Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет318/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді қосымша ыдысқа 5 мл 
инъекцияға арналған суды құйып, 0,1 г пилокарпин гидрохлоридін, 0,07 г 
натрий хлоридін қосып, стерильді шыны таяқшамен ерігенше араластырады. 
Ерітіндіні алдын-ала сумен шайылған фильтр қағазы мен мақта тампоны 
арқылы (немесе стерильді шыны фильтр) нейтралды стерильді шыны флаконға 
фильтрлейді, осы фильтр арқылы инъекцияға арналған судың қалған 5 мл 
фильтрлеп қосады. Флаконды стерильді резина тығынмен бекітіп, ерітіндіні 
қарусыз көзбен жарықтандырылған ақ және қара фонда механикалық қоспадан 
тазалығын тексереді. Қажет болған жағдайда ерітіндіні қайта фильтрлейді. 
Содан соң металды алюминий қақпақпен айналдыра бекітіп тығындайды. 
Тығындау сапасын флаконды төңкеру арқылы анықтайды, ерітінді ақпау керек. 
Флаконға бирка ілінеді, онда ерітіндінің атауы, концентрациясы, дайындаған 
фармацевтің қолы қойылады. Ерітінді бу стерилизаторында 120 
0
С 8 минут 
стерильденеді. Стерильдеуден кейін, ерітіндіні салқындатып, механикалық 
қоспадан тазалығы, түстілігі, флаконның тығындау сапалығы тексеріліп
босатуға безендіріледі. Негізгі этикетка қызғылт түсті көзге арналған дәрілік 
түрлер үшін, ескерту этикеткалары – «Cалқын, жарық түспейтін жерде сақта», 
«Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». Флаконды гофрирленген көк қағазбен 
жауып ақ жіппен бекітіп байлап сургучпен мөрлейді, рецепт дәріханада есеп 
үшін қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі. 
Көз тамшыларында дәрілік заттың концентрациясының дәлдігіне, заттың 
дәл өлшенуі, әсіресе жазылған дәрілік заттың мөлшері 0,05 г төмен болса, әсер 
етеді. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін қолдануға 
болады. Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда дайындалады және 
стерильденеді. Көз тамшылар технологиясында бір компонентті және көп 
компонентті концентрлі ерітінділер қолданылады. 
Бір компонентті концентрлі ерітінділер тізімі: 
1. Глюкоза ерітіндісі
20% 1:5 
2. Калий йодиді ерітіндісі
10% 1:10 
3. Кальций хлориді ерітіндісі
10% 1:10 
4. Бор қышқылы ерітіндісі
4% 1:25 
5. Аскорбин қышқылы ерітіндісі
10% 1:10 
6. Натрий хлориді ерітіндісі
10% 1:10 
7. Натрий йодиді ерітіндісі
10% 1:10 
8. Рибофлавин ерітіндісі
0,02 % 1:5000 
9. Мырыш сульфаты ерітіндісі
1 % 1:100 
0,02% рибофлавин ерітіндісінде дайындалған көп компонентті (аралас) 
концентрлі ерітінділер тізімі: 
1. Глюкоза ерітіндісі
20% 1:5 
2. Калий йодиді ерітіндісі
10% 1:10 
3. Аскорбин қышқылы ерітіндісі
10% 1:10 
4. Бор қышқылы ерітіндісі
4% 1:25 
5. Натрий хлориді ерітіндісі
10% 1:10 
 


429 
Rp.: Zіncі sulfatіs 0,025 
 
Solutіonіs Acіdі borіcі 2 % - 10 ml 
 
Da Sіgna. 2 тамшыдан күніне 3 рет 
Жазылымда берілген мырыш сульфатының мөлшері 0,05 > 0,025 г 
аз. Сондықтан кейбір жағдайларда дәрілік заттың мөлшерін екі есе 
мөлшерде, яғни қол таразыда өлшеуге болатындай етіп алады. Бұл кезде 
қалған заттардың да жазылымдағы мөлшері көбейеді. 
Мырыш сульфаты 0,025 х 2 = 0,05 
Бор қышқылы
2 – 100 
х – 10
х = 0,2 г
0,2 х 2 = 0,4 
Инъекцияға арналған су 20 мл. 
Көз тамшысының изотондығы тексеріледі. Ол үшін 
Экв
мырыш сульфаты 
– 0,2 0,2 х 0,05 = 0,01 
Экв
бор қышқылы
– 0,53 0,53 х 0,4 = 0,22 
0,01 + 0,22 = 0,23 натрий хлоридіне сәйкес келеді 
0,9 – 100 
х – 20
х = 0,18 натрий хлориді 
0,18 < 0,23, сондықтан ерітінді гипертонды 
БП N 2 рецептіге 
Aquaе pro іnjectіonіbus 10 ml 
Zіncі sulfatіs 0,05 
Acіdі borіcі 0,4 
Aquaе pro іnjectіonіbus 10 ml 
V
ж 
= 10 N2 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет