Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет283/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Ультракульгін 
(УК) 
саулелермен 
стерильдеу. 
УК-сәуле 
микроорганизмдердің вегетативті және споралық формаларын жоюға қабілетті. 
Қазіргі кезде УК-сәулелері бөлме ауасын тазарту үшін халық 
шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылады. Ультракүлгін радиация 
- толқын ұзындықтары 300 нм төмен күн сәулелерінің көрінбейтін қысқа 
толқынды бөлігі. УК-радиация микробтық клеткалардың ферментік 
жүйелерінің фитохимиялық бұзылуын тудырады, клетка протоплазмасына улы 
органикалық қоспалар түзе отырып әсер етеді. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК-
сәулелерінің көзі - арнайы БУВ (Бактерицидная увиолевая лампа) лампалары 
болып табылады. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК лампалары ауаны, тазартылған 
суды, қосымша материалдарды және т.б. стерильдеу үшін қолданылады. БУВ 
лампалары барий және стронций гидрокарбонаттарымен жабылған,
ультракүлгін сәулелерін өткізетін ұзын вольфрам спиралімен электроды бар, 
арнайы увиолды шыныдан жасалған түзу түтік. Түтікте сынаптың аз ғана 
бөлігі және қысымы сынап бағанасы бойынша бірнеше мм болатын инертті газ 
аргон бар. Ультракүлгін сәулелерінің көзі кернеу берген кезде электродтар 
арасынан шығатын, сынап разряды болып табылады. Увиолды шыны 
құрамына 72% дейін кремний, алюминий, барий тотықтары кіреді. 
БУВ лампаларының сәулелері жоғары бактерицидті әсерге ие. Өндірісте 
БУВ-15, БУВ-30, БУВ-60 және басқа лампалар шығарылады.
Қабырғаға ілінетін және бөлме төбесіне ілінетін бактерицидті 
сәулеленгіштерді еденнен 1,8-2м биіктікте орналастырады. Ауаны стерильдеу 
адамдар жоқ кезде, есеп бойынша бөлменің 1 м
3
қуаттылығы 3 Вт болатын 
экрандалмаған лампалармен жүргізіледі. Стерильдеу уақыты 1,5-2 сағат.
Ауаны УК-радиациямен стерильдеу негізінде, ағзаға жағымсыз әсерін 
болдырмау үшін техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. 
УК-радиация шаншуға арналған суды да стерильдейді. Суды стерильдеу 
үшін батырылатын және батырмайтын УК-радиация көздері бар аппараттар 
қолданылады. Бірінші типтегі аппаратта кварцті шыны қаптамасы бар 
бактерицидті лампа, су құбырының ішіне орналастырылып, сумен айнала 


379 
жуылады. Батырылатын лампалы аппараттарда олар сәулелендірілетін судың 
бетінде орналастырылады. 
Ультракулгін сәулелі лампаларды дәріханаға түсетін рецептілерді және 
қағаздарды зарасыздандыру үшін қолдану орынды. Себебі олар ауа және 
ассистент қолының микробтармен ластауының негізгі бір көзі болып 
табылады. Сонымен қатар ультракүлгін радиациясы асептикалық жағдайды 
әзірлеуде маңызы зор, көмекші материалды және дәріханалық инвентарды 
стерильдеуге қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет