эффекті температураға 
және уақытқа байланысты. Бұл кезде ақуыздардың пирогенетикалық 
ыдырауының нәтижесінде микроорганизмдердің барлық формалары 
жойылады. 
Дәріхана жағдайында ауамен стерильдеу үшін кептіргіш-стерильдегіш 
ШСС-250 маркалы шкаф, кептіргіш СС-200 стерилизатор, сонымен қатар кіші 
көлемді ВП-10, ГП-20 және ГП-40 маркалы стерилизациялық камералар 
қолданылады. Үлкен аурухана дәріханаларында жиі кептіргіш-стерильдегіш 
ШСС-500, ШСС-1000П
2
, ШСС-500П және ШСС-100П маркалы шкафтар 
қолданылады. 
ШСС маркалы шкафтар стерилизациялық камераның конструкциясымен 
қуатына (көлеміне) байланысты ажыратылады.


371 
Сурет 48. Дәріханада жиі қолданылатын ШСС-500П маркалы кептіргіш 
стерильдеуші шкаф келтірілген 
Стерильденетін объектілер тиісті ыдыстарға салынып, тығыз жабылған 
және стерилизаторларда емін-еркін орналасқан болуы керек. Ауаның жылу 
өткізгіштігі жоғары болмағандықтан, стерильденетін объектілердің қызуы 
баяу жүреді, сондықтан, тиеу қыздырылмаған стерилизаторға немесе ішіндегі 
температура 60 
0
С аспаған кезінде жүргізіледі. 
Бұл әдіспен қандай заттарды стерильдеуге болады: 
а) Ауамен стерильдеу әдісі - температураға тұрақты ұнтақ тәрізді дәрілік 
заттарды стерильдеу үшін қолданылады (натрий хлориді, мырыш тотығы, 
тальк, ақ балшық және т.б.). Стерильдеу тәртібі 19 кестеде көрсетілген. 
Кесте 19
Ұнтақ заттарды стерильдеу тәртібі 
Үлгі салмағы, г 
Температура,
0
С 
Минималды стерилизацияға төзім 
уақыты, мин 
25 дейін 
180 
200 
30 
10 
25-нан 
100 дейін 
180 
200 
40 
20 
100-нан 
200 дейін 
180 
200 
60 
30 
Біркелкі қыздыру мақсатында ұнтақтар қабатының қалындығы 6-7 см 
жоғары болмауы керек. 
б) Минералды және өсімдік майлары, тоң майлар, ланолин, вазелин, 
балауыздарды ыстық ауамен стерильдеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі 
(кесте 20).


372 
Кесте 20 
Минералды және өсімдік майларын стерильдеу тәртібі 
Үлгі салмағы, г 
Температура,
0
С 
Минималды стерилизацияға төзім 
уақыты, мин 
100-ға 
дейін 
180 
200 
30 
15 
100-нан 
500-ға дейін 
180 
200 
40 
20 
Сенімді стерильдеу үшін шекті салмақ 500 г аспауы керек. 
в) Шыны, металл, силиконды, резина, фарфор заттары, фильтрлеп 
стерильдеуге арналған фильтрлі қондырғылар, фильтрат қабылдағыштары 
180 
0
С температурада 60 минут стерильденеді, майда шыны және металл 
заттарын (воронкалар, пипеткалар және т.б.) кептіргіш шкафтарда арнайы 
бикстерде стерильдейді. 
Дәрілік заттардың ертінділерін кептіргіш шкафтарда стерильдеуге 
болмайды, себебі, 180-200 
0
С температурадағы ауаның жылу өткізгіштігі 
нашар, сондықтан ертінділерді стерильдеу температурасына дейін тез 
қызуын қамтамасыз ете алмайды. Флакондардың ішкі және сыртқы 
қысымдарының айырмашылығы әсерінен құтылар жарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет